Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

COVID-19-бен ауырып жазылғандарда қанша уақытқа дейін вирусқа қарсы иммунитеттің сақталатыны белгілі болды

248
Сурет: Reuters

Бұл туралы новосібірлік «Вектор» орталығының басшысы Ильназ Иматдинов айтты, деп хабарлайды РИА Новости. Ғалым жаппай вакцинация енгізілгенге дейін адамдар ұжымдық иммунитет қалыптастырады және вакцинация мағынасын жоғалтады деген пікірге қатысты өз көзқарасын білдірді.

— Егер бұл шынымен солай болса, жақсы болар еді, бірақ өкінішке орай, қазіргі уақытта эпидемиологиялық зерттеулер мүлдем басқа жағдайды көрсетіп отыр, — деді Иматдинов.

Ғалым сонымен қатар жаппай вакцинация 2020 жылдың соңында немесе 2021 жылдың басында басталуы мүмкін екенін айтты. Қазір «Векторда» препаратқа сынақ жүргізілуде. Созылмалы және жүрек-тамыр аурулары бар адамдарға тәжірибе жүргізуге қарсы көрсетілімдер бар.

Вакцина сынақтың бес қатысушысына ғана салынды, қалғандары плацебо алады.

— Кімге екпе салынғанын білмегендіктен, алғаш рет вакцина алған адамдардың жағдайын бақылап, содан кейін келесі кезеңге кеңейтілген үлгіде өту керек, — деп түсіндірді Иматдинов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз