Мемлекет қатысатын компаниялардағы басшылық лауазымдағы әйелдердің үлесі 30%-ға жетуі тиіс.
— Мемлекет қатысатын жария компаниялардың басшылығындағы әйелдердің үлесі әлі де төмен, 5%-7%-ды құрайды. Бұл жағдай ел тұрғындарының жартысынан көбін құрайтын әйелдердің әлеуетін толық көлемде іске асыруға мүмкіндік бермейді, — деді Мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, кеңес мүшелері бұл мәселені жан-жақты пысықтап, мемлекет қатысатын компаниялардың басшы органдарындағы әйелдердің үлесін 30%-ға дейін арттыру туралы міндетті норманы енгізу қажеттілігі туралы ұсыныстар енгізді.
— Осы бастаманы кезең-кезеңімен жүзеге асыру туралы ойлануымыз керек деп ойлаймын. Бұл әйелдерге бизнес саласын тартымды етеді, Қазақстанның мамандандырылған халықаралық рейтингтердегі позициясын арттырады, — деп түйіндеді Тоқаев.