Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстан экономикасының құлдырауы: тығырықтан шығар жол бар ма?

321
Сурет: glagoliza.com

«2020 жылға арналған экономика өсімінің болжамы -3,2%-ға дейін төмендейді (бұрын -1,2% көрсеткішті болжаған — ред.). Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы қалыпты өсімге қарамастан, қызмет көрсету секторы COVID-19-ды ұстап тұрудың қатаң шараларына байланысты қатты зардап шекті, — деп банктің жаңартылған «Азия дамуының 2020 шолуынан» үзінділер келтіреді LS порталы. — «Бұл 2020 жылдың бірінші жартысында өсудің жылдық мәнде — 1,8%-ға төмендеуіне әкелді. Бюджеттің елеулі ынталандырулары  да әлсіз таза экспорттың және тұтыну шығыстары мен инвестициялардың азаюының орнын толтыра алмайды. 2021 жылға арналған өсу болжамы да 2,8%-ға (бұрын 3,4%) дейін төмендеді. Валюта бағамының әлсіреуі экономикалық құлдырауға қарамастан бағаның өсуіне әкелетіндіктен, жаңартылған есепте инфляция 2020 жылы 7,7% және 2021 жылы 6,2% болады деп болжануда».

Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын негізге ала отырып, ел экономикалық өсуге жаңа бағыт алып отыр. Үкімет серпінді жобалары бар индустрияландыру картасын қалыптастырады. Алайда олар инвестицияны қажет етеді.

Халықаралық қаржы институттарының көңілсіз болжамдары елдің инвестициялық имиджіне қалай әсер етеді?

Бұл туралы экономика ғылымдарының докторы Мағбат Спанов айтты.

Бюджетті қысқарту — ШОБ-ның кірісін кесу

— Сіздің ойыңызша, Азия даму банкінің болжамы қаншалықты объективті? көңілсіз болжамдар қаншалықты экономиканың дамуына кедергі болады?

— Банктің болжамы айтарлықтай консервативті. Менің болжауым бойынша, көктемнің соңында және жаздың басында  ерекше бір нәрсе болмаса, құлдырау -5%-ға дейін болады. Жағдайдың біз қалағандай жақсы емес екені түсінікті. Бірақ бәрі де салыстыру арқылы айқындалады. Басқа елдермен салыстырғанда бізде мұндай құлдырау жоқ. Екінші жағынан, мемлекет қазір төлемдер есебінен тұтынушылық сұранысты қолдауға мүмкіндігі бар. Әрине, бұл ЖІӨ-нің құлдырауын тежейді.

Алайда, халық та, билік те пандемияның екінші толқынын күтетінін ескерсек, экономиканың өсу қарқыны одан да төмен болуы мүмкін

Егер жаздағыдай жағдай қалыптасса, Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік өмір қайтадан қатып қалады. Пандемияның екінші толқыны бүкіл әлемді шарпыған жағдайда, біздің ең маңызды экспорттық ресурсымызға — мұнай мен газға сұраныс азаяды.

— Ұлттық экономика министрлігінде басқа да оң сандарды атады. Олар дұрыс санамады ма?

— Ведомствоның оптимистері, жалпы алғанда, жылдың екінші жартысында ЖІӨ қалпына келеді және тіпті плюске шығуы мүмкін деп айтты. Олардың 2021-2023 жылдарға арналған болжамдары да шамадан тыс бағаланған. Менің ойымша, ЖІӨ төмендейді.

Мағбат Спанов, сурет: voxpopuli.kz

Халыққа қандай қауіп төніп тұр? Біріншіден, ЖІӨ төмендеген кезде бюджеттің шығыс бөлігінің мүмкіндіктері азаяды. Бюджеттің шығыс бөлігіндегі мемлекет шығындарының көп бөлігі әлеуметтік салаға тиесілі. Сондықтан белгілі бір қысқарту болады. Екінші сәт —

қазірдің өзінде Қаржы министрлігі барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор өз бюджетін қысқартуы тиіс екендігі туралы циркуляр таратты

Бірінші кезекте материалдық-техникалық қамтамасыз ету шығындарын азайтады. Демек, мемлекет отандық өндірушілерден аз тауар сатып алады. Әрине, бұл шағын және орта бизнес кірістерінің төмендеуіне әсер етеді. Әсіресе жиһаз және жабдық жеткізушілерінің табысына да ықпалын тигізеді. Ары қарай не болады? Олардың құлдырауы кәсіпкерлерді жұмысшылар санын қысқартуға мәжбүр етеді.

Бұл әлеуметтік-экономикалық блок бойынша шағын және орта бизнесті дамытуға тиіс деген мәлімдемелермен астасып жатқан жоқ.

Жас кадрлар

— Сіз не ұсынасыз?

— Менің ойымша,

жерді жекешелендіруді жалғастырып, экономиканы монополиясыздандыру, ұлттық компанияларға офшорларда есепшоттар ұстауға тыйым салу керек

Ұлттық Банк өзінің тікелей міндеттерімен айналысып,  шаруашылық қатынастарына араласпауы тиіс. Ол «ҚазМұнайГаз» акцияларынан арылып, мойнына тұрғын үй әлеуметтік құрылысы бойынша міндеттемелерді алмауға тиіс.

— Сонымен қатар, квазимемлекеттік сектордың маңызды бөлігінде шетелдік топ-менеджерлер отырады, олардың жалақысына қомақты ақша жұмсалады, ал пайдалы әрекет коэфициенті күмән тудырады.

— Мен үшін бұл нонсенс — біз «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде кадр даярлауға миллиардтаған доллар жұмсадық. Шетелде өз бетінше білім алған жас кадрлар бар. Неге олармен жұмыс істемейді?

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жеке орган ретінде өзін-өзі өлтірді. Ол  еңбек министрлігінің қарамағындағы құрылым болу керек

Мен ғылымда жұмыс істеймін, магистранттар мен докторанттарды дамытып, олардың өсуіне көмектесеміз. Мемлекеттік қызметке тағайындаулар жүріп жатыр, бірақ тәжірибесі төмен мамандарға орындалмас талаптар қояды. Бұл кадрларды жылжыту емес, оларды ысырап ету. Адамдар біраз уақыт жұмыс істеп, өзінен күткен нәтижелерге қол жеткізбей, мемлекеттік қызметтен көңілі қалып, кетіп қалады.

Егер біз осы жігіттерді оқытуға көп ақша жұмсасақ, оларға мұқият қарауымыз керек. Біз резервтен басшы кадрларды даярлаудың кеңестік жүйесін қанша сынға алсақ та, ол жан-жақты ойластырылған болатын. Адамға әр түрлі позицияларда өз күштерін сынап көруге мүмкіндік берілді,  жақсы көшбасшы болмас бұрын, ол мамандығы бойынша белгілі бір мансаптық жолдан өтті.

 «Төрт З»  теориясы

— Халықаралық қаржы институттарының соңғы болжамдары Президенттің Жолдауымен және Үкіметтің революциялық жоспарларымен қалай байланысты?

— Кәсіби экономист ретінде айта кетейін, біз өз мүмкіндіктерімізді негізге алуымыз керек. Бізде оптимист-экономистедің болғаны жақсы. Бірақ мен мұндай заттарды пілдерді тарату деп атаймын. Ұлттық банк мемлекет Ұлттық қор лимитінің шегіне жеткенін ескертті.

Қазір менің көзқарасым бойынша популистік шешімдер қабылдау жүріп жатыр. Үкімет кейбір мәселелерді Ұлттық қор қаражаты есебінен шешуді ұсынады. Тоқтайтын кез келген шығар?

Ұлттық қорды Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдай үшін емес, болашақ ұрпақ үшін құрды. Алайда біз оны тауысуға жақынбыз.

Мен әрқашан ақша тауып үйренетін уақыт келді деп айтамын. Бір кездері ол мемлекетке «төрт З» бағдарламасына баруды ұсынды — жалақы, жер, денсаулық және заң. Яғни, мемлекет дамып келе жатқан бағыттар бұлыңғыр емес, нақты болуы керек.

Қазақстанда Мемлекеттік бағдарламалар көп, жаңа бағдарламалар да әзірленуде. Әрқайсысы белгілі бір қаржылық қолдауды қажет етеді. Алайда, қазіргі жағдайда оларды қандай көздерден қаржыландыру керектігі түсініксіз.

Екі жол бар. Біріншісі — өнімсіз шығындарды қысқарту есебінен. Шынымды айтсам, бұдане еш пайда жоқ. Себебі мемлекет сиқырлы таяқшаның көмегімен көптеген бағыты қаржыландыруды тоқтата алмайды. Екінші әдіс — ақша табуды үйрену. Өкінішке орай, біз екінші нұсқаға қарағанда бірінші нұсқада көп жетістікке жеттік.

Мен Қазақстанның алғашқы даму стратегиясына 1992 жылы қатыстым. Мен көптеген бағдарламаны басы-қасында болдым. Бірақ, бағдарламаларға белшемізден баттық, бірақ шешімін тапқан нақты мәселе аз. Ал

қоғамды жеке қауіпсіздік, жалақы, денсаулық және әділдік толғандырады. Бұл қарапайым нәрселер айналасында қажетсіз үйінділер жасаудың қажеті жоқ

Халықпен келісіп, жағдайды нақты түсіндіре білу керек.

Жалпы ЖІӨ-нің 3,2% деңгейінде болады деген  — өте оптимистік болжам . Бәрі әлдеқайда нашар болуы мүмкін. Бірақ менің жасаған болжамым қате болса екен деп үміттенемін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз