Эйфель мұнарасының жарығы Ливан астанасы Бейруттегі жарылыс құрбандарын еске алу үшін сөндірілді.
— Бұл жарылыстың құрбандарына құрмет, — дейді Француз астанасының мэрі Анн Идальго Twitter-де жазбасында.
Бейруттағы апат құрбандарына арналған акция Тегеранда да өтті. Иран астанасының басты символдарының бірі — Азади мұнарасында Ливан туы мен «Бейрут үшін дұға ет», «Бейрут біздің жүрегімізде» және «Ливан, мықты бол» секілді араб және ағылшын тілдеріндегі жазулар шығарылды.