Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Мұнай дәуірінің аяқталуы Қазақстанға қандай қауіп төндіруі мүмкін? — зерттеу

212

«Астана» халықаралық ғылыми кешенінің ресми сайтында жарияланған жұмыста зерттеуші Марат Шайхутдинов Қазақстанға және басқа да мұнай өндіруші елдерге жаңа шындыққа үйренетін уақыт келгенін атап өтті. Мұнай дәуірі аяқталды және бұл процесс бұрыннан басталды. Сұраныс пен ұсыныс азаюда. Соңы. Бірінші және екінші бөлімін оқыңыз.

Мұнай корпорацияларына рекордтық шығын келуде

Сарапшы әлемдік энергетикалық сектордағы мұнайдың үлесі бұрын тұрақты түрде төмендегенін еске салды. 1994 жылы ол 40%, ал 2019 жылы — 33% болды. Бірақ 2020 жылы негізгі тұтынушылардың сұранысы төмендеп, «мұнай соғысы» басталды, мұнайдың бағасы теріс мәнге көшті және т.б.

Көмірсутектер нарығына геосаяси факторлар да әсер етеді, оның ішінде:

  • АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық, қаржылық, технологиялық және әскери қайшылықтар;
  • ресурсына бірқатар ел үміттеніп отырған Оңтүстік Қытай теңізіндегі шиеленіс;
  • Арктика аймағының ресурстары үшін ұлы державалар арасындағы бәсекелестіктің күшеюі;
  • «Солтүстік ағын – 2» құрылысын аяқтау мәселесі бойынша «АҚШ – ЕО – РФ» геосаяси үшбұрышындағы қайшылықтар;
  • Украина мен Польшаның «Газпромға» қарсы сот ісі, «Люблин үшбұрышын» құру (Польша-Литва-Украина) және Польша арқылы Беларуссияға «Белый орел» Жаңа америкалық мұнай қоспасын жеткізу»;
  • «АҚШ-тың Орталық Азия үшін 2019-2025 жылдарға арналған стратегиясы» бекітіліп, және COVID-19 пандемиясы басталғаннан кейін күрт шиеленіскен Каспий және Орталық Азия ресурстары үшін жаһандық ойыншылардың бәсекелестігі.

Бұдан басқа да көптеген фактор бар.

2020 жылдың бірінші жартысында әлемдік мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты әлемдегі барлық ірі мұнай-газ корпорациялары рекордтық шығынға ұшырады.

— 5 тамызда Бейруттағы жарылыс кезінде Brent мұнайының бағасы бір баррель үшін 46 доллардан асып, 6 наурыздан бері болған барлық шығындарды өтеді. Бұл оқиғалар жаңа өсу трендінің бастауы бола ма, жоқ па әлі белгісіз, себебі

пандемияның екінші толқынының қаупіне байланысты ұсыныстың артатынын көрсететін белгілер пайда болды,

— деп жазады автор.

Жел станциялары мен электромобилдерден қауіп келеді

Fitch сарапшылары Brent-тің орташа жылдық бағасын 45 долларға болжап отыр. 2022 жылға қарай 53 долларға дейін, ал 2022 жылдан кейін 55 доллар деңгейінде болады. WTI американдық мұнайының құны қымбаттауын жалғастырады және орташа есеппен стандартқа қарағанда 3 долларға арзан болады. 2021 жылы оның орташа бағасы 42 долларды, ал 2022 жылы 50 долларды құрайды.

Алайда, Royal Dutch Shell 30 жыл ішінде мұнай мен газдың төмен бағасын күтеді және 2020 жылы Brent-тің  баррелі 33 доллар, 2021 жылы 40 доллар және 2022 жылы 50 долларға жетеді деп болжайды.

ОПЕК-тің бұрынғы және қазіргі шенеуніктері жаңартылатын энергия көздері мен электромобильдер мұнай дәуіріне соққы береді деп қорқады.

— «Новая газета» басылымының сарапшысы Максим Авербухтың айтуынша, бүгінде

әлемдік мұнай тұтынудағы автокөліктің үлесі 44%-ды құрайды, бірақ 15 жылдан кейін ол екі есе қысқарады,

ал ЕО мұнай және мұнай өнімдерін импорттаудан жыл сайын $170 млрд үнемдейді. Барлық ірі еуропалық автоөндірушілер электромобильдердің толық желісіне ие болады, бұл ЕО-ның 2050 жылға қарай «нөлдік шығарындыларды» қамтамасыз ету жоспарына сәйкес келеді. Сондай-ақ, Қытай 2025 жылға қарай электромобильдердің сатылымын жалпы шығарылымның 25%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл Ресей Федерациясының алдағы 15-20 жылда мұнай өнімдерін өткізудің батыс және шығыс нарығының бір бөлігін жоғалтуы мүмкін дегенді білдіреді, — деді Шайхутдинов.

Брюсселдің  құрамында көміртегі жоғары тауарларға енгізген алымы да қауіп төндіреді, бұл

мұнай-газ саласына ғана емес, тау-кен және металлургия корпорацияларына да әсер етеді

Сұраныс та, ұсыныс та жоқ

— Бүгінде сарапшылардың көпшілігі мұнайға әлемдік сұраныстың күрт қысқарғаны туралы айтуды жөн көреді. Алайда, жақын болашақта

үлкен проблемалар сұранысқа ғана  емес, мұнай ұсынысына да қатысты туындауы мүмкін,

— деді автор.

Біріншіден, артық өндіріс дағдарысы мұнай қоймалары мен танкерлерді толтыруға әкелді. Бұл жаңа жобаларға инвестициялардың қатып қалуына және ағымдағы жобалардың тоқтауына әкелуі мүмкін.

Екіншіден, Parsley Energy тақтатас компаниясының басшысы Мэтт Гэллэхердің пікірінше, мұнай өндіру дәуірі аяқталуда. АҚШ-тағы қолданыстағы көлденең бұрғылау қондырғыларының саны наурыз айының ортасынан бастап 75%-ға азайды. Rystad Energy компаниясының мәліметінше, АҚШ тақтатас индустриясындағы банкроттық соңғы 4 жылда ең жоғары деңгейге жетті.

Үшіншіден, жетекші Батыс банктері мұнай өндіруге көбірек инвестиция салғысы келмейді. Банкирлер экологтардың қысымына сілтеп, түрлі дәлел келтіруде. Алайда сарапшылар олар экологтарды сылтауратып отыр

Себебі, болашақ мұнай-газ жобаларының пайдасы күткен нормадан  төмен болып шықты дейді

Атап айтқанда, Deutsche Bank AG Арктикадағы мұнай-газ жобаларын қаржыландыруды тоқтатты. Көмірсутектер саласындағы жаңа саясат шеңберінде ол су ресурстары тапшылығы бар елдерде қыртысты гидравликалық ажырату технологиясын қолдана отырып, мұнай мен газ өндіруге ақша салмайды. 2025 жылға қарай банк көмір өндіру өнеркәсібіндегі операцияларды тоқтатуға ниетті.

British Petroleum сонымен қатар өндірісті 40%-ға қысқарту және жаңа елдердегі жаңа кен орындарын барлауды тоқтату жоспарлайтыны туралы жариялады. Сондай-ақ, компания дивидендтерді азайтуды және

жаңа энергетикадағы активтерге ондаған миллиард доллар жұмсағысы келеді

Қытайлық фактор

2020 маусымында Bloomberg бірқатар қытай мемлекеттік компаниялары мұнай сатып алу үшін бірлескен топ құрғысы келетінін хабарлады. Бұл оларға баға соғыстарынан аулақ болуға және жеткізушілердің бағасына белсенді әсер етуге мүмкіндік береді.

— Сарапшылардың мәліметінше, төмен баға кезеңінде Қытай мұнай сатып алу көлемін күрт өсірді. 2020 жылдың қаңтар-мамырында оны ҚХР-ға жеткізу тәулігіне 10,39 млн баррельді құрады (2019 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ға көп). Бір мезгілде мұнай қоймасының қуаты да  артты. 2020 жылдың бірінші жартысында олар 440 миллион баррельге жетті. 2020 жылдың шілде айында

Қытай әлемдік нарыққа 1 миллион баррель шығарып, бағаны төмен түсірді,

— деп жазады автор.

Осылайша, Қытай өзінің тұрақтандыру қорын құрды, оны төмен бағамен сатып алып, артылғанын қымбат бағамен сатты. Бұл ретте ол көмірсутектерді өндіруге де, барлауға да инвестиция салады.

2020 жылдың 4 тамызында Қытай билігі 2019 жылы ҚХР-да мұнай өндіру 191 миллион тоннаға дейін өскенін хабарлады. Газ өндірісі — 2018 жылмен салыстырғанда 6,6%-ға, 150,9 млрд текше метрге дейін артты.

2019 жылы Қытай көмірсутектерді барлауға $11,76 млрд инвестиция салды (2018 жылға  қарағанда 29%-ға көп). Жаңа барланған мұнай қоры 17,2%- ға — 1,12 млрд тоннаға дейін өсті, ал барланған газ қоры 2,7%-ға — 809,1 млрд текше метрге дейін төмендеді.

— Тұтастай алғанда, көмірсутектердің әлемдік нарығы өте құбылмалы болып қалып отыр,

бұған COVID-19 пандемиясы да, геоэкономикалық және геосаяси факторлар да әсер етті

Олар сұраныс пен ұсыныс арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті қалыптастыруға кедергі келтіреді. Жалпы әлемдік тренд төмен көміртекті энергетиканы құруға, ЖЭК пайдалануға және т. б. әсер етеді. Нәтижесінде

мұнай өндіруші мемлекеттерге қысқа мерзімде жаңа шындыққа бейімделу стратегиясын әзірлеу қажет,

табиғи ресурстар бұдан былай жайлы өмір сүрудің кепілі болмайды, — деп түйіндеді Шайхутдинов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз