23 шілдеден бастап компания бөлшек сауда желілерінде одан әрі сату үшін дәрі-дәрмектерді көтерме бағамен сатып алу функциясына ие болды.
«Аман-Саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова үкімет шешімі ақылға қонбайды дейді. Оның пайымдауынша, «СК-Фармация» ЖШС 10 жыл ішінде өзінің тиімсіздігін дәлелдеді, жабылуы керек.
— Бақыт Ниязбекқызы, сіздің ойыңызша, екі апта бұрын жұмысына қанағаттанарлықсыз баға берілген ұйымға қосымша өкілеттіктер беру не үшін керек?
— «СК-Фармация» ЖШС-ның жұмыс істегеніне 10 жыл болды. Бұл ұйымды құру идеясы талқыланған кезде мен алғашқылардың бірі болып үзілді-кесілді қарсы шықтым. Көпшілік көтерме сатып алудың арқасында дәрі-дәрмектердің құнын төмендету арқылы бюджет шығындарын төмендетуге болады деп сендірді.
2010 жылы фармацевтика өнеркәсібін дамытудың алғашқы мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Бес жыл ішінде елімізге қажетті барлық дәрі-дәрмектің 70%-ын шығаруды жолға қоюға тиіс едік. Мен бірден бұл мүмкін емес деп айттым, себебі бес жыл бұл жұмыс ішін тым аз уақыт еді
Айтқаным айдай келді. Бүгінде дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсалатын қаражаттың 90%-дан астамы шетелдік өндірушілерге кетеді.
«СК-Фармация» құрудың және оның жұмысының орындылығы үлкен мәселе және солай болып қала береді. Бірінші орынға бағаны қойып, олар ел аумағының ұлкендігін және логистика мәселелерін шешу қажеттілігін толығымен естен шығарды.
Дәрі-дәрмектерді әкеліп қана қоймай, қолайлы сақтау жағдайында орналастыру керек. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша бірыңғай оператор құра отырып, мемлекет өңірлерден және осы мәселелерді шешуге міндетті нақты адамдарды жауапкершіліктен босатты.
Сондықтан қазір әр аймақтың қолына билік беріп, көптеген міндетті жүктеу керек.
Енді есептеп көрейік
10 жылдың ішінде «СК-Фармацииның» басшылығы қанша рет ауысты? Барлығы дерлік жанжалмен кетті. Ал дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері осы күнге дейін шешілмеген күйінде қалып отыр
Мұндай жағдайда ұйымға қосымша функциялар бермеудің орнына оны жабу туралы мәселе көтеру керек.
— «СК-Фармацияға» дәріханаларда бөлшек бағамен сауда үшін дәрі-дәрмектерді сату уәкілеттілігінің берілуі, бұл мемлекеттің нарыққа араласуы ма?
— Әрине. Оның көптеген теріс жақтары бар.
— Олар өз шешімін былай түсіндірді. Дәріханалық желілерінің нарықтық жеткізушілері қиын-қыстау кезде жағдайды реттей алмағандықтан елде дәрі-дәрмек тапшылығы орын алды. Ал«СК-Фармация» өзінің көлемімен белгілі бір қауіпсіздік жастығын жасайды дейді.
— Бұл қисынсыз түсінік.«Аман-Саулык» қоғамдық қоры 2007 жылы тіркелген, ал 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз елімізде бірінші болып азаматтардың өтініштерін қабылдау бойынша жедел желі құрдық. 11 жыл ішінде оған 33 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Оның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі де бар.
Егер өткен онжылдыққа оралып, фармацевтикалық нарықтағы қазіргі проблемаларға көз салсақ, ештеңе өзгермегенін көреміз
Яғни «СК-Фармация» тиімсіз құрылым және тек қызу жұмыс істеп жатқан сыңай танытады? Енді дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің тапшылығына кім кінәлі екенін түсінудің орнына, нарық заңдарын бұзып, «СК-Фармацияға» жаңа өкілеттіктер берді. Менің ойымша, бұл нағыз масқара.
Ал республикалық арнайы мониторингтік топтың төрайымы Айгүл Соловьева Үкіметтің қабылдаған шешімі карантин кезінде қымбат дәрі-дәрмектерді алуға мәжбүр болған қарапайым тұтынушының мүдделерін қорғайды деп есептейді.
— Айгүл Сағадибекқызы, біз 10 шілдеде Президенттің «СК-Фармацияға» қатысты сын-ескертпесін және оның басшы жұмыстан босатылсын деген тапсырмасы бәріміздің есімізде. Бұрынғы міндеттерді орындай алмаған ұйымға жаңа өкілеттілік не себепті берілді, түсініксіз?
— Мен «СК-Фармацияның» қажеттілігіне қатысты мәселені көтереміз. Алдымен ұйым жұмысына талдау жасап, бағалап көреміз. Екіншіден компанияның басшысы ауысты.
Айгуль Соловьева
Сонымен қатар, «СК-Фармация» жанынан Қоғамдық кеңес құрылды, оған біздің арнайы мониторингтік топтың мүшелері де кірді. Енді шешім қабылдау кезінде жұртшылықпен көбірек кеңесетін болады.
«СК-Фармация» ЖШС-ға қосымша өкілеттіктердің берілуін дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру үшін жасалған қадам деп бағалаймын
Менің білуімше, компания нарықтағы барлық препаратты сатып алмайды. Олар тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне кіретіндерімен қамтамасыз етуге жауапты. Халықтың аз қамтылған топтары немесе үйде ем алатын зейнеткерлер осы резервтен үзіліссіз дәрі-дәрмек алып отырады.
— Қаулыда «СК-Фармацияға» бөлшек саудаға шығарылатын дәрі-дәрмектерді көтерме сатып алу өкілеттігі берілген деп жазылған емес пе?
— Бөлшек саудада да кепілдендірілген препараттардың тізімі бар. Төтенше жағдай мен карантин кезінде олардың бағасы да бірнеше есе қымбаттады.
Көтерме сатып алу болғандықтан, фармацевтикалық компаниялар дәрі-дәрмектерді арзан бағамен сата алады
«СК-Фармацияға» нарықтық жүйені және дәріханалардың жұмысын ауыстыру үшін жаңа өкілеттіктер берілді деп ойламаймын..
— Сонда олар дәріханаларға да дәрі-дәрмектерді жеткізеді. Мұндай шара мемлекеттің нарыққа араласуы емес пе, онда «СК-Фармациядан» бөлек ойыншылар да ғой?
— Бұл нарыққа араласу деп ойламаймын. Мемлекеттің адамдардың алдындағы міндеттемесі мен кепілдіктері бар. Фармацевтикалық нарықтағы «СК-Фармация» секілді компанияға дәріханаларға өте шектеулі көлемде дәрі-дәрмектерді жеткізуді ұсыну, нарыққа араласу емес.
Егер сіз бұл жағдайға тұтынушы призмасы арқылы қарасаңыз, үкіметтің шешімі өте дұрыс
Егер дәріханаларда кепілдендірілген көлемге жататын препаратты тұтынушыға 2-3 есе жоғары бағамен ұсынылса, ол өзіне қарапайым аспиринді қымбат антибиотиктің бағасымен сатып алсам, мемлекет не істеп отыр деген сұрақ қояры анық?
«СК-Фармация» ЖШС дәріхана мен сатуды реттеуші міндетін атқармайды. Ол азаматтарға мемлекеттің дәрі-дәрмектерді белгілі бір бағамен жеткізуіне көмектеседі.
— Тапшылықтың алдын ала ма?
— Тапшылықтың алдын алуға да қатысатын шығар, білмеймін. Менің ойымша, үкімет бұл жеткізілімдер коронавирус пандемиясына байланысты жағдайды сақтап қалуы мүмкін деген талдау жасады. Егер ертең жеке кәсіпкер дәрі-дәрмектерге деген сұранысты жеңе алмаса, СК-Фармация сақтандырады.
Жалпы мемлекет мұндай шешімдерді ешқашан жайдан-жай қабылдамайды.
Қандай да бір өкілеттік беретін кез келген құжат міндетті түрде талдаудан өтеді. Бұл жағдайда ол бизнеске қалай әсер етеді?
Фармкомпаниялар қарсылық білдірген жағдайда бұл құжат талап етуге болады.
Егер шешім нарыққа зиян келтіретіні дәлелденсе, норма жойылуы керек. Ал мемлекет бизнестің шығынын өтеуге тиіс. Сондықтан мемлекет оған нарық ойыншыларының келісімінсіз механикалық түрде кірді деп ойламаймын.