31 шілде мен 2 тамыз аралығында Құрбан айт мерекесі өтеді.
Сондай-ақ, құрбан айт мерекесінде қалада құрбандық шалуға арналған базарлар мен шаруа қожалықтары жабылады. Qurban2020.kz сайтына құрбандық шалу қызметіне тапсырыс беру арқылы рәсімді онлайн жасауға болады.
Сондай-ақ көрсетілген ресурста мұқтаждар құрбандыққа сойылған малдың етін алуға өтінім бере алады. Жалпы, барлық ет әлеуметтік жағынан осал халық арасында бөлініп, таратылады.