Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Дағдарыстан шығу үшін 2-ден 5 жылға дейінгі уақыт керек — экономист

20 тамызда Нормативтік құқықтық актілер порталында Ұлттық қордан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы пайда болды. Ақша ынтымақты зейнетақылар мен республикалық бюджеттен төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне жұмсалады. Түсіндірме жазбада бұл ешқандай теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді және сонымен бірге бюджетті тұрақты табыс көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді делінген.

Карантинде жабылудың алдындағы бизнестен түсетін салық түсімдері қысқарды, мемлекеттің бюджет тесіктерін жабатын соңғы құралдарды пайдалануда. «Бұл дұрыс па?» деген орынды сұрақ қойылады. Экономика ғылымдарының докторы Мағбат Спанов елдің ұзақ уақыт ауыр дағдарыста болатынын дәлелдейтін бірнеше фактілерді келтірді.

Бизнес — қозғаушы күш емес

— Жақында біз Үкіметтің Ұлттық қорға қол салуды жақсы көретіні туралы әңгімелестік, міне, тағы да жағдай қайталанды. Алдағы үш жылға арналған трансферттер туралы заң жобасы жарияланды.

— Біріншіден, бұл  Президент жанынан қабылданған жоспарлы трансферттер. Тағы бір мәселе, бекітілген көлемнен басқа, Ұлттық қордан төлемдер мен кейбір секторларды қолдауға қосымша сомалар алынады. Бұл жақсы емес.

—10 шілдеде Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында 2021 жылдан бастап Ұлттық қордан мақсатты трансферттер ғана алынуы тиіс деді. Ол тек әлеуметтік мәселелерді шешуге және инфрақұрылымдық дамуға арналған. Яғни бұл бюджетте әлеуметтік осал топтарға қолдау білдіретін ақша жоқ  дегенді білдіре ме?

— Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін бюджеттің кіріс бөлігіне қарау керек.

Өткен жылдары шығыстар орта есеппен 10-11 трлн теңге, ал кіріс салық базасы — 5 трлн теңге болды

Енді салық базасына қандай сома кіретінін қарау керек.

— Елордалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы төтенше жағдай мен карантин кезінде Нұр-Сұлтанда қанша кәсіпорын жұмыс істегенін есептеді. Олардың пікірінше, бұрынғы көрсеткіштерді қалпына келтіруге екі жыл кетеді. Сіздің болжамдарыңыз қандай, өйткені экономиканың локомотиві туралы сөз болып жатыр емес пе?

— Қазақстандағы шағын және орта бизнес ешқашан экономиканың локомотиві болған емес.

ЖІӨ-де 50%-ға жету мақсаты бар, бірақ мұндай сандар ешқашан болған емес және болмайды да. Тек Алматыда ғана  шағын және орта бизнестен түскен салық кіріс бөлігінің 70%-ын құрайды.

Жалпы ел бойынша жағдай 20-дан 30%-ға дейін.

Экономиканы қайта қалпына келтіру

Мен дағдарыстан шығу шараларын ұсындым.

  • 1990-2000 жылдары өзінің өміршеңдігін дәлелдеген кәсіпқойларды басшылыққа қайтару қажет. Әзірге олар бізбен бірге. Кадр резервінен тағайындауды тоқтатқан дұрыс. Қажет болса, жас шегін арттыру керек.
  • Басшылық лауазымдарға тағайындамас бұрын, жастардың нақты экономикадағы қабілеттерін тексеріңіз: жергілікті жерлерде, аймақтарда. Ыңғайлы кабинеттерде емес,  көмекші және референт ретінде нақты әрекетте сынау қажет. Мемлекеттік қызметкерлерді, тәжірибелі басшыларды, мықты фермерлерді және тиімді ұйымдастырушылардың қарамағына баруы керек.
  • Қазір барлық ресурс пандемиямен күресуге жұмылдырылған сәтте басқа бағыттар мен салалардың тоқырауын тоқтату керек. Бұған аз да болса уақытымыз бар.
  • Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатын экономиканың нақты секторын ынталандыру жағына өзгерту. Сонымен қатар, теңге бағамын еркіне жіберіп, оны нақты өзгермелі ету.
  • Ұлттық Банктің шаруашылық жүргізуші субъектілердің акцияларын сатып алуына тыйым салу.
  • Қаржы реттеушісі жүргізетін қаржы саясатын Үкіметтің экономикалық саясатымен және оның басымдығымен («экономиканы қаржыға бейімдемеу», ал қаржылық іс-әрекеттерді экономикалық бағыт, саясат, бағдарламалар бойынша әзірлеу) біріктіру.
  • Үкіметтің кадрлық экономикалық блогын күшейту. Дағдарысқа жеткізген адамдар экономикалық өсу кезеңінде экономиканы әртараптандыруды жүргізе алмады және бірқатар негізгі бағдарламаларды жойды. Сондықтан бұл істі басқалардың қолына беру керек.
  • Квазимемлекеттік компаниялардың оффшорларда жұмыс істеуіне үзілді-кесілді тыйым салу енгізілсін.
  • Монополияға қарсы комитет пен статистика комитетін тиісті функциялары бар дербес бөлімшелерге жіктеу. Мұнда оңтайландырудың жөні жоқ. Егер жәрдемақы (42 500 теңге) балалар саны бойынша берілсе, әлеуметтік көмек алушыларға мүмкіндігі шектеулі адамдарды, зейнеткерлер мен балалар үйінің түлектерін қосу қажет деп санаймын.

Ұжымдық иммунитет

— Ал наурыз айынан бастап экономистер айтқан дағдарысқа қарсы экономикалық жоспар қайда қалды?

Көптеген адам сияқты, мен де оны да күтіп жүрмін. Орындалуы міндетті, бірегей болуы керек. Жауапкершілігі де жоғары болғаны жөн.

Әріге байқағаным,  олар ұжымдық иммунитеттің қажеттілігін жаппай санаға енгізуге тырысады

Халықтың бір бөлігі қазірдің өзінде жаппай қырып-жойылуға дайын. Мен дәрігер, эпидемиолог, инфекционист те емеспін. Мен – экономистпін.

Ұжымдық иммунитет арқылы эпидемияны жеңу күшті әлеуметтік инфрақұрылымы бар елдерде ғана мүмкін екенін білемін

Ол үшін қуатты экономикалық ресурстар, өзінің күшті индустриясы мен жоғары құқықтық мәдениеті қалыптасып, дәрігерлер қалай емдеуді білуі керек.

Өкінішке орай, Қазақстанда олигархиялық монополистік капитализм құрылған және ол әлеуметтік проблемаларға бағдарланғанбаған. Сондықтан біз Ұлттық қордан ақша алуға мәжбүр болдық. Ендігі жерде белімізді бекем бууға тура келеді. Үкімет аман қалуға тырысуда, оны сөгіп, айыптаудың да қажеті шамалы. Ол резервтердің көмегімен тесіктерді жабуға тырысуда.

Мен наурыз айында ең жақсы болжам бойынша дағдарыстан шығу үшін кем дегенде 2-ден 5 жыл уақыт  керек екенін айттым.

Саны емес, сапасы маңызды

— Бірақ министрлер батыл есептерді ұсынуда. 20 тамызда сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ішкі және сыртқы сауда туралы есеп берді. Ол пандемиямен байланысты құлдырау туралы сөз қозғады, бірақ тұтастай алғанда оның есебінде бәрі жаман емес. Бұл есептер шындыққа сәйкес келмей ме?

— 10 жыл бұрын мен салық түсімдерін тексеру саласында жұмыс істедім. Бір сан менің есімде қалыпты. Бір өңірдің аумағында 50 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген. 20 мыңға жуығы іс жүзінде жұмыс істесе, ал  олардың тек 10 мыңы ғана салық төледі. Сондай-ақ бәрі бірдей пайда таппайды, кейбіреулерінің кірісі нөлге тең.

Яғни, ашық кәсіпорындардың саны— бұл жай ғана сан. Егер ол салық аударымдарын жасамаса, оның еш маңызы жоқ

2014-2015 жылдары мен Еңбек министрлігіне өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды есепке алудың жақсы жүйесін ұсындым. Оларды үш санатқа бөлу керек: тиімді, орташа немесе тиімділігі төмен және тиімсіз жұмыспен қамту. Өзіне жұмыс істейтін азаматтарды заңды тіркеп, зейнетақы жарналарын төлеп, салық төлеу өлшемдеріне байланысты осы санаттарға жатқызу керек. Әрі қарай өзін-өзі тиімділігі төмен және тиімсіз жұмыспен қамтығандарға  өзін-өзі тиімді жұмыспен қамтуға көшуі үшін қаржылық қолдау көрсету туралы бастама жасаған едім. Бірақ Еңбек министрлігі өз таңдауын жасады.

Өкінішке орай, біз министрлердің сөздерін тексере алмаймыз. Ресми статистика әрқашан белгілі бір сенімсіздік тудырады. Әсіресе, бағаның өсуі туралы айтқанда көңілде күдік пайда болады. Коронавирус пандемиясына байланысты көкөністер, жемістер, жидектер бірнеше есе қымбаттады. 2019 жылғы және қазіргі бағаларды салыстыру жеткілікті. Айырмашылық 2-3 есе. Себебі, тауарлардың көп бөлігін өзіміз өндірмейміз, импорттаймыз. Импорт энергия ресурстары мен астық экспорты есебінен қамтамасыз етіледі.

Еңбек өнімділігі индикатор ретінде

— Екі мыңыншы жылдардың басында мен жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) экономика өсімінің басты көрсеткіші деп санауға үзілді-кесілді қарсы болдым. Объективті көрініс үшін жалпы ұлттық өнімді де (ЖҰӨ) ескеру қажет.

Трансұлттық корпорациялардың пайдасы шетелге кетеді. Біз оны азаматтарға  есептеп, бөлеміз. Нәтижесінде ел көрмеген сәтті сандар аламыз. ЖҰӨ болса шагрен былғарысы секілді тарыла түседі

Кәрім Мәсімовтің үкіметіне мен экономика өсімінің басты көрсеткіші ретінде еңбек өнімділігі алынатын жол картасын ұсындым. Егер өткен жылмен салыстырғанда әр адамға көбірек өнім өсірілсе, бұл нәтиже. Өспесе — құлдырау.  Бастапқыда идеяны қабылданды, кейіннен естен шығарды.

Әлеуметтік тұрақтылық тұрғысынан біз үшін қазір ең бастысы — халықтың жұмыспен қамтылуы. Жалақы ала отырып, адам әлеуметтік кепілдіктерге ие болады. Олай болмаған жағдайда әлеуметтік-экономикалық проблема басқа қылмыстық проблемаға ұласады.

Егер адамның тұрақты табысы болмаса және отбасын асырай алмаса, ол заңды бұзады немесе өзіне-өзі қол жұмсайды

Суицидтер туралы статистика жарияланбайтын болды, өйткені ол адамдардың өмірге деген наразылығын анық көрсетті.

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында тек екі стратегия аз да болса орындалды. Біріншісі 1992 жылы Қазақстанның вице-президенті Эрик Асанбаевтың басшылығымен қабылданды. Бұл Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу стратегиясы. Бес жыл ішінде мемлекеттік институттар, ұлттық валюталар және мемлекеттік билік атрибуттары құрылды. Екіншісі «Стратегия-2030» 1997 жылы қабылданды. Өте сапалы көрсеткіштері бар құжат, оның түпкі мақсаты әлемнің 50 дамыған еліне кіру болды.

2012 жылы бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша біз бұған қол жеткіздік. Болды. Қалған бағдарламалар орындалмады. Кейбір онжылдықта еш нәтижеге қол жеткізілмеді. Ол ел ішіндегі шиеленісті арттырды. Адамдар батыл есептерді, уәделерді және нөлдік нәтижені көреді. Бұл өте қауіпті үрдіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз