Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Карантинде ноутбуктер рекордты көлемде сатылды

145

Төтенше жағдай мен карантин жарияланғаннан кейінгі алғашқы күндері ноутбук  халыққа ең маңызды және  қажетті заттардың бірі болды.

Сарапшының айтуынша, көптеген клиент Интернет-дүкендер арқылы сатып алуға көшкендіктен сатылым көлемі азайды.

Сатылымдардың статистикасы

«GFK Қазақстан» зерттеу компаниясының деректеріне сәйкес тұрмыстық техника және электроника секторындағы  барлық тауар тобы бойынша сату көлемі

2020 жылғы қаңтар-шілде аралығында 405,9 млрд теңгені құрады

Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 1.8%-ға жоғары.

Сәуірден шілдеге дейінгі кезеңде сатылым көлемі айтарлықтай төмендеді. Осы айларда жалпы сату 207,9 млрд теңгені құрап, 14%-ға төмендегенін көрсетті. Алайда, жалпы құлдырау жағдайында тұрмыстық техника мен электроника секторында бірқатар санаттар бойынша өсім байқалады.

2020 жылдың алғашқы жеті айында ноутбуктер сатылымы біршама артты. Осы санат бойынша

жалпы айналым 35,1 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 55%-ға жоғары

Ноутбук сатып алғанда

  • Қазақстандықтардың шамамен 55%-ы 200 мың теңгеге дейінгі баға сегментін таңдады,
  • 82,1%-дан астамы дисплей өлшемі 15-тен 15,9 дюймге дейін болғанын қалаған,
  • шамамен 18,6%-ы ноутбуктермен ойын ойнауға болатынына көңіл аударған

2019 жылдың қаңтар-шілде айларында 89 мың клиент ноутбуктерді бөлшек сауда дүкендерінен, 18,8 мыңы — онлайн сатып алды. 2020 жылы бөлшек сауда дүкендерінен 95 мың ноутбук, ал онлайн — дүкендерден 57,5 мың ноутбук сатып алынды.

Осылайша, 7 айда ноутбук сатылымының өсуі бөлшек сауда дүкендерінде 6%, онлайн режимінде 206%-ды құрады.

Ноутбуктер сатылымының жалпы өсімі 40%-ды және қаржы тұрғысында 55%-ды құрады. Ноутбуктің орташа құны 10%-ға, 208,9 мың теңгеден 230,2 мың теңгеге дейін өсті.

Бәріне бірдей ноутбук жетпеді

Алайда тұрмыстық техника мен электроника нарығының өкілдері клиенттердің ноутбук сатып алуға деген сұранысын толық қанағаттандыра алмады.

Дүкен сөрелерін қажетті тауарлармен қамтамасыз етуге мына мәселелер кедергі болды:

  • әлемдік нарықта ноутбукке сұраныстың жоғары болуы,
  • пандемияға байланысты жеткізу тізбегі істен шыққандықтан, компоненттердің жетіспеушілігі.

Ішкі нарықтағы сұранысты қанағаттандыру үшін бөлшек сауда желілері:

  • олар өндіруші зауыттарға ноутбуктердің тапсырысын көбейте бастады,
  • тауарларды жеткізудің балама арналарын іздеді,
  • өндірушілер тауарларды зауыттан бөлшек сауда дүкендерінің сөрелеріне  тезірек жеткізу үшін қымбат логистикалық шешімдерді енгізді.

Қалыпты жұмыс режиміне оралғаннан кейін сату динамикасы қалыптыға дейін төмендейді.

Дегенмен, карантин кезеңінде ішкі нарықта клиенттердің жаңа пайдаланушылық базасы қалыптасты деген қорытынды жасауға болады. Бұлар ноутбуктерді алғаш сатып алған адамдар. Олардың көпшілігі біраз уақыттан кейін құрылғыларын жаңарта бастайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз