Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қолдан жасалғандай болып көрінген дәрі тапшылығы халықты ашындырды— әлеуметтанушы

180
Тимур Айсаутов

Қазақстанда COVID-19-ды жұқтырғандардың өсуіне байланысты кезекті шектеу шараларын енгізу кейбір қызмет түрлеріне қайтадан тыйым салуға әкеп соғады. Мысалы, сұлулық саландары пен ойын-сауық индустриясы бір жарым ай жұмыс істеп, тағы да екі аптаға  тоқтап тұрмақ. Бұдан жүздеген мың азамат уақытша жұмыссыз қалады. Мемлекеттік комиссияның қаулысында халықты дәріханаларда жоқ дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту туралы ештеңе айтылмаған. Сонымен қатар, әлеуметтанушы Тимур Айсаутовтың пікірінше,

қарапайым медициналық көмекке жүгіне алмау халықтың наразылығын арттырды

Ақша екінші орынға шығып қалды.

Ақша беру керек пе, жоқ па?

— Карантиннің бірінші жартысында мемлекет жұмыссыз қалған азаматтарға 42500 теңге көлемінде жәрдемақы беріп, қандай да бір көмек көрсеткен еді. Қазір кәсіпорындар жабылса да, көмек туралы ешқандай сыбыс жоқ. Алдайда COVID-19 белгілері бар көптеген адам өз бетімен емделіп, дәрі-дәрмекті өз ақшасына сатып алуға мәжбүр. Қалай ойлайсыз, жағдай осылай жалғаса берсе ақыр аяғында не болады?

Төтенше жағдай кезінде мемлекет азаматтарға жәрдемақы төледі. Ол кезде халықтан үйде отыруды талап етті. Енді ТЖ режимі жоқ,  кәсіпорындар жұмыс істей алады, ал адамдарға үйде отырыңдар деген ешкім жоқ. Мен  заңның жәй-жапсарын түсінбеймін, бірақ менің ойымша

мемлекеттің барлық азаматқа жәрдемақы төлеуіне тек ТЖ режимі негіз болады

Қазір әркімнің жағдайы әртүрлі. Кәсіпорындардың жұмысына шектеу қойылғанмен де, мемлекет  жұмыссыздарға қолдау көрсетуге ресми түрде міндетті емес. Оның үстіне, ол вирусты жұқтардым деп күдіктенген адамдарға үйде отырыңдар деп есертті. Яғни білікті медициналық көмексіз қалады.

Әрине,  карантинде зардап шеккен экономиканың салалары да, азаматтар да Еуропа немесе АҚШ-пен салыстырғанда соншалықты жақсы өтемақы ала алмады. Бірақ Қазақстанның ондай мүмкіндігі де жоқ. Егер пандемияның басында қандай да бір ақша болса да, олардың басым бөлігі тиімсіз игерілді, тіпті жеке тұлғалардың қалтасын қалыңдатты.

Мені мемлекеттің адамдарға жәрдемақы төлемеуі емес, төтенше жағдайға ұқсас кезеңде дәріханаларда  қарапайым парацетамол және дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектердің болмауы алаңдатады

Парацетамолды бірнеше ел шығарады. Қазақстанға бірнеше вагон әкелінсе, адамдардың барлығын қамтамасыз етер еді.

Дәрі-дәрмектердің  тапшылығы қолдан жасалғандай болып көрінеді

Ал жағдайды пайдаланған біреулер бұдан жақсы пайда тауып отыр.

Қолдан жасалған тапшылық

— Бұл қисынды, өйткені тапшылық жағдайында бағалардың қымбаттайтынын білеміз.

Мен дәріханалық бизнес қазір қажетті дәрі-дәрмектерді  сатып ала алмайтынына күмәнім бар. Демек, бақылаушы органдар тарапынан қандай да бір кедергі бар.

Екінші сұрақ: егер жеке клиникаларда ПТР-тест болмаса, денсаулық сақтау министрлігі пандемияға қалай дайындалды? Адамдар тіпті ақша төлеп, COVID-19-ға тест тапсыра алмай жүр.

Мені Шымкенттегі жағдай таң қалдырады, адамдар қайтыс болса да, оларды ауруханалар қабылдамай жатыр. Ал көрші Ташкентте бұл уақытта барлығы бақылауда

Сонымен қатар, Өзбекстан өз азаматтарының барлығын ПТР-тестілеумен тегін қамтамасыз етті. Мұнайдан табыс тауып отырған, экономикасы дамып жатқан танымал Қазақстан қандай сәтте мұндай сәтсіздікке тап болды? Біз коронавирус сынағынан өте алмадық.

Қоғамдық-саяси жағдай тұрғысынан дәрі-дәрмектердің, тестілердің және медициналық көмектің болмауы өте қауіпті. Осы уақытқа дейін басып келген адамдардың наразылық  көңіл-күйі  кез келген сәтте өршуі мүмкін. Барлық жинақталған негативтің қалай сыртқа шығатынын ойлау да қорқынышты.

Менің ойымша, мемлекет атына айтылған айыптаулар негізсіз емес. Мемлекеттік органдар жұмысы сәтсіздікке ұшырады,  бір кездері Арыс қаласында болған төтенше жағдай режимінде солай болған. Адамдар аман қалу үшін бас сауғалаған жағдайдан сабақ алу керек еді.

Карантиннің қарама-қайшылықтары

— Қазір Денсаулық сақтау министрлігіне аса үлкен назар аударылап отыр, себебі вирус жұқтырғандар саны артуда, ал емханалар мен ауруханалар тек жағдайы ауыр науқастарды қабылдауда. Бір жағынан мемлекет өз бетімен емделуден бас тарту туралы айтса, екіншіден диагнозсыз және шартты белгілерге қарап емделу туралы кеңестер беруде. Бұлар бір-біріне қарама-қайшы келмей ме?

Егер басынан бастап әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы дұрыс ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, біз дәрі-дәрмектерге деген дүрлікпе сұранысты болдырмас едік. Әлеуметтік желілерде тараған жалған емдеу хаттамалары болмас еді. Назар аударыңыз, адамдар бір-біріне кеңестер беруге мәжбүр. Себебі басқа амал жоқ,  ең жауапты сәтте Денсаулық сақтау министрлігі есіктерін тарс жауып алды. Емханалар мен ауруханаларға бару, анықтама қызметі мен жедел жәрдемге хабарласу мүмкін емес.

Қазақстанның денсаулық сақтау саласы мен халық теңіздің екі жағында қалып қойды. Бұл аман қалу үшін берілген сынақ

Өткен жексенбіде біз бір ауыр науқасты Нұр-Сұлтанның бір ауруханасынан екінші ауруханасына жеткіздік. Ол 40 жаста және салыстырмалы түрде жас болғандықтан, үйде емделе алады деп бірде-бір емхана оны қабылдамады. Бұндай жағдай көпшіліктің басынан өтуде. Ерте ме, кеш пе болған жағдайға ашынған халықтың төзімі таусылары анық.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз