Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Үкімет пен әкімдіктер мемлекеттік қарыздың көлемін арттыруда

122
Дереккөзі: akchabar.kg

Естеріңізге сала кетейік, депутаттар мемлекеттік қарыздың абсолютті түрде өсуіне ғана емес, сонымен қатар ЖІӨ-ге де назар аударды. Биылғы жылы бұл қатынас шамамен 29,5%-ды құрайды, ал кейінгі жылдары 30%-дан асады. Оның лимиті 27% деңгейінде белгіленгенін ескере отырып. Мемлекеттік қарызға қызмет көрсету шығыстары да ұлғаяды – өткен жылғы 12,9%-дан 2022-2023 жылдары 23%-ға дейін жетеді.

Қаржы министрінің дамушы елдердің деректеріне жасаған сілтемесі депутаттарды сендірмеді, ал Мәжіліс спикері Қаржы министрлігінің басшысын одан да Африка елдерін мысалға алыңыз деп тойтарып тастады.

Қаржы министрлігінің сайтында осы тақырыпта жарияланған баспасөз релизінен  қазан айының басында  үкіметтік борышқа қызмет көрсету төлемдері 655,7 млрд теңгеге жеткенін аңғаруға болады.

Мемлекеттік қарыздың көлемі 19 трлн 674,1 млрд теңгені немесе елдің ЖІӨ-нің 28,2%-ын құрады. Алайда, соңғы көрсеткіштің динамикасы және оның құрамдас бөліктері пресс-релизде көрсетілмеген, бұл таңқаларлық жайт емес. Себебі осы мәселеге қатысты жағдай мәз емес.

Үкіметтің қарыздары

Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында мемлекеттік қарыз көлемі 7,9%-ға ұлғайды. Абсолюттік мәнде– 1 трлн 440,8 млрд теңгеге артты. Жылдық мәнде шамамен төрттен бір бөлікке (23,1%) немесе 3 трлн 695,8 млрд-қа өсті. Мемлекеттік қарыздың бұлай ұлғаюы алдын ала болжанған еді, өйткені мемлекет коронавирус пандемиясымен күресуге және экономикалық шығындарды өтеуге біршама қаражат жұмсауға мәжбүр болды.

Доллар баламасында теңгенің америкалық валютаға қатысты әлсіреуінің арқасында мемлекеттік қарыз біршама, 1,4%-ға, $45 млрд 806 млн-ға дейін ұлғайды, жылдық мәнде есептеу кезінде өсім 11,1%, абсолюттік мәнде – $4 млрд 585,5 млн артты.

Долларды кімдер сатып алуда: Шымкентте неліктен шетелдік валютаға сұраныс жоғары?

Мемлекеттік қарыздың негізгі құрамдас бөлігі Қазақстан Үкіметінің борышы. Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында ол 9,3%-ға немесе 1 трлн 333,5 млрд теңгеге өсті. Қазіргі уақытта Үкімет қарыздарының жалпы сомасы 15 трлн 702,7 млрд теңгені құрайды. Долларлық баламада өсім 2,7%-ды құрады. Абсолюттік мәнде — $977,2 млн-ға артып, $36 млрд 559,5 млн құрады.

Үкіметтің қарызы ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Олардың біріншісі негізінен «БЖЗҚ» зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің басым бөлігін құрайтын ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерден тұрады.

Үшінші тоқсанда Ішкі қарыз 10%-ға — 9 трлн 208,0 млрд теңгеге дейін өсті. Үкіметтің сыртқы борышы 8,3%-ға (496,6 млрд) – 6 трлн 494,7 млрд-қа дейін, американдық валютаға қайта есептегенде — 1,8%-ға немесе $267,9 млн — $15 млрд 121,1 млн-ға дейін ұлғайды.

Әкімдіктер мен Ұлттық банктің қарызы қанша?

Жергілікті атқарушы органдардың борышының үлесі жоғары – 18,7%-ға, 1 трлн 497,5 млрд теңгеге дейін өсті. Долларға шаққанда — 11,6%-ға, $3 млрд 486,6 млн-ға дейін ұлғайды.

Ұлттық Банкте ішкі қарыз басым. Оның көлемі 3,4%-ға — 3 трлн 173,1 млрд теңгеге дейін төмендеді. Долларлық баламада— 9,2%-ға, 7 млрд 387,6 млн долларға дейін қысқарды, бұл Ұлттық Банк нарықтан шығаратын «артық» ақшаның қысқарғанын көрсетеді. Бұның пайдасы басым, өйткені олар экономикаға оралады.

Қаржы министрлігі жүргізетін мемлекеттік қарыз статистикасында мемлекет кепілдік берген борыш пен мемлекет кепілгерлігімен берілген борыш та ескеріледі.

Біріншісі үшінші тоқсанда 9,2%ға — 903,5 млрд теңгеге дейін ($2 млрд 103,7 млн) өсті. Екіншісі 6,5%-ға — 28,6 млрд-қа дейін ($66,6 млн) азайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз