Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
8
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Айла-амалдың шебері немесе «Азия Авто»-ның пиар жасау шеберлігі

Сурет: aziaavto.kz

Жанжал неден шықты

2020 жылдың мамыр айында Инвестициялар министрлігі (ИИДМ) бір холдингке кіретін «Азия Авто» және «Азия Авто Қазақстан» компанияларымен келісімді бұзатынын ресми түрде мәлімдеді. Себебі? Компаниялар өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім бойынша міндеттемелерін орындамаған. Бұл келісімдердің құрамына келесідей технологиялық операциялар бар:

  • дәнекерлеу,
  • бояу,
  • көлік құралдарын құрастыру.

Келісім өндірісті оқшаулауды арттыруға және жұмысшылардың біліктілігін арттыруға бағытталғаны түсінікті.

Міндеттемелерді орындау үшін шанақтарды дәнекерлеу және бояу қуатын пайдалануға енгізуі қажет еді. «Азия Авто» компаниясымен келісім 2010 жылдың маусымында, ал «Азия Авто Қазақстан» компаниясымен 2012 жылдың желтоқсанында жасалды.

Әрбір компанияға келісім шартты орындауға 7 жыл уақыт берілді, мемлекет осы мақсатта  преференциялар ұсынды

Ол өз міндеттемелерін түрлі жеңілдіктер мен субсидиялар түрінде орындады. Ал компаниялар уәде еткен зауытты іске қоспады.

Зейнетақы жинақтарынан ақша шешіп алу — әдейі тықпалап отырған бомба

Бұдан әрі, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (БЭЖ) 2014 жылдың 29 мамырында шешім қабылдады. Қысқаша айтқанда, 2021 жылдан бастап ЕАЭО елдерінің жергілікті локализацияның ең болмағанда 50% шегіне жетпеген тауарларына баж салығы салынатын болды. Құрылысы аяқталмаған зауыт «Азия Авто»-ны баж салығы салынбайтын деңгейге шығарар еді.

Министрлік компания автомобильдерінің экспортына баж салынғаннан кейін, ұсынылған жеңілдіктер мен субсидиялар Ресей экономикасына жұмыс істей бастайды деп ойласа керек. Сондай-ақ өз уақытында отандық өндірісті дамытуға бағытталған 19 (!) жеңілдікті келісім жасалған еді. Нәтижесінде тек «Азия Авто» ғана міндетін атқара алмады.

Фактілерді бұрмалау

Сәуір айында жеңілдіктердің тоқтатылатыны туралы хабар шыққаннан кейін «Азия Авто» әрекет ете бастайтыны анық еді.

Іскерлік басылымдарда, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ сияқты: «№1 автоөндіруші», «автомобиль өнеркәсібінің локомотиві», «ірі салық төлеуші» және т. б. сынды ұрандатқан мақалалар жарық көре бастады.

Әлеуметтің желідерде де түрлі айыптаулар айтылды. Олардың негізгі мәні: «біреу табысты кәсіпорынды басып алғысы келеді, ал Үкімет автоөнеркәсіптің тамырына балта шабуда» деген сыңайда болды.

Карантинде депозит көлемі артты: ауқатты қазақстандықтар қымбат сатып алулардан бас тартып, үнемдеді

Олар кәсіпорынды тоқтатуға тура келеді және мұндай қиын уақытта адамдар жұмыссыз қалады деп ел арасын дүрліктірді.

Тіпті үкіметті «заңсыздықты» тоқтатуға шақыру үшін қол жинай басталды. Бірақ петициядан еш нәтиже болмады. Бұл туралы «Азия Авто» туралы жаңалықтар жарық көрген  іскерлік журналда 45 мың қол жиналды деген жаңалық пайда болды.

Алайда күрес ұзаққа созылмады. Компания басшылығы әр қолтаңбаның дұрыстығын тексеру оңай екенін түсінді.

Министрлік ақпараттық ауызсыздықтан жалықса керек, барлық дәлелдерді қысқа пресс-релизмен жоққа шығарды. Қысқаша айтқанда, «Азия Авто» жеңілдіктер мен субсидияларсыз әрі қарай да тыныш жұмыс істей алады деп мәлімдеді. Ал егер біреу жұмыстан шығарылса, автомобиль жасайтын мамандар басқа кәсіпорындардан жұмыс таба алады деп шешті.

Жалған ұрандар

«Азия Авто» өзін «№1 автоөндіруші» ретінде көрсетуді жалғастыруда. Бірақ ол қандай параметрлер бойынша екенін нақтылауды ұмытып кетті. Мысалы, 2019 жылғы мәліметтер бойынша шығарылған автомобильдер саны бойынша «СарыарқаАвтоПром» бірінші орында. «Азия Авто» екінші орында. Бірақ «№2 автоөндіруші» деп ұрандаудың қисынсыз екені белгілі.

«Ірі салық төлеуші» деген сөздер де шындыққа жанаспайды. Дәлірек айтқанда, бұл жартылай шындық, олар ел экономикасына мардымсыз ғана үлес қосуда. Салық сомасы бойынша 2019 жылы автоөнеркәсіптің барлық кәсіпорыны арасында бірінші орында «БИПЭК Авто», екінші орында «Азия Авто».

Бірақ осы «ірі салық төлеушілердің» 350-ден астам қазақстандық компаниялардың жалпы тізіміндегі позициясын бағаласақ, күтпеген жағдайға тап боламыз.

БИПЭК 350 компанияның арасында 175-позицияда, ал «Азия Авто» 270-позицияда.

Бұл компаниялар бірлесіп бюджетке 5 млрд теңгеге жуық қаражат салды. Ал ол «Рахат» кәмпиттерін өндіруші салған сомадан әлдеқайда аз

Дағдарыс та кедергі емес

Сәуір айында компанияның бас директоры индустрия министрлігінің шешіміне қатысты кең көлемді сұхбатта жауап берді. Бір қарағанда Ержан Мандиев компания Министрлікпен өндірісті оқшаулау туралы келісімді орындамаған барлық себептерді негіздеді. Алайда 2010 жылдан бастап келісім үш рет ұзартылғанын еске салған жөн.

Бас директордың негізгі тезистеріне назар аударып көрейік.

Зауыттың салынбауына ұлттық валюта үш рет девальвацияға ұшырап, ел бірнеше дағдарысты бастан өткеруі себеп болды. Қазір жаңа дағдарысты бастан кешірудеміз. Нәтижесінде Қазақстанның шағын нарығы тарылып, бірнеше жылдан кейін қалпына келеді. Бұл уақытта құрылыс жұмыстарын аяқтаймыз.

Алайда

девальвация да, дағдарыстар да компанияның Ресейде автосалон желісін ашуына кедергі келтірмеді

Мандиевтің айтуынша, олар үш жүзден астам ресейлік «Автоваз» дистрибьюторлары арасында жетекші орынға ие. Бұл жері қаржы жағынан өзін-өзі қамтамасыз ете алады. Тек ол Ресей экономикасында жұмыс істейді.

Сондай-ақ

дағдарыс компанияның Қазақстанда үш шипажай және Сочиде бір шипажай алуына кедергі келтірмеді

Әрине, мұндай қарқын тек қолпаштауға лайық. Бірақ мәселе мынада, мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, компания ел ішінде өндірісті дамытуға басымдық берген жоқ. Әйтпесе зауытқа қатысты жағдай «қаржыландырудың жетіспеушілігінен» сонша жылға созылмас еді. Басқаша айтқанда, бұның барлығы жай ғана бизнес.

P. S.:

Жақында ғана ресейлік БАҚ-та «Азия Авто» «Санкт-Петербург» банкінен 2 миллиард рубльден сәл астам несие алғанын хабарлады.

«Компания ресейлік экспорттаушы — «Хендэ Мотор Мануфактуринг Рус» (ХМР) автомобильдерін өндірушіден өнім сатып алуға несие алуға өтініш білдірді», — делінген банктің хабарламасында.

Әңгіме Hyundai зауытынан машина жиынтықтарын сатып алу туралы болып отыр. «Азия Авто» бұл машина жиынтықтарының не үшін керек екенін түсіндіре алатын шығар. Өйткені, Қазақстанда Hyundai құрастырумен мүлдем басқа автоөндіруші айналысады.

Бірақ мәселе мынада, «Азия Авто» Ресей банкінен несие алып, елге Ресей зауытының өнімдерін импорттайды. Яғни, ол қайтадан Ресей экономикасына жұмыс істейді. Ал несие сомасын ескерсек, Қазақстанда жаңа зауытты іске қосуға қаржы тағы да жетпей қалуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз