Үндістанның Уттар-Прадеш штатының Сихари ауылында питон ашкөздік танытты.
Жексенбі күні, 27 қыркүйекте ауыл тұрғындары іші ісінген питонды тауып, орман департаментінің өкілдерін шақырды.
Раджив Кумар (Ravi Kumar) орман департаментінің мамандары оқиға орнына дереу келгенін айтады. «Біздің команда жыланды алып, оны жақын маңдағы орманға жіберді. Болжамымызша, питон үлкен ешкіні жұтып қойғандықтан қозғала алмай қалған», — деді ол.