Дәрігерлер әлі күнге дейін адамдар көп жиналған жерден аулақ болып, гигиена талаптарын сақтауға кеңес береді.
Алайда, барлығы бірдей ұсынылған сақтық шараларын сақтамайды. Бұған жасырын өткізілген кештер және ойын-сауық орындарындағы адамдардың топтасып жүруі дәлел бола алады.
Наурыз-сәуір айларында бірнеше ресейлік ғалым коронавирус инфекциясын жер шарындағы адамдардың басым бөлігі жұқтыратынын мәлімдеген соң, инфекцияға сенбейтін адамдардың саны арта түсті.
Медицина ғылымдарының докторы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің балалар жұқпалы аурулар қызметінің жетекшісі Динагүл Баешева осыған қатысты өз пікірін білдірді. Дәрігер өзінің COVID-19-бен қалай ауырғанын айтты.
— Динагүл Аяпбекқызы, қазақстандықтарға вирус жұқтырудың алдын алу үшін не ұсынар едіңіз? Маска режимі мен әлеуметтік қашықтық туралы білеміз. Басқа да пайдалы кеңестер бар ма?
— Мен елімізде коронавирус инфекциясы басталған сәттен бастап 4 ай ішінде қазақстандықтардың алдында 100-ден астам рет сөз сөйледім. Нәтижесі қандай?
Дәрігерлерге әдейі құлақ аспайтын сияқты
Вирус жұқтырып алмас үшін кешенді тәсіл қажет. Жеке қорғаныс деген бар, сондай-ақ қоғамды қорғау бар. Жеке дегенеміз — адамның өзі вирус жұқтырып, ауырып қалуы мүмкін екенін түсінуі. Қоғамдық дегеніміз — көбінесе өз диагнозын білсе де, басқалардың қауіпсіздігіне қамқорлық жасауды маңызды деп санамайтындардың жауапкершілігі туралы.
Егде жастағы немесе созылмалы аурулары бар адамдар үшін коронавирус өте қауіпті, өліп кетуі де мүмкін.
Жастарда аурудың белгілері көбіне байқалмайды, олар вирустың инкубаторы болуы мүмкін, бұл өте қауіпті
Олардың денесіне түскен вирус көбейіп, одан әрі таралады. Аурудың қалай өтетіні толығымен науқастың иммундық жағдайына байланысты.
Әлі де адамдар көп жиналған жерге баруға болмайды. Себебі ойын-сауық мекемелерінде біздің жанымызда бейтаныс адамдар көп. Олар мен коронавирус инфекциясымен ауырып жүрмін деп қағазға жазып, ескертпейтіні анық. Мен бір нәрсені айтайын, басқаларға вирус жұқтыруға міндеттімін деп санайтындар бар. Сондықтан денсаулығымыз тек өз қолымызда.
— Маска вирустан қорғамайды, керісінше иммунитетті әлсіретеді деген пікір бар. Сіз келісесіз бе?
— Жоқ, әрине. Вирус ауада ұшпайды, ол сөйлесу немесе басқа байланыс кезінде адамнан адамға өтеді. COVID-19-да қанаттары жоқ және адам талғамайды. Науқас адамның сілекейінің микробөлшектері сөйлесу, жөтелу немесе түшкіру кезінде әртүрлі бағытта ұшады. Біз оларды көрмейміз.
Тәжірибе жасап көруге болады: телефонмен 30-50 сантиметр қашықтықта сөйлесіңіз. Содан кейін әйнекке қарасаңыз, оның бетінен сілекей тамшыларын көре аласыз
Мынаны есте сақтау өте маңызды. Сыртта жүрген кезде жуылмаған қолмен мұрынды, ауызды немесе көзді ұстауға болмайды.
Пандемиямен күресетін дәрігерлер халықты толығымен оқшаулау мүмкін емес екенін жақсы түсінеді. Бірақ біз азаматтардың қауіпсіздікті сақтаудағы жауапкершілігіне сенім артамыз. Сонда ғана денсаулық сақтау саласында шиеленіскен жағдайды болдырмай, вирус жұқтырған адамдарды сәтті емдей аламыз.
— Сіз маусым және шілде айларындағы вирустың таралуы туралы айтып отырсыз ба?
— Иә, өйткені қазір анықталғандар айсбергтің ұшы ғана. Вирус жұқтырғандардың көбі инкубация сатысында. Олар оқшауланып жатқан жоқ және ауруына байыпты баға бермеуде. Жағдайды түсінгендер, аман шыға алады.
Өзінің ауруын қабылдамағандар, аурудың жаңа ошақтарын түзеді. Жақындардың ортасындағы отбасылық мерекелерді қауіпсіз деп санау дұрыс емес. Дені сау болып көрінген, бірақ денесінде вирус бар бір адам 200 қонаққа инфекция жұқтыра алады. Содан кейін олар үнемі қолымызды жуып, маска кидік, қайдан вирус жұқтырдық деп таң қалады.
Коронавирус инфекциясын емдеу қиын, өйткені ол тамырларда жүйелі тромбоздардың түзілуіне себеп болады
— Коронавирусты жұқтырған кезде қандай созылмалы аурулар ең қауіпті және өлімге әкелуі мүмкін?
— Айтқанымдай, әр органда орналасқан қан тамырларының зақымдану қаупі бар. Бірақ ең ауыр зардабы қант диабеті және артериялық гипертензиясы бар науқастарда байқалады.
— Көптеген халықаралық сарапшы тиімді күресу үшін ұжымдық иммунитет қалыптасуы керек дейді. Яғни, олар адамдардың басым көпшілігі вирус жұқтыру керек дейді. Шынымен солай ма?
— Бұл туралы енді азырақ айтуда, өйткені қайта жұқтырғандар пайда болды. Яғни, вирустың мутациялану мүмкіндігі бар.
Егер сіз бір штамммен ауырсаңыз, екіншісімен ауырмайтыныңызға кепілдік жоқ
Мұндай фактілер бар. Сондықтан қазір елдердің көбі мұндай пікірдің қателігін түсініп, «ұжымдық иммунитет» деген сөзді айтпауға тырысуда.
— Сіз министрліктің балалар жұқпалы аурулары қызметіне жетекшілік етесіз. Коронавирус балаларға қалай әсер етеді? Ауыр синдромдардың пайда болуы қаупі бар дейді.
— Мен халықты ересектер мен балаларға бөлмеймін, өйткені барлығында қайғылы салдар болуы мүмкін. Біз олардың толық тізімін әлі білмейміз. Қазақстанда балаларда көпжүйелі қабыну синдромының бірнеше жағдайы тіркелген, ол өте қиын өтеді. Оны сондай-ақ «кавасакиге ұқсас синдром» деп атайды, өйткені ол коронарлық тамырларға зақым келтіріп, аневризм мен инфаркт пайда болады. Мен ағзалары мен жүйелері зақымданған осындай жағдайы ауыр балаларды емдедім.
— Адамдардың болашақта коронавирустың салдарымен ұзақ күресетіні туралы айтуға бола ма? Немесе аурудан толық қалпына келу мүмкін бе?
— Менің өзім коронавирус жұқтырып, өкпемнің 75 пайызы зақымданды. Емделіп шыққаннан кейін екі ай өтсе де, тек 30% қалпына келді.
Тамырлы эндотелийдің жасушалары мен органының жасушаларының зақымдануы қауіпті. Инфекцияның дозасы маңызды.
Неліктен дәрігерлердің ауруы асқынады? Олар науқастармен жиі кездескендіктен, инфекция дозасы жоғары болады
Менің диагнозым анықталғанға дейін мен жағдайы ауыр балаларға кеңес бердім. Сондықтан инфекцияның дозасы жоғары болды деп ойлаймын. Реанимацияда 10 күн жаттым, бұл кезде ауруым қатты асқынды.
— COVID-19-ға қарсы вакцина адамзатты құтқарады деп үміттенесіз бе?
—Қазір бүкіл әлем вакцинаға үміт артып, күтіп тұр. Тиімді вакцина инфекция көп адамның өмірін қиғаннан әлдеқайда ертерек пайда болады деп үміттенемін.