Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

АҚШ пен Қытайдың арасындағы қақтығыс шарықтау шегіне жетті. Бұл бізге қалай әсер етуі мүмкін?

993

Екі елдің қарым-қатынасының тарихында осы жаздағыдай тез арада нашарлаған сәттер өте сирек болды. Бұрын-соңды елшіліктерді жауып, ауыр айыптау айтпаған еді. Сонымен қатар, қақтығыс күтпеген жерден ушықты. Алайда көктемде Дональд Трамп «АҚШ пен Қытай арасындағы қазір ең жақсы қарым-қатынас орнады және алдағы уақытта тек жақсарады» деп бірнеше рет айтқан.

Сарапшылар мұндай шиеленіске қараша айында АҚШ-та болатын президенттік сайлау себеп болды деп отыр. Трамп Қытаймен қарым-қатынаста ол ымыраға келмейтінін көрсеткісі келеді дейді.

Алайда

бүкіл әлем екі ірі экономикалық держава арасында бәсекелестіктің артқанын сезініп отыр

Қазір біз әлемдік прогресте шын мәнінде бетбұрыс кезеңін бастан өткерудеміз. Нәтижесі көптеген факторға байланысты болады. АҚШ президенті кім болады деген мәселеден бастап және державалардың қайсысы бірінші болып коронавирус дағдарысынан шығатынына байланысты.

Қытай алға дамуда, Америка кейін кетуде

Әлемдегі 500 ірі корпорациялардың Global рейтингіндегі жаңа деректер АҚШ пен Қытайдың бәсекелестігінде айтарлықтай өзгеріс болғанын көрсетеді. Құрлықтағы Қытайда, соның ішінде Гонконгта алғаш рет Global 500 тізімінде АҚШ-қа қарағанда қытайлық компаниялар көбірек: тиісінше 124 және 121.  Тайваньды осыған қоссақ, қытайлық компаниялардың жалпы саны 133-ке жетеді.

Сонымен қатар, әлемдік экономикадағы көшбасшылықтың өзгеруі ұзақ мерзімді тенденцияны көрсетеді. Рейтингте америкалық компаниялардың саны 2002 жылдан бастап жыл сайын азайып келеді, ол кезде 197 болған еді. Қытай компанияларының саны 2003-тен бастап артты, ал материктік Қытай өзге елдер арасында тек 11-ші орынға ие.

Global 500-дегі көшбасшылықтың өзгеретіні айқын, өйткені бұл бәсекелестік экономикалық күшке негізделген. Сарапшылар қай экономиканың ең үлкен екені туралы дауласуы мүмкін. Егер жалпы қабылданған көрсеткішті салыстырсақ, АҚШ алда. Олардың ЖІӨ 2019 жылы 21,4 трлн долларды, Қытайдың ЖІӨ-сі 14,3 трлн долларды құрады.

Коронавирустан кейін қалай өмір сүреміз? — сарапшылар

Бірақ ЖІӨ-мен бірге сатып алу қабілетінің паритеті де бар. Бұл елдегі баға деңгейін ескере отырып түзетілетін көрсеткіш. Дүниежүзілік банктің 2018 жылғы соңғы  мәліметтері бойынша, Қытай АҚШ-ты басып озған, тиісінше, $21,4  және $20,5 трлн.

Бұл экономиканы салыстыру кезінде үлкен мәнге ие көрсеткіш, деді WSJ Гарвард университетінің Қытай бойынша сарапшысы Грэм Эллисон.

«Өнімдері мен қызметтерінің саны артқан Қытай әлемдегі ең ірі нарық екенін көрсетеді. Бұл дегеніміз, дәл осы нарықта жаңа өнімдер іске қосылады. Сондықтан қытайлық тұтынушылар салалардың дамуына көбірек әсер етеді.

Америкалық нарық өндірісті ұлғайтуға жарайтындай, жеткілікті деңгейде ауқымды болмауы мүмкін»

Неліктен корпорациялар қытайдан кетпеді

Америкалық компаниялардың Қытайдан кетуіне тосқауыл болған себептерінің бірі — нарықтың көлемі. Миллиардтаған төлемге қабілетті тұтынушылар — жаһандық бәсекеге қабілеттігін сақтағысы келетін кез келген бизнеске қажет.

Сонымен қатар, ешбір компанияның Қытайды жеткізілім тізбегінен толығымен шығарғысы келмейді. Сауда шиеленісі мен пандемия әлемдегі көптеген компанияға қытайлық жеткізушілерге тым көп сенім артатынын көрсетті.

Алайда, қытайлық компаниялар көбінесе басқа жерлерде жоқ өндірістік тәжірибеге ие. Сондай-ақ Қытайдан Үндістан немесе Вьетнамның пайдасына бас тартатын шетелдік компаниялар басқа проблемаға тап болуы мүмкін.

Бұл компаниялар өз тауарларын сатқысы келгенде, қытай нарығы қонақжайлық танытпайтыны анық

«Қытайдың экономикалық күші артуда, бірақ бұл бәсекелестікті толық түсіну үшін тек ЖІӨ немесе нарық көлеміне қарауға болмайды. Технологиялар, экономикалық өсу мен ұлттық қауіпсіздіктің негізі жанжалға себеп болуы мүмкін», —деп жазады Гарвардтық Джулиан Бэрд Гевиртц.

Технология үшін күрес

Бұл салада Қытайдың АҚШ-тан басым екені сөзсіз. Huawei-әлемдегі №1 5G желілік жабдықтарын өндіруші, ал осы жылдың екінші тоқсанындағы жағдай бойынша — №1 телефон өндірушісі. Бірақ компанияның өнімдеріне АҚШ-та ресми тыйым салынады. Сонымен қатар,  компанияның қаржы директорын АҚШ банктік алаяқтық және коммерциялық құпияны ұрлады деп айыптап, Канадада үй қамауына алды.

Дағдарыстан шығу үшін 2-ден 5 жылға дейінгі уақыт керек — экономист

Өз кезегінде Қытай да ресмми түрде Американың барлық технологиялық алыптарын, соның ішінде Google және Facebook-ті пайдалануға тыйым салды.

Технологиялық соғыс көптеген алаңда жүріп жатыр. Жасанды интеллект, 5G, дауыс пен тұлғаны тану, қаржылық технологиялар және тағы басқалар.

Эллисонның АҚШ-тың технологиялық индустриясының белгісіз көшбасшысымен бірге жазған соңғы мақаласында

Қытай АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік қоғамдастығына қарағанда ЖИ саласында әлдеқайда дамығаны айтылды

«ЖИ-де есептеу қуатынан гөрі ақыл-ой қабілеттері маңызды», — деп жазады мақала авторлары.

«Қытайда жыл сайын STEM меңгерген 1,3 млн студент оқу бітіріп шығады. Салыстыратын болсақ, Америкада барлығы 300 мың студент оқуын аяқтайды. Информатика саласында да басымдылық Қытайдың қолында, тиісінше: 185 мың және 65 мың. Тіпті АҚШ-тағы 10 ғылым докторының үшеуі америкалық, екенуі қытайлық. Қытайлық мамандардың көпшілігі ақыр соңында үйлеріне оралады деп болжауға болады».

Барлығы біржақты емес

Бірақ Қытай АҚШ-ты құлататын экономикалық және технологиялық мұз айдыны сияқты көрінгенімен, барлығы соншалықты нашар емес. Жақыннан қарсақ, Қытайдың күшті жақтарына қарамастан, бұл бәсекелестіктің болашағы тым бұлыңғыр екенін көреміз.

Мысалы, Global 500 тізіміне материктік Қытайдың 124 компаниясы енген. Олар саны жағынан АҚШ компанияларынан асып кетсе де, олардың мөлшері Global 500-дің жалпы кірісінің 25% ғана құрайды. Американдық компаниялардың үлесі 30%.

COVID пен тұмаудың күздегі соққысы: тоқтатуға бола ма?

Қытайлық компаниялардың басым көпшілігі, шамамен 70%-ы мемлекеттік кәсіпорындар. Яғни, олар ашық нарықтарда қатаң бәсекелестік күрестен өтпей өсті.

Global 500 тізіміне халықаралық деңгейде бәсекелесетін қытайлық технологиялық алыптар кіреді — Alibaba Group, Huawei, Lenovo, бірақ олардың құрылымында көптеген таза ішкі кәсіпорындар бар. Сондай-ақ  мемлекеттің қатысу үлесі бар. Сондықтан

«Олардың сәттілігінде сауатты басқару әсер етті ме әлде  мемлекеттік банктердің жомарттығы ма?» деген логикалық сұрақ туындайды:

Тіпті Қытайға әлемдегі ең ірі экономика атағын беру мүмкін емес болуы мүмкін.

«Егер екі ел де ЖІӨ-ні 2019 жылғы номиналды бағам бойынша ұлғайтуды жалғастырса, Қытай АҚШ-тың деңгейіне шамамен 2050 жылға дейін жете алмас еді, деп жазады Морган Стэнли Инвестициялық менеджментінің басты жаһандық стратегы Ручир Шарма.

Ал Қытайдың өсуі тек бір пайыздық тармаққа баяуласа, ол 2090 жылға дейін АҚШ-қа жете алмайды. Бұл дегеніміз, қазіргі америкалықтар Америка Құрама Штаттарының екінші орынға қалай түскенін көрмейді де деген сөз».

Нені күтуге болады?

Кейбір сарапшылар «екінші қырғи қабақ соғыс» болуы мүмкін дейді. Алайда ол Кеңес Одағы кезінде болған біріншісіне мүлдем ұқсамайды. КСРО экономикасы америкалықтарға қарағанда әлдеқайда әлсіз болды, ал Қытайдан айырмашылығы оның саудасы бүкіл әлемге тараған жоқ.

Сондықтан, қазір бір ғана нәрсені сеніммен  айтуға болады — алда бізді тұрақсыз әлем күтіп тұр. Көп нәрсе АҚШ пен Қытай арасындағы қатынастарға байланысты болады.

Бірақ барлық сценарийлер жаман емес. Қытай мен АҚШ өз мүдделерін ұтымды қолдана отырып, жанжалды белгілі бір корпоративтік жарыс жазықтығына ауыстыруы мүмкін. Сонымен қатар, Америка, Қытай және басқа елдерден келген көптеген тиімді вакциналар бір жылдан аз уақыт ішінде COVID-19-ны жеңуге көмектеседі. Мұндай сценарий орын алса, экономиканың жанданып, жаһандық алаңдаушылық аз да болса тұрақталады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз