Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Nur Otan партиясы өткізген праймериздің қандай пайдасы болды?

200

Эдуард Полетаевтың пікірінше, праймериз қазақстандық саяси алаңға қозғаушы күш болды.

Қазақстан үшін праймеризді жаңа электоралды технология деп санауға болады,

дегенмен сайлау тізіміне қосу үшін алдын-ала дауыс беруді кейбір партиялар бұрын да қолданған. Бірақ ол кең таралмады және іс жүзінде байқалмады, дейді саясаттанушы.

— Қазақстанда Nur Otan партиясы ашық партияішілік іріктеуді пайдалану туралы шешім қабылдады. Ол мұны ұлттық ауқымда жасады.

2020 жылдың 26 наурызында партия праймериз ұйымдастырудың  ережелерін  мақұлдады. Бұл партия басшылығының бастамасы болды.

Алдын ала сайлау мәдениеті

2020 жылдың шілдесінде Nur Otan партиясының праймеризінде дауыс беру негізінен онлайн режимінде өтеді деген шешім қабылданды. Саясаттанушы осы сәттен бастап елде алдын-ала сайлау мәдениеті ғана емес, сонымен бірге электронды дауыс беру мәдениеті де қалыптаса бастады деп санайды.

Ол үшін әлемдік тәжірибе зерделенді. Атап айтқанда,  Ресейлік «Единая Россия» партиясының тәжірбиесіне назар аударды. Онда праймериз 2020 жылдың 25-31 мамыр аралығында және толығымен онлайн режимінде өтті.

— Ресейде праймеризді өткізуге бір апта уақыт бөлінді. Қазақстанда олар 17 тамыздан 3 қазанға дейін, яғни жеті апта бойы өтті.

Сарапшы Қазақстанда жаңа тәжірибе біріздендірілгенін айтады. Яғни, партия карантиндік шектеулерді ескере отырып, бұл сайлауды жергілікті жағдайларға бейімдеді. Атап айтқанда, «Мықты көшбасшылар — мықты партия» қағидатын қолданды.

Пандемия саяси жағдайға қалай әсер етті

Эдуард Полетаевтың айтуынша, коронавирус пандемиясымен күрес және оның теріс салдары атқарушы органдарға деген сенімге селкеу түсірді.

— Партияның праймеризін өткізгенде кері байланыс қағидаттарына сәйкес, сауатты технологиялық сүйемелдеуге назар аудару маңызды болды. Жалпы, қоғаммен барынша жан-жақты байланыс орнату керек.

Қазіргі саяси жағдайдың тағы бір ерекшелігі неде? Бұрын Қазақстанда депутаттарды сайлау жеткілікті түрде ситуациялық, жиі мерзімінен бұрын болатын. Яғни сайлаудың үгіт-насихаты қысқа мерзімде жүргізілетін. Бұл әрқашан сайлау науқанының сапасы мен тиімділігіне әсер ететін.

Nur Otan партиясын қайта жүктеудің алдын ала қорытындылары 2019 жылдың тамыз айынан бастап партияның Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарына сайлау науқаны басталды айтуға мүмкіндік береді.

Жария пікірталастар — үгіт-насихаттың жаңа үлгісі

— Партияның пайымдауынша, қоғамдық пікірталас алаңдары үгіт-насихат жұмыстарының тиімді нысаны болды. Өткен жылы партия көшбасшысы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «бізге шешендер керек» деді.

Бүкіл әлемдегі оқу орындарында пікірталас тиімді білім беру құралы ретінде пайдаланылатыны бекер емес. Праймериз кезінде пікірталастар көп өткізілді.

Саясаттанушы олардың тиімді шешімдерді іздеуге ықпал ететініне сенімді. Атап айтқанда, өңірлердегі халықтың тілектерін анықтау. Бұл өз кезегінде саяси жүйенің дамуына оң әсер етеді.

Көшбасшылардың жаңа буыны

Заңнамалық өзгерістерге сәйкес

партиялық тізімдерде кемінде 30% әйелдер және 20% 35 жасқа дейінгі жастар болуы керек

Саясаттанушы Қазақстанда әйелдер мен жастар арасында көшбасшыларының жаңа буыны өсіп келе жатыр деп санайды. Олар өздерінің жеке күштерін қоғамның қоғамдық-саяси өміріне инвестициялай бастады.

Алда ақпараттық соғыстың жаңа кезеңі басталады, кейбіреулер жапа шегеді — Қалиев

Қазақстанның саяси партиялары оларды елдің саяси өміріне тартудың мемлекет үшін маңызды функциясын іске асыруда, дейді Эдуард Полетаев.

—Енді партиялар халықтың маңызды топтарын саяси әлеуметтендірудің, олардың мүдделерін білдірудің агентіне айналды деп айтуға да болады. Қазақстандық қоғамның елеулі бөлігін құрайтын нақ осы топтар қазіргі биліктің нақты әлеуетіне айналуда.

Қазақстан гендерлік алшақтық — әйелдердің саясатқа қатысу деңгейін айтарлықтай қысқартуға ниетті.

Сондай-ақ билік органдары үшін жастардың маңыздылығын мәлімдеді

Әлемнің көптеген елінде жастар саяси процесте белсенді бола бастады. Митингілер мен ірі наразылық акцияларына қатысады. Жаңа ұрпақ — бұл сайлаудағы электорат қана емес, кадр резерві де. Сарапшы жастарды саяси процестерге тартудың жаңа тетіктерін енгізу қажет деп санайды.

Праймериздің тәуекелдері

Бұрын саясатпен айналыспаған және жүйелі жұмысқа қабілетті емес, бірақ проблемалар туралы барлық микрофонға айқайлауға дайын популист кандидаттардың пайда болу қаупі болды.

Өз кезегінде партиялықтар өте консервативті дауыс берді. Аппараттық салмағы бар адамдар, ірі жұмыс берушілердің өкілдері немесе партия мүшелері қандай да бір себептермен жиі байланысатын адамдар жеңіске жетті.

— Партияішілік сайлауда жеңіске жету үшін әлеуметтік желілерде мыңдаған жазылушының болуы жеткіліксіз болып шықты. Праймеризде  көптеген танымал адамдар соңғы орындарға жайғасты.

Бұнда дауыс берушілердің, оның ішінде партиялық тәртіпті басқаратын және жалпыхалықтық сайлауда дауыс беретіндердің қалауындағы ерекшеліктер маңызды.

Дегенмен

бірқатар өңірде  дәрігерлер, педагогтар, ҮЕҰ өкілдері мен бизнесмендер жеңіске жетті. Квоталардың арқасында олардың арасында әйелдер мен жастар көп

Артықшылықтары

Праймериздің артықшылықтары:

  • онлайн дауыс беру, әзірленген ақпараттық жүйе және тиісті қосымша жұртшылық үшін кеңінен қол жетімді болды,
  • партия дауыс берушілердің дербес деректерінің сақталуы мен құпиялылығының қорғалуын және олардың ерік білдіру нәтижелерінің өзгермеуін қамтамасыз етті. Нәтижесінде партияның коммуникация процесіне онлайн технологиялардың тығыз интеграциялануы Қазақстандағы жаңа саяси тәжірибелердің тиімділігіне оң әсерін тигізді.

Түйін

Саясаттанушы праймериз өз өңірі мен елін дамытуға атсалысуға дайын адамдарға саясатқа араласуға мүмкіндік беретін өзіндік сүзгі, әлеуметтік лифт болды деп тұжырымдайды.

Nur Otan партиясы өз дамуының жаңа кезеңінде үнемі жаңартылып отыратын басқарушылар командасына айналды,

деген сенімде Эдуард Полетаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз