2 қыркүйектен бастап Алматыда Орталық мемлекеттік музей келушілерге есігін айқара ашады.
«Күту аймағы 15 адамға арналған. Мұражайдың көрме залдарына 30-дан астам адам кіре алады. Мұражайға Орталық кіреберістен (Назарбаев көшесі жағынан) кіруге болады, —
делінген мұражай хабарламасында. —
Келуші санитарлық ережелерді сақтай отырып, күзет тексеруінен өтеді (антисептик, маска кию, 1,5 м қашықтықты сақтау). Келушілер кіреберісте көрсетілген бағыт бойынша бір-бірінен 1,5 м қашықтықты сақтай отырып, залды аралай алады.
Залдан шығу келесі тәртіппен жүзеге асырылады. Келушілер бір-бірінен 1,5 м қашықтықты сақтай отырып, берілген бағыт бойынша мұражай залынан шығады. Залдан шығу схема бойынша мұражай қызметкерлерінің бақылауымен жүзеге асырылады.
Келуші жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда мұражай қызметкері ескерту жасап, мұражай ғимаратынан шығуын сұрауға құқылы».