Танымал әнші жарын еске алды.
Әнші тіпті оның сүйікті бас киімін шығарды. Жүнісованың әлеуметтік желіде жариялаған видосынан оның жарын қалай сағынғанын көруге болады. Күннен қорғайтын көзілдірік кисе де, Мақпалдың көз жасын тыя алмағыны байқалды.
«Зәкеңнің Төтеншеде қызметте болғанда киген бас киімі жоғарыда тұрушы еді, бүгін құран бағыштап болғасын, есік алдында киіп алып, біраз сәттерді еске алдым, жатқан жеріңіз жарық болғай» — деп жазды әнші.
Естеріңізге сала кетейік, Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы 12 қарашада, 61 жасында өмірден озды.