Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспары: сарапшылар кеңестерімен бөлісті

247
ca-portal.ru

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов дағдарыстың шиеленісуі және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы жағдайында қабылданатын шараларды айтты:

  • жұмыспен қамту және халықтың табысын қолдау,
  • ШОБ-ны қолдаудың шұғыл шаралары,
  • импортты белсенді алмастыру
  • макроэкономикалық тұрақтылық.

Жаңа ешнәрсе жоқ

Сарапшы Тимур Әбілқасымовтың айтуынша,

ел  «нақты» шаралардың қабылданатыны туралы көп жылдан бері естіп келеді

Ұлттық экономика министрі мәлімдеген ағымдағы жоспарлардың бұрынғысынан айтарлықтай өзгешелігі жоқ.

— Халықтың табысы туралы айтатын болсақ, оларды қолдайтын жүйелі шаралар әлі қабылданбады. Ұзақ карантиндік шаралардың арқасында жұмыссыздық өсе береді. Импортты алмастыру бойынша «нақты» шаралар бұрындары да қолданылған. Мәселен ҮИИДМБ (ИИДМБ) көпе-көрнеу атауы бар бағдарлама 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді, ал қандай да бір импортты алмастыру немесе экспорттың күрделілігін арттыру шаралары орындалған жоқ. Экспортқа шығарылатын тауарлардың шамамен 60%-ы әлі күнге дейін мұнайға, газ конденсатына тиесілі және экспортталатын тауарлардың күрделілік индексі бойынша ештеңе өзгермеген.

Тимур Әбілқасымов

2020 жылы қандай өзгерістер болады?

Мұнай нарығындағы кез келген соққы макроэкономикалық тұрақтылыққа айтарлықтай әсер етеді. Жалпы алғанда макроэкономикалық жағдай тәуекел аймағында қалып отыр. Ірі экономикалардағы кез келген шок Қазақстан тікелей қатысты ашық экономикадағы  валютаның айырбас бағамына теріс әсер етуі мүмкін.

2020 жылы инфляция 8%-дан асады деп күтілуде. Бұл инфляцияның таргеттелген дәлізінен жоғары

Жеткізу тізбегіндегі үзілістер сұраныстың төмендеуімен және өндірістің іркілуімен шектеледі, бірақ бағалар өсе береді. Үкімет пен ҚРҰБ-ның  қысқа мерзімді перспективада елеулі шығынсыз макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, жүйелі шаралар қабылдайтын тетіктері жеткіліксіз, —деді ол.

Қалай қолдау керек?

Қаржыгер Расул Рысмамбетов те дағдарыс кезінде мемлекеттің экономиканы қалай тиімді жандандыратыны туралы өз ойымен бөлісті. Ол азаматтарды жұмыспен қамтуды қолдау екі бағытқа бөлінуі керек деп санайды:

  • жұмыс орындарын құру
  • жүз адамнан көп адам жұмыс істейтін компанияларға мемлекеттік қолдау көрсету.

Соның ішінде шикізат, өндірістік компаниялар және ауылшаруашылық кәсіпорындарын басты назарға алған жөн. Олардың көпшілігі қазір дағдарысқа тап болды.

— Ауыл шаруашылығында ірі жобалар бар, оларды жүзеге асыруды жалғастыру қажет. Мысалы, ауылшаруашылығы өнімдерінің бір бөлігін сатып алу үшін құрылған көтерме-тарату орталықтары (КТО),

Олардың жанында қайта өңдеу кәсіпорындарын ашу қажет. Мемлекет өндірістік ауылшаруашылық кооперациясына көбірек көңіл бөлу керек, бұл ұйымдар азық-түлік бағасын төмендете алады.

Жұмыссыздарды жаңа мамандықтарға оқыту, одан әрі ірі жобаларға жұмысқа орналастыру жұмысы іске асырылуы тиіс. Бұл қарапайым заттар экономикасы бағдарламасының орындалуы, —деп кеңес береді ол.

Импортты алмастырудың ерекшеліктері

Импортты алмастыру алдағы 3-6 айда шығарылуы мүмкін тауарлардан басталуы тиіс. Ал екінші кезеңде басқа импорттық тауарларды ауыстыру туралы айтуға болады.

— Процесс іске қосылған кезде ғана осындай импорттық тауарларға баж салығын көтеруге болады. Ең дұрысы,

ішкі тұтыну үшін тауарларды неғұрлым көп өндірсек, соғұрлым жақсы

Шегеден бастап автомобиль шиналарына дейін өндіруді қолға алу керек.

Барлығын өз күшімен өндіру міндетті емес, инвесторларға өндірісті ел ішінде орналастырасыңдар деп талап қойып, қандай да бір жеңілдіктер беруге болады

Осылайша біз жұмыс орындарын қамтамасыз етеміз және импортқа тәуелділікті төмендетеміз.

Экономиканы қалай тұрақтандыруға болады?

Макроэкономикалық тұрақтылыққа келетін болсақ, үкіметтің базалық мөлшерлеме арқылы несие саясатын реттеуді қолға алуына болады.

 

Расул Рысмамбетов, дереккөзі: kapital.kz

Біз үшін экономикалық тұрақтылық үш китке байланысты. Олар бизнестің теңге бағамына болжам жасай алуы, экспорттың өсуі және импорттың төмендеуі,

— дейді қаржыгер.

Рысмамбетовтың пікірінше, ШОБ-ті қолдау өте күрделі қадам. Кімге қолдау көрсету керек деген сұрақ туындайды.

— Мемлекетке жеке компанияларды емес, шағын компаниялар жұмыс істейтін секторларды қолдау қажет

Ал ШОБ бәсекелестік негізінде бұл қолдауды одан әрі үлестіріп алады, — дейді сарапшы.

Кредит панацея бола алмайды

Экономист Әнуар Үшбаевтың айтуынша, қолдау біркелкі болмауы керек. Оны экономиканың ең көп зардап шеккен секторларына бағыттаған жөн.

— Ағымдағы қолдау шараларының барлығы дерлік қаржыға қатысты екені түсінікті. Бірінші кезекте несиелеу түрінде. Бірақ бизнес дағдарыс жағдайында болған кезде ешқандай несиелік қолдау шаралары жоғалған кірістерді алмастырып, экономиканы оңалта  алмайды. Сондықтан олар негізгі емес, қосымша шаралар болуы керек.

Жалақыны өтеу — ШОБ үшін ең қарапайым тікелей қолдау шарасы

Бұл, әсіресе, негізгі шығындар еңбекақы қорына жұмсалатын қызмет көрсету секторы үшін өзекті.

Әнуар Үшбаев, дереккөзі: forbes.kz

Егер мемлекет халықтың жоғалған кірістерін өтеу тұрғысынан көрсететін көмегін сәл артырса, бизнес пен жалпы экономикаға көмектесетін еді

Ол бір реттік төлем болмауы керек, дағдарыс тез арада аяқталмайды. Менің ойымша, мемлекет оған қаражат таба алады.

Мұндай қолдаудың пайдасына қысқартуға болатын көптеген қажетсіз шығындар бар,

— екеніне экономист сенім блдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз