Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
15
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Карантинде депозит көлемі артты: ауқатты қазақстандықтар қымбат сатып алулардан бас тартып, үнемдеді

181

LS.kz ақпарат агенттігінің хабарламасы бойынша портфельдегі негізгі үлесі мерзімді депозиттерге тиесілі, онда 12,2 трлн теңгеден астам қаржы бар. Оның ішінде жеке тұлғалардың салымдарында:

  • ұлттық валютада – 4,6 трлн,
  • шетелдік – 3,8 трлн (8,4 трлн теңге).

Заңды тұлғаларда:

  • ұлттық валютада – 2,3 трлн,
  • шетелдік – 1,5 трлн (3,8 трлн теңге).

Нұр-Сұлтандағы салым көлемі көбірек өскен — 26,2%-ға, 2,6 трлн-ға дейін түсті. Екінші орынды төрттен бір көлемге өскен Түркістан облысы иеленді — 45,1 млрд теңгеге дейін.

Ел алты ай бойы карантинде өмір сүріп,  іскерлік белсенділік пен халықтың табысы төмендеген кездегі өсудің себебі неде? Экономистер Әсет Наурызбаев пен Айдархан Құсайынов ауқатты салымшылар әдетте шетелдік сапарларға және басқа да қымбат сатып алуларға кететін қаржысын үнемдеді деп болжам жасады.

Кейінге қалдырылған сатып алулар

— Шын мәнінде екі себебі бар, —дейді Әсет Наурызбаев. — Біріншіден, валюталық салымдар жаңа бағам бойынша қайта бағаланады. Екіншіден, олардың негізгі көлемі ауқатты адамдарға тиесілі. Нашар қаржылық жағдайға тап болғандарда ешқандай салым жоқ.

Бірақ карантин кезінде шетелге баруды, автомобильдер мен жылжымайтын мүлік сатып алуды тоқтатқан байлардың белгілі бір жинақтары бар

Сұраныс күрт төмендеді. Салымдардың көлемі өсті— бұл кейінге қалдырылған сатып алу.

— Бірақ бұған дейін Ұлттық Банк басшысы Ерболат Досаев карантиннің себебінен салымдар көлеміне қатысты пессимистік болжам жасаған болатын.

— Ұлттық Банк Төрағасы көптеген нюанстарды білмейді, ал оның талдаушылары түлкі бұлаңға көп салады.

— Өңірлер бөлінісінде ең үлкен өсім Нұр-Сұлтанда тиесілі. Бұл шенеуніктер әлі де бай екенін растайды ма?

— Иә, дәл солай. Менің ойымша, медицина саласына жұмсалған 6 трлн теңге ауқатты астаналықтардың есепшотына түсті.

— Әрдайым табыс пен азаматтардың табысы бойынша аутсайдер болып келген Түркістан облысы екінші орында.

— Ол Қазақстандағы ең үлкен облыс. Өзбекстанмен экспорттық сауда бар. Екінші жағынан, салымдардың төрттен бірге өсуі экономикаға байланысты емес, біреу осындай ақшаны  аймаққа аударса керек. Сол жаққа жұмыс бойынша көшіп келген әкімнің аударуы да мүмкін.

200 қазақстандықтың салымы бірнеше триллион теңгеге жетеді

Ұлттық Банк төрағасының бұрынғы кеңесшісі Айдархан Құсайынов салымдардың өсуіне үлкен шығындарды кейінге қалдырумен бірге,  валютаны сатып алудың 21% – ға қысқарғаны да әсер етті деп есептейді.

— Депозиттер көлемінің өсуі байлық пен кедейліктің белгісі болып саналмайды, — дейді экономист. — Мен біздің қоғам статистиканы дұрыс құрастырмайды деп үнемі айтып жүремін.

Қазақстанда байлар мен қарапайым халықтың арасын айтарлықтай жіктелген. Шетелге саяхаттайтын, демалатын байлардың 1%-ы қымбат сатып алулар жасайды

Ал 99%-ы — шетелдік сапарларға ақшасы жоқ және жалақыдан жалақыға дейін өмір сүретін халық. Депозит массасын ауқаттылардың  салымдары құрайды. Мен осы тақырыпта көптеген талдау жұмыстарын жаздым. Ұлттық Банк жүргізетін сауалнамалардың өзінде  адамдардың тек 20%-ының ғана жинақ ақшасы бар екенін көрсетеді. Сондықтан барлық депозиттердің жартысынан көбін 100-200 адамның салымдары құрайды.

Айдархан Құсайынов

— Нұр-Сұлтанда ең жоғары өсім тіркелген. Біздегі ауқаттылардың барлығы шенеуніктер ме?

— Неге тек шенеуніктер деп ойлайсыз? Елордада ауқатты кәсіпкерлер де көп. Депозиттік масса толығымен халықтың байлығының белгісі емес екенін  түсіну керек.  Алайда, тіпті депозиттердің 90%-ы ауқатты халықтың бір пайызына тиесілі.

Жол жүруден үнемдеу

— Сонда жалақы және жалпы тұрмыстың жайлылығы ең төмен деңгейдегі Түркістан облысының екінші орында болуының себебін қалай түсіндіруге болады?

— Өте қарапайым. Дағдарыс пен карантин болған алты ай ішінде көптеген адам шетелге бара алмады. Демалғысы келетін ауқаттылар наурыз айында да, жазғы демалыста да үйлерінде болды.

— Яғни, салымдардың өсуі адамдардың саяхатқа қанша жұмсайтынын көрсетеді ме?

Іс жүзінде олай айтуға болмайтын да шығар, өйткені шетелде демалудан басқа  ақша жұмсайтын жер көп. Түркістан облысында Өзбекстанға барып шопинг жасау да танымал.

Шекаралардың жабық болуы зат сатып алып, ақша жұмсауға мүмкіндік бермеді. Қазақстанға өзбек жұмысшылары да келген жоқ

Қазақстанда депозиттердің 21%-ға өсуі аясында валютаның сатып алу көрсеткіштері төмендегенін ескеріңіз. Бұл шетелге сапарға шығу үшін бұрын сатып алынған шетел валютасының карантинде пайдалы болмағанының дәлелі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз