АҚШ-тағы Гарвард университетінде күмәнді және абсурдтық ғылыми жетістіктері мен идеялары үшін берілетін күлкілі Шнобель сыйлығын тапсыру рәсімі өтті.
— Медициналық білім беру саласындағы марапат өмір мен өлімге ғалымдар мен дәрігерлерге қарағанда әлемдегі саясаткерлер көбірек әсер ете алатынын дәлелдеу үшін коронавирус пандемиясын қолданған Бразилия, Ұлыбритания, Үндістан, Мексика, Беларусь, АҚШ, Түркия, Ресей және Түркіменстан басшыларына берілді, — деді сыйлықтың негізін қалаушы Марк Абрахамс.
Осы номинациядағы лауреаттар қатарында Бразилия президенті Жаир Болсонару, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, Үндістан премьер-Министрі Нарендра Моди, Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да бар.
Биылғы жылы лауреаттарға қағаз парақтарынан желімделген текше және Зимбабве банкнотының 10 трлн жергілікті долларлық көшірмесі түрдегі марапат берілді.