Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-8
USD
499
0.00
EUR
520
0.00
RUB
4.85
0.00

Қырғыздық тасқын – 2020

188

 

Оқиға қайталануда, бірақ тым жиі

Қырғызстандағы саяси ахуалдың кезекті шиеленісіне сырттағы бақылаушылардың ешбірі таңданбады. Араға уақыт салып саяси билікті күштеп өзгертетін оқиғалардың қалыптасқан циклдік сипаты қызығушылық тудырады. Нәтижесінде оқиға айналып келіп, қайталанатын сияқты. Дегенмен

кейіпкерлер  әр түрлі болағанмен, әрқашан бірдей схема қолданылады

Күрделі және жан-жақты саяси процеске қатысушылардың біреуінің билігінің күшеюі көптеген адамның наразылығын тудырады. Осы уақытқа дейін олар жағдайға әсер ете алмай келді,  бірақ осы жолы мүмкіндікті қалт жібермей, астанада митингіге шықты. Оқиға үкіметтік ғимараттардың жеңілісімен аяқталады. Содан кейін түрлі формада ұжымдық басшылықты орнатуға әрекет жасалады, бұл автоматты түрде бәсекелес топтардың бірінің күшеюіне әкеледі. Нәтижесінде мұндай топта бір үлкен ойыншы ерекшеленеді, ол үстемдікке ұмтылып,  жетістікке жетеді, ал енді биліктің дәмін татып келе жатқан кезде  қате жіберіп, процеске наразы қатысушылардың жаңа коалициясына тап болады.

Шартты теориялық көзқараспен қарағанда Қырғызстанда болып жатқан нәрсені демократиялық процесс деп атағың келеді. Бірақ бұл жерде мәселе қырғыз саяси қоғамдастығының қазіргі ұйымының айқын архаизмінен тұратынын атап өткен жөн.

Қырғызстандағы төңкерістің ерекшеліктері

Неліктен Қырғызстанда кезекті төңкеріс  қиын, қатал және сонымен бірге тез арада өтеді? Себебі қоғам бір жағынан патронаттық клиенттік желілер, екінші жағынан, трайбалистік желілер арқылы тым сегменттелген. Дегенмен, шын мәнінде, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Қырғыздың саяси сахнасында ойыншылар көп. Кез келген бұрынғы шенеунік, бизнес немесе аймақтық саясат саласындағы ықпалды адамның бір топ клиенті бар.

2005 жылғы бірінші қырғыз төңкерісінен кейін олардың саны айтарлықтай өсті. Қоғамдық саясаттың рөлінің артып, оған тұтынушылар саны тікелей әсер етті. Бір жағынан, митинг белсенділігі тұрғысынан. Екінші жағынан, электоралды қолдауды қамтамасыз етті. Сондықтан, егер президент Асқар Ақаевтың кезінде мемлекеттегі ықпалды тұлғаларға көп клиент қажет болмаса,  2005 жылдан кейін биліктің күші тікелей клиенттер санына байланысты болды.

Көсемдер мен оларды қолдаушылар

Нәтижесінде патронаттық негізде бәсекелестік орта пайда болды. Саясаткердің күші мен оның мүмкіндіктері клиенттердің қолдауына байлаысты болды. Ал адал клиенттерді қалай жалдауға болады. Оларға да өз кезегінде қолдау көрсету керек. Яғни бұдан саяси күрестің ауырлығын аңғаруа аламыз. Күшті саясаткерлерге өз клиенттерін, қолдау топтарын қамтамасыз ету үшін күш қажет. Сондықтан көбірек клиенттер жинап, басқа топтармен келісе алатындар жеңіске жетті. Бірақ күресте жеңіске жеткен адамның өз міндеттемелері бойынша жауапкершілігі де жоғары болады. Тиісінше, жеңімпаз мұны негізінен жеңілгендердің есебінен жасайды.

Жеңілгендер мүмкіндіктің пайда болғанын күтіп жүреді. Бірақ олардың көптеген клиентінің наразылығы ынталандырушы фактор болып,  Бішкектегі алаңдарда ұйымдастырылған қатаң шаралар қабылдауға дайын адамдарға бірікті. Себебі әр саясаткердің біршама  клиенті бар, ал осындай бірнеше клиенттер тобын біріктірсе, олар айтарлықтай көп болады. Іс жүзінде бірнеше жақсы ұйымдастырылған және ынталы адамдар тобы жиналды. Біз мұндай жағдайды 2005 жылы, Ақаевты, 2010 жылы Құрманбек Бакиевті құлатқан кезде көрдік, енді міне 2020 жылдың қазан айында тағы бір мәрте куә болып отырмыз. Ақырында оларға қала тұрғындарының маргиналды тобы қосылды.

Ешкім сабақ алған жоқ

Тиісінше, кез келген билік өзінің айналасында  бұрынғы ықпалды адамдар басқаратын ықтимал наразы және жақсы ұйымдастырылған топтар екенін ескеруі керек. Өздеріне дейінгілерлің қайғылы тәжірибесін ескергені жөн. Бірақ шындығында, ешкім өткеннен сабақ алмаған.

2010 жылдан кейін көп уақыт өтті. Кейбір қырғыз саясаткерлері көше күшін қолдануға тырысты және өздерінің қолдау топтарын, клиенттерін жинады. Бірақ жалғыз-жарым әрекет еткен бірде-бір топ жетістікке жете алмады. Мұндай жергілікті топтардың жетекшілері өз талаптарын қойып, билікпен келіссөздер жүргізді немесе түрмеге отырды. Тиісінше 2005 және 2010 жылдардағы тәжірибе енді жұмыс істемейтіндей көрінді.

Бірақ президент Алмазбек Атамбаевтың жағдайы тіпті мықты әрі белсенді саясаткер де өзіне қарсы құрылған, 2019 жылы қазіргі президент Сооронбай Жээнбеков басқарған коалицияға қарсы тұра алмайтынын көрсетті. Жээнбеков Атамбаевтың клиенттік желісіне кірсе де, онымен уағдаластықты бұзып, көптеген ықпал ету тобының наразылығына сүйене отырып, жеңіске қол жеткізді.

Екіге бөлінген Қырғызстан

Бұл жерде Қырғызстанда солтүстік пен оңтүстікке шартты бөліну бар екенін еске салған жөн. Бұл өте шартты, өйткені оңтүстікте де, солтүстікте де  бір-бірімен түрлі коалицияларға біріккен көптеген клиенттік желілер бар. Тиісінше, олардың қарым-қатынасы қайшылыққа толы. Сондықтан 2019 жылы Атамбаевтың құлдырауына  Солтүстік саясаткерлер мен оған байланысты ықпал ету топтары қолдамауы себеп болды.

Жээнбековтың жеңісі коалициялық болды. Бірақ билік бекітілгеннен кейін ол өзіндік патронаттық желі мен одақтастарының есебінен оны нығайту сценарийін жүзеге асыра бастады. Жаңа билік Атамбаевты және оның бірқатар серіктестерін қамауға алып, өте қатал және шешуші қадамдарға барды. Бұл айтарлықтай үлкен тәртіпсіздікке әкелген жоқ, өйткені Атамбаевтың жақтастары ғана наразы болды.

Жээнбеков Қырғызстандағы табысты дүниелердің барлығын өзіне және өз адамдарына аударуға тырысқан шығар

Тиісінше, ол көптеген басқа саясаткердің жағдайын күрт нашарлатты. Жээнбеков Қырғызстанның оңтүстігінен, Жалал Абад облысынан келген саясаткер болғандықтан, бұл процестің бенефициарлары арасында салыстырмалы түрде  оңтүстіктердің көбірек болуы түсінікті  жағдай.  Ал наразы болғандардың көпшілігі елдің солтүстігінің тумалары.

Тым қымбатқа түскен сайлау

Осы тұрғыда парламенттік сайлау Қырғызстанның саяси өміріндегі маңызды сәт болды. Оның нәтижесіне қарай Жээнбеков пен оның жақтастары билікте түпкілікті нығая ала ма, жоқ па белгілі болуы керек еді. Биліктің қазіргі конфигурациясында парламент ерекше рөл атқарады.

Яғни, Жээнбеков үшін мәселенің бағасы өте жоғары болды. Ол Атамбаевты және басқа да бірқатар саясаткерлерді тұтқындаса, шегінерге жол болмайтынын түсінді. Оған тек толық және сөзсіз  жеңіс қажет болды.

Нәтижесінде 7% кедергіні ескерсек, Парламентке тек төрт партия ғана өтті. Жээнбековтің партиясы «Бірімбік», екіншісіоның жақтаушысы Райымбек Матрайымовқа жақын «Мекенім Қырғызстан», оған адал үшінші «Қырғызстан» партиясы және төртінші «Бутун Қырғызстан». Алғашқы екі партияның әрқайсысы 20 пайыздан, екінші екеуі шамамен 8% жинады.

Шын мәнінде, дәл пайыздар мұнда үлкен рөл атқармайды. Ең бастысы, сайлау қорытындысы бойынша Қырғызстан парламентіне тек үкіметшіл партиялар ғана емес, Қырғызстанның оңтүстігінен шыққандар басым болған партиялар өтті. Бұл «Бутун Қырғызстан» үшін де тән. Тек «Қырғызстан» партиясын солтүстіктің тумасы Қанат Исаев басқарады, бірақ бұл партия да Жээнбековке адал.

Наразылар шоғыры

Әрине, бұл жағдай 6 қазан сейсенбіге қараған түні болған оқиғаларда үлкен рөл атқарды. Егер жоғарыда келтірілген схеманы еске түсірсек, Жээнбеков пен оның жақтастары осы сайлау барысында жалпы үстемдікті қалайтындарын көрсетті. Бірақ

Солтүстіктік әсер ету топтары  биліктің ұзақ уақыт бойы оңтүстік топтардың қолында қалатынын түсінді. Тиісінше, ешкім жеңілгендерге ешкім құлақ аспайды

Бұл жағдай наразы адамдардың шоғырлануына себеп болды, олардың арасында әсіресе солтүстіктер көп еді. Астана солтүстікте орналасқан, оларға өз жақтастары мен клиенттерін жинау оңайырақ. Сонымен қатар, елордадағы көптеген билік өкілі, соның ішінде полиция да жергілікті тұрғындар.

Сондықтан болар, полиция демонстранттарға көп қарсылық танытпады. Күштік органдардың ешқайсысы қатаң шаралар қолданбады.

Бірінші кезекте наразылық білдірушілер Атамбаевты және оның жақтастарын босатып, жергілікті мемлекеттік қауіпсіздік комитетін тұтқындарды беруге мәжбүр етті. Бұл адамдар нақты уәжді болды. Маргиналдар үкіметті тонап жатқанда, олар саяси мәселелерді шешті.

Сондай-ақ, 6 қазанда елдің солтүстігінде Талас және Ыстықкөл және орталығында Нарын облыстарының үш облысының губернаторлары отставкаға кетті. Олар халықпен бірге екендіктерін мәлімдеді. Бұл солтүстіктің толығымен шоғырланғанын тағы бір рет растады. Ал оңтүстікте Желалабад облысының губернаторы отставкаға кетуден бас тартты.

Мүдделер теңгерімі

Президент Жээнбеков сайлау нәтижелерін қайта қарап, жаңасын өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Алайда бұған оның қарсыластары келісе ме, олар жағдайды соңына дейін өз мақсаттарына пайдаланғысы келмей ме деген сұрақ туындайды? Атамбаевтың Жээнбековке қояр сұрағы көп екені түсінікті. Бірақ жеңімпаз саясаткерлер мен олардың ықпал ету топтарының өз ниет-тілектері бар. Демек, қазірдің өзінде тағы бір қарама-қайшылыққа себеп бар.

Дегенмен жақын арада қырғыз элиталары мүдделер теңгерімін қалыптастыруға кезекті талпыныс жасайды. Ол үшін 6 қазанда Үйлестіру кеңесі құрылды, оған 5 партия, оның ішінде Атамбаевтың социал-демократтар партиясы және Омурбек Бабановтың солтүстігінен шыққан тағы бір ықпалды саясаткердің «Республика» партиясы кірді. Бірақ сонымен бірге оны Оңтүстіктен шыққан «Бутун Қырғызстан» көшбасшысы Адахан Мадумаров басқарды. Бұл партияның құрамына  КСРО кезіндегі қырғыз Компартиясының бірінші хатшысының Ұлы Исхак Масалиев, сондай-ақ Оңтүстік отбасынан шыққан Абсамат Масалиев кіреді.

Бірақ мұндай әрекет, қазіргі қырғыз саясатынындағы патронаттық клиенттік желілердің бәсекелестігін жоймайды. Демек, жақын болашақта кешегі оқиғалардың қайталану ықтималдығы өте жоғары болып қала береді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз