Ауыл шаруашылығы министрі егін былтырғы жылмен салыстырғанда жақсы шықты, сондықтан экспорт көлемі артады деп мәлімдеді.
Басқа елдерге қатысты жағдайды айтатын болсақ, Ауғаныстанға шығарылатын экспорт көлемі айтарлықтай артты. Бұл елмен жасалған мәмілелер көлемі бір жыл ішінде $25,3-тен 58,1 млн-ға дейін өсті. Бірақ Қытайға экспортталатын астықтың пайдасы екі есеге дейін қысқарды (тиісінше 49,9 және 23,1 миллион доллар). Басқа нарықтарда шығындар бар: мысалы, Түркияға экспорт 28,9 млн доллардан 1,9 млн долларға дейін төмендеді, ал Грузияға мүлдем тоқтады (-$11,6 млн).
2019 жылмен салыстырғанда арпа экспорты да үштен бірге азайды. Статистика комитетінің деректері бойынша 7 айда жалпы сомасы 104,7 млн долларға 575,9 мың тонна арпа шетелге кеткен, бір жыл бұрын 160,1 млн долларға 837,4 мың тонна өнім сатылған.
Иранға жеткізілетін экспорт көлемі де қысқарды, олар бұрын қазақстандық арпаның 80%-ға жуығын сатып алатын. 2020 жылғы қаңтар-шілдеде мәмілелер көлемі $82,5 млн құрады, бұл 2019 жылғы деңгейден екі есе аз.
Білім министрлігінің жаңа қағазы Қазақстандық ЖОО-лардың шетелдегі мәртебесін арттырмайды — Смирнова
Әзірге басқа балама нарық жоқ. Қытайды негізгі сатып алушы ретінде қарастыруға болады. Биыл Аспан асты еліне $11,3 млн-ға арпа саттық, ал бір жыл бұрын бар болғаны пайда $1,1 млнды құраған еді.
Бірақ ұн экспорты артты. Нақты көлемі бар болғаны 1,6%-ға артса да, түсім бірден 30%-ға — $236 млн-ға дейін ұлғайды. Бұған біріншіден, импортты бірден $40 млн-ға өсірген Ауғанстан себеп болды. Қазір қазақстандық ұн экспортының 65%-ы осы бағытқа жіберіледі. Екінші орында Өзбекстан — $42,9 млн.
Үкімет экспорт көлемінің артатынына кәміл сенеді. Республиканың ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, «Астықтың сапасы жақсы. Қытайға жіберілетін бидай (HI—Pro) экспортын ұлғайтуға болады». Негізгі нарықтар: Орта Азия елдері мен Ауғанстан.
Айтылған деректерге қарағанда, егін де экспортты арттыруға көмектеседі. Қазір жалпы ауданның 93,4% жиналды. Орташа өнімділік гектарынан 12,3 центнерден болса, 18,2 млн тонна астық соғылды. 2019 жылы – 11,4 млн тонна. Ең бастысы, биылғы жылы астық көлемі ғана емес, сапасы да жақсы.
«Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына тапсырылған бидайдың жалпы көлемінің 83,8%-ы 1-3-сыныптарға жатқызылған. 2019 жылы бұл көрсеткіш 67,2% құрады.
Тиісінше, 4-5 сыныпты және сыныпты емес бидайдың үлесі 2019 жылмен салыстырғанда 32,8%-дан 16,2%-ға дейін төмендеді. Ал жоғары сұранысқа ие 28% және одан жоғары глютені бар HI-Pro жоғары сапалы бидайы өткен жылғы 42,8%-ға қарағанда 59%-ға жетті» — деп атап өтті министр.