Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Жаңа қатаң карантин енгізілсе мемлекет жәрдемақы төлемдерін еңсере алмауы мүмкін — Своик

178

Егер пандемияның жаңа толқыны басталса, бюджетте ақша жетпей қалуы мүмкін. Бұл мемлекет беретін жәрдемақыға да әсер етеді.

Ковид — бұрынғы проблемалармен астасқан тағы бір күрделі проблема

— Петр Владимирович, пандемияның екінші толқыны басталып, қайтадан карантин енгізілуі мүмкін деген болжамдар пайда болды. Қалай ойлайсыз, біз бұндай жағдайға дайынбыз ба?

— Жаңа толқын туралы айту үшін алдымен біріншісін еске түсіру керек.  Жалпы әлемдік және қазақстандық масштабтағы пандемия жаһандану үрдісіне қатты әсер етті.

Қазақстанда пандемия бұрыннан бар проблемаларды ушықтыра түсті.

— Ол қандай проблемалар?

— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметке кіріскенге дейін де реформалардың қажет екені туралы үнемі айтылып келді.

Бұл тезис сайлауалды бағдарламада да, бірінші Жолдауда да, 2020 жылы Үкіметтің кеңейтілген отырыстарында да сөз болды. Ол әрдайым теңселіп жүретін уақыт жоқ, түбегейлі өзгерістер қажет екенін айтты.

— Мәселен қандай проблемалар? Кем дегенде, қандай салада?

— Сыртқы экономикалық қызметте «шарықтау шегіне» жеттік. Бұл жағдай 2013 жылы болды, енді қайтадан артқа кетіп бара жатырмыз.  2019 жылы коронавирус болмаған кезде және мұнай бағасы жоғары болған кезде, біздің негізгі сыртқы экономикалық көрсеткіштеріміз (экспорт, импорт және ЖІӨ доллармен) 2010 жылдың деңгейінде болды. Түсінікті себептерден 2020 жылы бұдан да төмен болады.

2019 жылы төлем балансының ағымдағы шотында үлкен минус пайда болды. Өйткені

жыл сайын шетелдік инвесторлар мен олардың кредиторлары сыртқа әкететін кіріс көлемі артуда

2019 жылы сыртқа шығарылған кіріс көлемі экспорттық кіріс көлемінен асып түсті. Егер қателеспесем,  шамамен 5,5 млрд АҚШ доллары шығын келді.

Квазимемлекеттік қаржыландырудың пайдасы жоқ

— 2020 жылдың қорытындысы бойынша төлем балансының шоты оң деңгейде. Бұған экспорт пен импорт көлемінің қысқаруы ғана емес, сыртқа шығарылатын кіріс көлемінің төмендеуі де әсер етті. Бірақ инвесторлар ары қарай да сыпайылық сақтап, кірісін шығару туралы ойланбайды деп үміттенуге болмайды.

— Соңғы уақытта мұнайдан түсетін табыс та азайды.

— Дәл солай. Мұнай бағасы бұдан бұрынғы жылдары, біздің экономикамыз дамып келе жатқан кезде де  үлкен пайда әкелмеді. Сыртқы экономикалық қызметтің негізгі секторы дағдарыста, оның болашағы жоқ. Бұл туралы Тоқаев биылғы Жолдауында да айтқан болатын.

Ел ішіндегі экономикалық өмірді суррогат квази-нарықтық әдістер қамтамасыз етеді. Бұл бюджеттен қаржыландыру, квазимемлекеттік сектордың жаппай сатып алулары. Саланың жағдайы айтарлықтай  жақсы, әйтпесе мұндай қаржыландыру  болмас еді. Ақшаны оңды-солды тарататын түрлі мемлекеттік бағдарламалар да осының дәлелі.

Мұндай ақшалай үлестірумен қамтылған нәрселердің пайдасы аз және қандай да бір өсім байқалмайды.  Бірақ

мұндай жүйенің көмегімен маңызды қосымша ресурс алу мүмкін емес

Бұл пандемияға дейін болды,  қазір жағдай тіптен нашарлады.

Экономиканың жартысына жуығы бұл квази мемлекеттік қаржыландыруға мүлдем жатпайды. Елімізде құрылымдық жұмыспен қамту аясында еңбекке қабілетті халықтың жартысына жуығы ресми түрде жұмысқа орналастырылды. БЖЗҚ жарналарына қарағанда, олардың саны 5 млн адамнан аспайды. Ал еңбекке қабілетті халық 10 миллионға жуық, ал жүйедегі адамдардың жағдайы жақсы болса, басқалары өздерін қандай да бір деңгейде қолайлы сезінеді. Бірақ проблемалар басталса, екіншілері көбірек зардап шегеді. Вирустың алғашқы толқында осы адамдарға 42 500 теңге төлеуге тура келді.

БЗЖҚ-дан нақты инвестициялық жүйе жасауға мүмкіндік бере ме?

— Егер жаңа толқын болса, негізгі соққы қайтадан екінші топтағы адамдарға тие ме?

— Иә, бірақ үкіметтің ақша бөлетін мүмкіндігі болмай қалуы мүмкін

Қазіргі модель ары кетсе тағы бір-екі  жыл жұмыс істейді.

Қаржыландыруды арттыру үшін бұл модельді өзгерту қажет. Мысалы, сыртқы экономикалық қызметтегі ұлттық егемендікті қалпына келтіргеніміз жөн. Яғни

мәмілелерді қазіргідей оффшорға емес, ұлттық юрисдикцияға беру

Немесе жинақтаушы зейнетақы жүйесін ішкі экономиканы дамыту жөніндегі нақты инвестициялық жүйеге айналдыру. Бұлай жасасақ  үлкен революция болады.

Жалпы алғанда  маңызды нәрсе жасау үшін қазіргі экономикалық ағындарды қайта бөлу қажет. Біреуге беру үшін басқа біреуден алу керек. Мысалы, экспорттаушылардан. Олар шикізатты белгілі бір трансферттік бағамен

 шетелдік тарапқа сатады, ал бұл Тарап нақты нарықтық бағамен қайта сатады

Қазақстан тыс жерде осы екеуінің айырмасынан пайда көреді. Оның  көлемі аз деп айтуға да келмейді. Егер оны ұлттық юрисдикцияға тартсақ, көп нәрсе жасауға болар еді. Бірақ ешкім бұндай мәселені көтергісі келмейлі.

Саяси ресурстар керек

— Президент өткен Жолдауда квазимемлекеттік компаниялар өз шоттарын оффшорлардан Қазақстанға ауыстыруы тиіс екенін мұқият айтқан болатын. Бірақ біз ешқандай практикалық қызметті байқамаймыз.

Тағы бір мысал келтірейін. Жинақталған 12 трлн ЖЗҚ-ны ішкі инфрақұрылымды инвестициялау үшін пайдалануға болады, бұл да оны жақсы қолдай алар еді. Президент жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру туралы мәселе көтерді, бірақ үкімет ештеңе жасаған жоқ.

Яғни, маңызды саяси ресурстар қажет, бірақ оларды әлі ешкім көрсетпейді. Жемқорлармен күресіп,  несиелік рақымшылықты талқыланғанды жөн көреміз. Мұның бәрі  қызықты, бірақ мұндай әрекет ештеңені өзгертпейді. Себебі оның қалыптасқан экономикалық ағындарды қайта бөлуге ешқандай қатысы жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз