Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Барлығына өз күшімен жеткен миллиардерлердің тарихы: бұның бәрі көп ақша төленген жақсы жарнама

287

Эндрюдің Twitter-дегі мақаласы санаулы сағатта таралып кетті. Бәрі Смиттің пайдаланушылардың бірінің хабарына жауап бергеннен кейін басталды. Бұл жеке өсу тренингінің жарнамасы болды, онда қазіргі ең ірі компаниялардың бірі Amazon гаражда құрылды делінген. «Барлығымыз қиындықтарды еңсеріп, бай және танымал болған адамдардың өмірін талқылағанды ұнатамыз. Бұл басқа біреудің жасағанын мен де істей аламын, тек еңбектеніп, алған бетінен қайтпау керек деген ойға жетелейді.

Бірақ мәселе мынада

қазіргі миллиардерлердің табысқа жету тарихына романтикалық сипат берілген. Барлығы маңызды мәселелерді естен шығарады

— деп жазды.

Өзінің курсын ашып, онда коучтар ешкімде айтпаған, маңызды мәселелер туралы айтып берді.

Баланың тағдыры ата-анасының қолында

Эйдан Amazon компаниясына қатысты мынаны айтты:

алғашында «гараждағы компанияны» жұмысын іске қосу үшін Джефф Безостің анасы мен өгей әкесі 245 мың доллар берген

Компания нарықта көзге түсіп, алғашқы сұхбат берген кезде оның негізін қалаушы ата-анасына көмек көрсеткені үшін алғысын білдіреді. Кейінірек ол факті айтылмайды.

«Бұл түсінікті жағдай, өйткені 250 мың долларлық бастапқы капитал әлемдік онлайн-ритейл көшбасшысын нөлден қалай жасауға болады деген әдемі әңгіме желісіне сәйкес келмейді», — деп жазады Эйдан.

Өзінің арманы үшін колледждегі оқуын тастап кеткен жігіт Билл Гейтстің тарихы да шындыққа сәйкес келмейді.

Неліктен елорда COVID-19-бен тиімді күрес тізімінің соңында қалып қойды — саясаттанушылардың пікірі

Оның табысқа жетуіне анасы көмектескен. Шын мәнінде, United Way Президенті Мэри Гейтс IBM-ді оперативті жүйені құруға белгісіз Microsoft-ты жалдауға көндірді. Яғни

тамыр-таныссыз және анасының ықпалынсыз Билл нарықте елеусіз  қалуы мүмкін еді

Конгрессмен әке және қымбат білім

Шалғай ауылдан келіп, инвестиция әлемінде жарылыс жасаған Уоррен Баффеттің тарихы да шындыққа жанаспайды. Дәлірек айтқанда, бұнда айтылмаған мәселелер де бар. Ол шын мәнінде Омахиден. Бірақ

оның әкесі конгрессмен және үлкен жер учаскелеріне ие болды

Ол ұлын өзінің ауылшаруашылығы алқаптарына артық ақшасын салуға көндіріп, инвестицияның кереметін көрсетті. Оған мотивация беру үшін әкесі ұлының үлесінен түскен пайданы әдейі арттырған, нәтижесінде Уоррен колледжіне түскен кезде оның есепшотанда 10 мың долларға жуық қаржы болды. Эндрю Уоррен Баффеттің акцияларына қатысты жасалған алғашқы мәмілелерге де әкесінен ақша алғанына сенімде.

Ал Facebook-тің бас директоры

Марк Цукерберг, қыруар ақша төлеп алған білімі болмаса, бүгінгі жетістігіне жетпес те еді

Ауқатты ата-ана баласын Филип Эксетердің Академиясына түсіреді. Оқуының ақысы — жылына 57 мың доллар. Сонымен қатар, Эндрюдің деректері бойынша Марк сол кездегі танымал бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші Дэвид Ньюманнан информатика бойынша жеке сабақ алған.

Автордың айтуынша, Ньюманға төленген ақшаға қарағанда, ол мүлдем оқытумен айналыспаған деп болжауға болады.

«Колледжде Марк компьютерлік данышпан ретінде белгілі болды, бірақ оның ата-анасының оқу ақысын төлейтін мүмкіндігі болмаса, Цурберг өзінің талантын көрсете аламауы да мүмкін еді», — дейді Эндрю.

Сондай-ақ, автор Кайли Дженнерді де атап өтті, ол өзін барлығына өз күшімен жеткен миллиардер ретінде көрсетеді. Алайда, автордың айтуынша ол жердегі ең бай және танымал отбасылардың бірі — Кардашян отбасынан шыққан.

Түйін

Бұл тақырып Twitter пайдаланушыларын екі лагерьге бөлді. Біреулері автордың дәлелдерімен толық келісті, басқалары адамдардың табыс жетуіне «отбасының тарихының» ешқандай қатысы жоқ деп сендірді.

Автор пікірі мынадай:

«Мен аталған барлық табысты адамның таланттарына еш шүбә келтірмеймін. Бұл фактілердің барлығымызға жақсы сабақ болғанын қалаймын. Яғни алға қойған жоғары мақсаттарға жете алмағаныңыз үшін депрессияға түсудің қажеті жоқ. Есіңізде болсын, барлық табысты адамға бір кездері қаржылық қолдау мен көмек көрсетілді. Оның қандай көлемде болғаны маңызды емес».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз