Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Біздің сенатта бұрынғы шенеуніктер тым көп — саясаттанушы

115

Парламенттің екі палатасына да қуатты оппозиция және бизнес пен азаматтық қоғам өкілдері қажет, деп мәлімдеді саясаттанушы Замир Қаражанов біздің порталға берген сұхбатында. Қазіргі «әлсіз» депутаттар үкіметті тиімді жұмыс істеуге міндеттей алмайды. Заң шығару жұмысына да жұртшылықтың қояр талабы көп.

Сенат — «сен тимесең мен тимейтін» дейтін орын ба?

— Қоғам жақында өткен сенат сайлауына мүлдем назар аудармады десе де болады. БАҚ-та шағын ақпарат берілді, әлеуметтік желілерда бұл процесс елеусіз қалды. Дегенмен, мұндай маңызды билік органын мұқият бақылау керек еді. Әсіресе оның төрағасы президент болғаннан кейін. Бірақ неге бұлай болмады?

— Бұл қалыпты жағдай,

әлемде әдетте Парламенттің жоғарғы палатасына емес, төменгі палатасына көбірек көңіл бөлінеді

Ең шулы пікірталастар мен ең өткір шешімдер әрқашан төменгі палаталарда орын алады. Ондағы жағдай қызықтырақ. Көбінесе парламенттің төменгі палатасы партиялық тізімдер бойынша, ал жоғарғы палатасы аймақтық негізде құрылады. Саяси партиялар өзара бәсекеге түсетіндіктен, төменгі палатада қызу пікірталас болады.

Ал жоғарғы палата белгілі бір сақтандыру белдеуі ретінде қызмет етеді, оның міндеті  қате заңдарды қайта қарауға жіберу. Парламенттің ішінде тікелей тексерулер мен тепе-теңдік механизмі құрылады.

— Дегенмен, кезекті заң шықса болды, жұртшылық үнемі шағымданады. Олардың кәсібилігілігіне сын айтып,  қателерін көзге шұқып көрсетеді.

— Парламентті екі палатаға бөлудің бұған еш қатысы жоқ, мәселе партиялық жүйе мен сайлауды өткізу процесінде. Мәжіліске партиялық тізім бойынша таңдайды,  орындардың көпшілігін «Нұр Отан» иеленеді. Заң жобаларын қабылдау кезінде депутаттар халықтың мүдделеріне ғана емес, үкімет пен президент әкімшілігіне де назар аударады. Егер мәжіліс депутаты сайлаушының мүддесін басты назарға алса, бәрі басқаша болар еді.

Сенатқа сайлау өткізу Тоқаевқа кадрлық ауыс-түйістер жасауға көмектеседі — сарапшы

Өңірлердегі мәслихаттарды сайлайтын сенаторларға келетін болсақ, олардың арасында мемлекеттік қызметкер тым көп. Бір кездері мен осы салада тығыз жұмыс істеп, олардың құрамын өз көзіммен көрдім. ҮЕҰ өкілдері мүлдем болған жоқ, бірен-саран бизнес өкілдері, қалғандары — бұрынғы шенеуніктер.

Бұл депутаттың кәсіби қызметіне сөзсіз әсер етеді, ол шыққан ортасына қарай әрекет етеді

Парламенттегі экс-шенеуніктердің санын қысқарту

— Соңғы бірнеше жылда сенаттың көзге көрінетін жұмыс істеп жатқанын мойындау керек. Ең болмағанда

олар көбінесе жөнімен және дәлелді түрде үкіметті сынай бастады,

Дегенмен, палата әлдеқайда тиімді жұмыс істей алар еді. Көптеген даулы заң мәжіліс пен сенат арқылы өтеді.

— Парламентте бұрынғы шенеуніктердің тым көп болуы неліктен дұрыс емес?

— Бізде мемлекеттік қызметтің рөлі барлық салада тым жоғары. Экономикада да, саясатта да, сонымен қатар биліктің өкілді органдарында да солай. Бұл «мемлекеттік аппараттың лоббиі» ең алдымен заңдарға, әсіресе мемлекеттік органдар мен шенеуніктердің жұмысына қатысты заңдарға әсер етеді.

Сонымен қатар, Үкіметтің тиімділігі де төмен. Жақында Президент аурудың таралу себептерінің бірі жергілікті билік органдарының жұмысы екенін мойындады. Сондықтан біз олардың жұмысының жемісін көріп отырмыз.

Парламентте (мәжілісте де, сенатта да),

шын мәнінде төменгі деңгейден шығып, халықтың мүдделерін білетін азаматтық қоғам мен бизнестің өкілдері көп болуы керек

Шенеуніктердің аз болғаны тіптен жақсы. Содан кейін екі палата да басқаша жұмыс істеп, ең өзекті мәселелер бойынша қатаң принципті заңдар қабылдайтын еді.

Депутаттар тіпті министрлердің отставкаға кетуіне қол жеткізе алады, бірақ мұндай шараларды ешкім қабылдамайды. Шамасы, өздері де сол жерден шыққандықтан, қарға қарғаның көзін шұқымайды дегенге сүйенсе керек. Тіпті Назарбаев өз уақытында Мәжіліс депутаттарының министрлерді сынамайтынын айтқан еді. Парламент —  биліктің дербес тармағы. Көптеген өкілеттіктері бар, бірақ оларды ешкім тиісті дәрежеде пайдаланбайды.

Қазіргі үкіметтің елде орын алған жағдайға нақты диагноз қоюға шамасы келмейді — Әшімбаев

Сонымен қатар, Парламентте нақты саяси бәсекелестік жоқ. Қатаң оппозиция болса олар кәсіби жұмыс істеуге мәжбүр болар еді. Үкімет те мәжбүрлей бастар еді. Қазіргідей алдымен министрді сынға алып, кейіннен «бірақ сіз жақсы жұмыс істеп жатырсыз» деп айтпайтын еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз