Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

АҚШ елшісі жақында шығатын «Борат-2» фильміне қатысты түсініктеме берді

311
Сурет: ҚР-дағы АҚШ елшілігі 

Сұхбат Америка елшілігінің Instagram парақшасында пайда болды.

«Жақын арада премьерасы өтетін «Борат» фильмінің жалғасы туралы сіздің пікіріңізді білгім келеді. Сіз фильмнің шығуын күтіп жүрсіз бе? Бұл америкалықтардың Қазақстан туралы пікіріне қалай әсер етеді? Ол Америка Құрама Штаттарындағы біздің еліміздің имиджіне қалай әсер етеді?» —

деп сұрады журналист.

«Шынымды айтсам, мен ешқашан фильмді толық көрген емеспін. Мен оның кішкентай үзінділерін көрдім, бірақ бірінші бөлімді толығымен көрмеппін, —

деп жауап берді Мозер. —

Екінші бөлігіне келетін болсақ, бұл жай ғана фильм ғой. Адамдар киноға барады, оны көреді, болды.

Америка Құрама Штаттарында тұратын он мыңдаған қазақстандықтарды нағыз елшілер деп атағанымыз дұрыс. Бір елдің екінші ел туралы не ойлайтыны, оған бармай-ақ, жеке байланыстар негізінде қалыптасады.

АҚШ-та Қазақстанның талантты өкілдері өте көп, олар өз елін шын мәнінде танытатын адамдар. Көрген және көрмеген кез келген фильмге қарағанда ел өкілдерімен құрған әңгіме-дүкен немесе байланыс көбірек мәлімет береді».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз