Ресей Федерациясының білім беру жүйесін қашықтықтан оқытуға дайындау үшін бірнеше жыл қажет дейді ресейлік сарапшылар.
Қазақстаннанға қарағанда ресейлік мектептер оқу жылын күндізгі режимде бастауға дайындалып жатыр. Алайда, ақпарат саласында Ресей Федерациясының үкіметі халықты пандемияның екінші толқынына дайындауда. Бұл мектептер жабылады және оқушылар қашықтықтан білім алуға көшеді деген сөз.
Eurasianet аналитикалық порталы ресейлік мектептер мұндай өзгеріске қаншалықты дайын деген сұрақ төңірегінде зерттеу жүргізді. Бұл өте түйткілді мәселе, өйткені 2020 жылдың көктемінде алғашқы карантинде толыққанды онлайн-оқытуды ұйымдастыру мүмкін болмады.
Ғылым коронавирустан құтқаруы керек еді, бірақ бізде ғылым жоқ
Мақала авторы өткен уақыт ішінде қандай да бір шаралар қабылданғанын айтады. Алайда, бұл өте қысқа мерзім. Өйткені, қашықтықтан оқытуға өтуге кедергі келтіретін көптеген объективті факторлар бар. Мектептерді, балалар мен мұғалімдерді материалдық-техникалық қамтамасыз етудің төмендігі, сонымен қатар онлайн-оқытудың бірыңғай платформасы мен педагогтардың виртуалды жұмыс дағдыларының болмауы тағы бар.
14 наурызда Ресейдің Білім министрлігі мектептерге «қажет болған жағдайда» және «уақытша» қашықтықтан оқытуға көшуді ұсынды. Наурыз айының соңында НАФИ аналитикалық орталығы жүргізген сауалнама Ресейдің білім беру жүйесі онлайн режиміне бірден ауысуға дайын емес екенін көрсетті.
Сәуір айының басында мектептер қызметін жалғастыру үшін тек екі нұсқаны таңдай алды: толығымен онлайн-оқытуға көшу немесе 1-8 сыныптар үшін өткен кезеңнің қорытындысы бойынша жылды аяқтау.
«РОББО Клуб» робототехника мектептерінің халықаралық желісінің негізін қалаушы Павел Фроловтың айтуынша, ірі қалалардағы мектептердің 5%- дан астамы онлайн-оқыту процесін неғұрлым қолайлы ұйымдастыра алды.
«Онлайн-оқудың сәтсіздігінің бірнеше себебі бар. Бірінші кезекте, бұл отбасылардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің төмендігі. Соңғы ресми мәліметтер бойынша, балалардың 26%-ы табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан. Олардың қолында онлайн режимге қажетті ештеңе жоқ. Компьютерлер де, планшеттер де, смартфон да қол жетімсіз. Көптеген мұғалімдерде сабақ өтуге арналған техникалық құрылғылар жоқ», — дейді сарапшы.
Фролов 2020 жылдың көктемінде білім беру саласының құлдырауының басқа бір себебі ретінде келесі мәселелерді айтты:
Санкт-Петербургтегі «№1 Онлайн-мектептің» негізін қалаушы Никита Поташконың айтуынша, оқу процесін онлайн ұйымдастыру бойынша барлық жүк мұғалімдердің мойнында. Олар оқушылармен өзара әрекеттесу мәселелерін өз бетінше шешуге мәжбүр болды. Бейнеконференция қызметтерін меңгеріп, оқу материалдарын жіберу мен үй тапсырмаларын алудың тиімді жолдарын іздеді. Бұл тек бірді-екілі мұғалімнің қолынан келді.
«Көптеген мұғалім компьютерде жұмыс істей алмайды және балаларды оқытпас бұрын, олар өздері үйренуі керек
Мектептер ұсынған жолды тек өз бетімен оқу деп атауға болады. Дәстүрлі мектепте толыққанды қашықтықтан оқыту әлі болған жоқ. Бұл жақын арада болады деп те айта алмаймыз», — деп санайды Поташко.
№1811 Мәскеу гимназиясының директоры, РФ еңбек сіңірген мұғалімі Александр Рывкин де осындай пікірде.
«Ақ жол» партиясы ұсынған қиындықтан шығар жол және экономистің сыны
«Бүгінгі күні материал көлемі аз, онлайн-сабақтың сапасы сыныпта өткізілген әдеттегі сабақтан төмен. Мысалы, физикада, математикада қолданылатын әдістерде оқушымен практикалық жұмыс жасауды қажет етеді, қашықтықтан оқыту тиімсіз», — деп жазды ол өзінің блогында «Білім беру жаңалықтары». сайтында.
Алайда, Eurasianet мәліметінше, ресейлік мектептер коронавирустың екінші толқыны келгенге дейін үлкен проблемаға тап болады. Бұл Ресейлік тұтынушылық қадағалау комитетінің талаптарына байланысты.
Олардың арасында:
Бүкілресейлік білім беру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының төрағасы Виктор Панин бұл талаптардың көпшілігін орындау мүмкін емес деп есептейді.
«Мәселен мектепте екі-үш ауысым болса, түрлі уақытта сабақтарды бастау туралы талапты қалай орындауға болады? Жай ғана оқу орнының шығуы мен кіреберісінде
бұл процесті балалар бір-бірімен қиылыспайтын етіп ұйымдастыру техникалық жағынан қиын», —
деді Панин «Московский комсомолец» басылымына.
Портал сонымен қатар бір мектеп директорының пікірін келтіреді. Оның айтуынша, мектептердің басым көпшілігі барлық талаптарды орындай алмайды. Бірақ бұл Ресейлік тұтынушылық қадағалау комитеті де түсінеді. Сондықтан олар көп нәрсеге көз жұма қарайды.
— Біз әр түрлі ведомстволардың ұсыныстарын сақтауға тырысып, өз іс-әрекетімізбен — балаларды оқытумен айналысуды ұмытпауымыз керек
— деді директор. — Алайда, 2020 жылдың көктемінде дәл солай болды. Біз сырттан мардымсыз көмек алсақ та, оқуды жалғастыруға тырыстық».
Егер эпидемиологиялық жағдай шиеленіскен жағдайда мектептер қайтадан қашықтыққа ауысса, 2020 жылдың көктемінің сценарийі қайталанады, дейді сарапшылар. Жарты жыл ішінде акөп нәрсе өзгермеді. Қалыпты жағдайда қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға кедергі келтіретін факторлар көп. Сондықтан онлайн білім беру сапасының айтарлықтай жақсаруын күтудің қажеті жоқ.
Мемлекет мектептердің техникалық жабдықталуын арттыру үшін қадамдар жасауда, бірақ олар алыс болашаққа арналған. «Білім беру» ұлттық жобасы аясында «Цифрлық білім беру ортасы» бағдарламасы іске асырылуда. Оны қаржыландыру 2024 жылға дейін 79,8 миллиард рубльді құрайды.
Бірыңғай білім беру платформасы құрылады, оған сервистер мен оқыту бағдарламалары, оның ішінде қашықтықтан оқыту кіреді. Жаңа оқу жылында ОСО-ны енгізудің эксперименттік жобасы еліміздің 14 өңірінде басталады.
Поташконың айтуынша, мектептерде бірегей платформа пайда болған кезде, оқушылар онлайн-сабақтарға қосыла алады, ал мұғалімдер үй тапсырмасын тексеріп, кері байланыс орната алады. Сонда ғана мектептерде қашықтан оқыту форматы бар деп айтуға болады.