Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Сарапшы «СК-Фармацияны» таратып, несиелерді қайта қаржыландыруды ұсынды

133

Екі карантин және бір төтенше жағдай мемлекеттік басқарудың, оның ішінде денсаулық сақтаудың әлсіздігі мен баяулығын көрсетті, деп есептейді экономист Әсет Наурызбаев. Оның пікірінше, нарықтық ортаны дамытып, мемлекеттің барлық салада қатысуын қысқарту қажет.

Несиелерді қайта қаржыландыратын уақыт келді

Наурызбаев алдымен Ұлттық банктің жұмысына бірқатар наразылығын білдірді. Оның пікірінше, ведомство реттеушінің емес, «инвестициялық банктегі брокердің» міндетін орындап отыр.

— Бастапқыда ставканы көтерді, кейін ұялғанынан қайта түсірді. Олар жай ғана пайда табу үшін жасап отырғандай. Бірақ олардың міндеті басқа, — деді ол.

Сарапшының айтуынша,

бірінші кезекте Ұлттық банк жұмыс істеп тұрған кредиттерді қайта қаржыландыруы тиіс еді

Бұл бірден бірнеше нәтиже береді.  Біріншіден,  несие арзандаса, компанияларда көбірек ақша қалады және позициялар күшейеді. Қарапайым тілмен айтқанда, аман қалу мүмкіндігі артады. Екіншіден, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелі жақсарар еді,  бұл дағдарыс кезіндегі ең маңызды шара.

— Осының орнына олар тек валюта бағамын қолдаумен айналысады.

Валюталық алыпсатарларға үнемі бағдарлану  жалықтырып жіберді

— дейді Наурызбаев.

Өздерінің қателігін халықтың мойнына артып қойды

Сарапшының Денсаулық сақтау министрлігіне де айтар шағымдары бар екен, оның жұмысын «шым-шытырық» әрекетке толы деп атады.

— Елімізде болып жатқан оқиғаларды көріп отырмыз. Белгілі хаттама бойынша дәрі-дәрмектердің резервтік қоры қалыптаспағаны белгілі болды. Ауруханаға жатқызу процедуралары қабылданған жоқ. Аурухана орындарының қоры жеткілікті деңгейде қалыптасқан жоқ, — деген ол денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын сынға алды.

Денсаулық сақтау шенеуніктері тіпті шектеу ережелерін дұрыс әзірлей алмады.

Табиғатқа шығуға болмайды, бірақ базарға баруға болады

—  Соңында олар халықты әдейі шу шығаруда деп айыптады. Жай ғана кезекте тұрған және дәрі-дәрмек сатып ала алмаған алматылықтарды кінәлады. Ал дәрі -дәрмектердің жеткілікті қоры болды, те олар дәріхана сөрелерінде емес, қоймаларда сақтаулы тұрды,— дейді Наурызбаев.

Сарапшы

 Ең алдымен денсаулық сақтау саласындағы шамадан тыс көп «монополияларды» жою қажет

деп есептейді.

Жақында «СК-Фармация» жаңа өкілеттіктерге ие болды. Ол мүлдем нарықтық емес ойыншы. Ол саланың дамуына көмектесудің орнына, керісінше кедергі келтіреді.

«СК-Фармацияның» жаңа уәкілеттігі: карт-бланш па әлде нарық заңын бұзу ма?

— Нарықтық қарым-қатынас орнауы  керек. Медицинада қазіргіден мүлдем басқа сақтандыру болуы керек. Бәсекелес сақтандыру компанияларының желісін құру қажет. Сонда ғана дұрыс жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласына қол жеткіземіз. Егер аурухана дәрі-дәрмектерді үш есе қымбатқа сатып алып, нашар емделсе, ол жойылып, жабылады, — деп атап өтті Наурызбаев.

Наурызбаев «СК-Фармация» және оған  ұқсас басқа да компанияларды  мүлдем жоюды ұсынды. Ол өзінің ойын «мемлекеттік медицина тиімсіз және баяу» деген пікірмен дәйектеді.

Экономистің пікірінше, бізге қажет негізгі жүйелік өзгеріс —  мемлекеттің қатысуын барынша азайту. Тек денсаулық сақтау саласында ғана емес, барлық салаларда да.

Барған сайын ақша азайып барады

Экономист Ерлан Ибрагим «карантиннен кейінгі» болашаққа шағын болжам жасады. Оның пікірінше

мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер азаяды, яғни оны қайта қарау керек

— Карантин басталғаннан бері кірістің төмендеуі —  бұл алғашқы белгілер ғана. Әрі қарай ол күштірек сезіледі. Көптеген бизнес жұмысын тоқтатты, олардың біршамасы айтарлықтай шығынға ұшырады. Кейбір секторларда өсім деңгейі артқан да шығар, бірақ олар жалпы фонда маңызды емес. Сонымен қатар, мұнай бағасы ең төменгі деңгейде. Яғни, салық түсімдері айтарлықтай қысқарады, — дейді  ол.

Ең алдымен, бюджет біраз уақыт Ұлттық қордан жасалған трансферттермен толықтырылады, бірақ ол қанша уақытқа жетеді? Ерте ме, кеш пе шығынды азайту керек.

Бірақ Ибрагим қандай бағдарламалардың қысқартылатына қатысты болжам жасамады. Бірақ ол мұны ұзақ уақыт жасау керегін атап өтті.

Сонымен қатар, сарапшы пандемия экономика құрылымындағы ғана емес, мемлекеттік басқарудағы да кемшіліктерді әшкере еткенін атап өтті. Бұл денсаулық сақтау, білім беру және басқа салаларға қатысты.

— 42 500 теңге жәрдемақы төлеу — бұл дұрыс шешім болды. Бірақ оны іске асыру процесіне қатысты талай сын айтуға болыд. Шағымдар да тым көп болды, — деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз