Қазақстан бірнеше жыл қатарынан өзіне қол жұмсайтындардың саны бойынша әлемде үшінші орында тұр. Сонымен қатар, біздің еліміз — Орталық Азия елдері арасында көшбасшы.
«Қазақстанның тең құқықтар және тең мүмкіндіктер институты» Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күніне орай баспасөз конференциясын өткізді.
Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының» бас директоры Николай Негай құқықтық статистика комитетінің мәліметі бойынша, қатаң карантин кезінде Қазақстанда өзін-өзі өлтіру 13,9%-ға төмендегенін хабарлады.
Осындай төмендеу қатаң локдаун болған әлемнің 12 елінде байқалды
Алайда, «Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты» ҚҚ президенті Маргарита Ускембаева бұған карантинде отбасы мүшелерінің бәрі бірге араласып, тәуелділік, эмпатияның пайда болуы әсер етті деп түсіндіреді.
Отбасылық қарым-қатынастарға туыстары араласпағандықтан, әлеуметтік проблемалар да азайды
Ускембаева жасөспірімдер көбінесе мектеп аумағында өз-өздеріне қол жұмсайтынын атып өтті.
«Қазақстанның тең құқықтар және тең мүмкіндіктер институты» ҚҚ әлеуметтанушысы Татьяна Резвушкина 2 мың адамды ( 50,4%-ы қыздар және 49,6%-ы ұлдар) біріктірген үлкен әлеуметтік зерттеуді ұсынды. Зерттеу 2020 жылғы наурыздан тамызға дейін Қазақстанның бес өңірінде жүргізілді, олар суицидтің жоғары көрсеткіштеріне байланысты «қауіпті аймақтар» деп танылды:
Респонденттердің пікірінше, ел жастары арасында өз-өзіне қол жұмсауына келесі мәселелер көбірек себеп болады:
Сонымен қатар қыздар, жұмыс істемейтін, білімсіз және діни сенімі төмен қала тұрғындары «қауіпті топта».
Сарапшылар өз зерттеуінде «күш пен табысқа сену» туралы атап өтті. Дәл осы суицидтік мінез-құлық индикаторы жастар арасында басым. Әсіресе ерлер арасында.
Жастар жақындарының ортасында жиі қақтығысқа тап болады, олар жалғыздықтан зардап шегеді, ата-аналардың бақылауы мен қысымын ұнатпайды.
Сонымен қатар, өзін-өзі өлтіруді ақтау ретінде көпшілігі мыналарды келтіреді:
Психологтар
авторитарлық тәрбие әдістерінің үстемдігі наразылық пен қарсылықты тудырады, ол көбінесе суицид арқылы көрінеді
деп есептейді.
—Өзінің оқу үрдісі мен жұмысына көңілі толмайтын жастар көп, олар барлық жағдайға әрі қарай төзуге мәжбүр.
Жастардың еріктілер қозғалысына, ҮЕҰ-ға, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына және т. б. белсенді қатысуы суицид санын қысқартудың өзіндік «рецепті» болуы мүмкін.