Малазиялық Джохор штатында піл көлік қағып кеткен баласын жанталасып оятуға тырысты.
Мотоциклші өтіп бара жатып жолдың бойында тұрған пілді көрді. Малайзиялық азамат жануардың оғаш мінез-құлқына не себеп болғанын түсіну үшін оның жанына келді. Ол мотоциклден түскенде өліп қалған баласының жанында тұрған пілді көрді.
Әлеуметтік желі пайдаланушылары жүргізушілерді жолдағы, әсіресе жануарлар жүретін жерлерде жылдамдықты асырмауға шақырды. Кейбіреуі жол мен ғимараттардың құрылысы жануарлардың джунглиге қайта жол таба алмауына себеп болғанын атап өтті.