Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Қостанай облысының әлеуметтік қорғау департаменті 2750 теңгелік масканы мемлекеттік сатып алуға қатысты пікір білдірді

Дереккөзі: gkgz.ru

Тиісті лот мемлекеттік сатып алу сайтында пайда болды. Мәліметтерге сейкес,  облыстық Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті көрсетілген бағамен 118 маска сатып алған, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Департамент басшылығы түсініктеме берді. Бөлімше директоры Мұрат Мұратбековтың айтуынша, бұған бухгалтердің қателігі себеп болған, бірақ жағдай орынсыз шығынмен аяқталған жоқ.

«Департамент бухгалтері мемлекеттік сатып алу жоспарын порталда орналастырған кезде бағандарды шатастырған. Біз 118 теңгелік  2700 маска сатып алғымыз келді, бірақ бәрі керісінше болып шықты. Содан кейін бухгалтер хабарландыруды көріп,  жеткізушілерге жағдайды түсіндірді», —

дейді Мұратбеков.

Лауазымды тұлғаның айтуынша,  жеткізушілер департаментке  масканың біреуін 118 теңгеден сатқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз