Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Мәжілісмен банктердің «қара тізімін» тазалауды ұсынды

486
Сурет: kleo.ru

Карантинге байланысты кейбір отандасымыз кіріс көзін толығымен немесе  бір бөлігін жоғалтып, қазір ақшаға мұқтаж.

Қандай да бір себептермен банктен несие ала алмайтындар микроқаржы ұйымдары мен ломбардтардың қызметіне жүгінуге мәжбүр

Бірақ олардың пайыздары жоғары.

«Қара тізімге» енгендер көбейді

Депутат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың атына сауал жолдап, онда статистикалық деректерді келтірді.

2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банктердің тұтынушылық кредиттерінің көлемі 4 трлн теңгені құрады. Тағы 345 млрд микроқаржы ұйымдарына, шамамен 100 млрд — онлайн-несиелеуге тиесілі.

Пандемия мен өткен карантиннің салдарынан көптеген адам табысынан айырылды, енді оларға міндеттемелері бойынша төлем жасау қиынға соғуда. 16 наурыздан 15 маусымға дейін 2 миллионға жуық азамат қарыз төлеу мерзімін кейінге қалдырды.  Көбі (бәрі болуы да мүмкін) банктің «қара тізіміне» енді.

— 2019 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарының тұтынушылық несие бойынша борыштары есептен шығарылды. Бірақ несие алу шарттары күшейтілді. Ай сайынғы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (32 668 теңге) төмен азаматтарға несие беруге тыйым салынды. Несие алу үшін кем дегенде соңғы үш айда ресми кірісі болуы керек. Яғни, егер адам соңғы үш айда тұрақты табысы болмаса, оған несие берілмейді, — деп еске алды депутат.

Сондай-ақ,

барлық қарызын төлесе де,  несие тарихының жағдайы да  несие алуға кедергі келтіреді

Депутаттың айтуынша, 1,4 миллион отандасымызда қазір осындай жағдайға тап болған. Нәтижесінде адамдар банктен жаңа несие алу мүмкіндігі жоқ және МҚҰ-ға, ломбардтарға және онлайн компанияларға баруға мәжбүр. Бірақ олардың ставкалары банктің ставкаларынан әлдеқайда жоғары.

— 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банктердегі өркениетті тұтынушылық кредиттердің орташа айлық көлемі шамамен 30%-ға төмендеді. Сонымен қатар ломбардтар мен микрокредиттік ұйымдардың несиелері 20%-ға ұлғайған. Нарықты бақылау мүмкін емес, сондықтан бұл шамамен айтылған мөлшір, — делінген сұрауда.

Қазір несиені тойға емес, күнін көріп, аман қалу үшін алады

Бұдан әрі мәжілісмен «популизмге бой алдырмай» несие жүктемесін азайтуды ұсынды. Бұл үшін:

  • банктер мен МҚҰ-дағы ұқсасқаржы өнімдері бойынша бірдей реттеу ережелерін белгілеу;
  • несие тарихын «қалпына келтіру» және қарызын төлеген адамдарды «қара тізімнен» алып тастау;
  • жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру бағдарламасын әзірлеу және қабылдау.

— Халықтың тұтынушылық несиелерінің 98%-дан астамы 3 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды. Сондықтан мерзімі 90 күннен асатын, осы сомадағы  тұтынушылық қарыздарға оңалту мүмкіндігі берілуі керек. Сондай-ақ осындай қарыздар бойынша

айыппұлдар мен өсімпұлдарды, сыйақыны есептеуге тыйым салу қажет

және адамдарға қарызды кейінге қалдыру, бөліп төлеу, ай сайынғы төлем мөлшерін азайту, пайыздардың, өсімпұлдар мен айыппұлдардың бір бөлігін есептен шығару арқылы түрлі жолдарды ұсынған жөн. Осындай бағдарламадан өткеннен кейін және қарызды өтегеннен кейін оның қатысушылары өздерінің несие тарихын толық оңалтуға тиіс, — деп түйіндеді депутат.

Пайызын төмендетіп, салықты көтеру керек

Бұған дейін Мәжілістегі басқа фракциялардың өкілдері несие тақырыбына назар аударған болатын. «Ақ жол» депутаттары тұтынушылық қана емес, сонымен қатар ипотекалық және ШОБ кредиттерінің мөлшерлемесін 7-8% – ға дейін төмендетуді сұрады. Сонымен қатар, «жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасын дайындау қажет дейді,

Коммунистер бұдан арғыға барып, карантинге дейін үнемі салық төлегендер үшін несиелік рақымшылық жасауды ұсынды. Олар жеке және заңды тұлғалардың да қарыздары кешірілсін дейді. Алайда кейбіреулер төлейтін салық мөлшерін көтеруді де ұсынды.

— Азаматтардың мұралары мен үстеме кірістеріне салық салуды ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін, 30%-ға арттыру,

жеке тұлғалардың ақша аударымдарына, компаниялардың таза кірісінің 10%-ын сыртқа шығаруына салық салу, тұрғын үй объектілерінің саны бойынша үшінші және одан да көп, азаматтардың коммерциялық жылжымайтын мүліктерінің екінші және одан да көп объектілерінің әрқайсысына  салынатын салықты 2 есеге көбейту, ірі шетелдік технологиялық компаниялардың жергілікті кірістеріне 3% сандық салық енгізу керек, — делінген коммунистердің сұрауында.

Екі топтың дәлелдері бірдей. Бұл карантин нәтижесінде халықтың (сондай-ақ ШОБ өкілдерінің) табысының күрт төмендеуі,

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз