Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-6
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

Түркістан облысының тұрғыны «ауадан вирус шашады» деп елді дүрліктіргені үшін жауапқа тартылды

256
Сурет: Misanec.ru

1973 жылы туған әйел әлеуметтік желіге таратқан хабарламасында Сарыағаш ауданында түнгі екіде ауаға вирустың шашылатынын айтады. Сондай-ақ, ол вирустың негізінен кішкентай балаларға жұғатынын айтып, үш күн бойы далаға шықпауды қатаң ескерткен. Осы мазмұндағы аудиохабарлама және мәтіндік SMS бір күннен бері жергілікті тұрғындарды дүрліктіріп қойған.

Хаюарламаны таратқан  Ол Түркістан облысы Отырар ауданының тұрғыны болып шықты.

«Дәлел-дәйексіз, ел ішін дүрліктіретін ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша жауапқа тартылатынын да ескертеміз. Осы ақпаратты “WhatsАpp” желісіндегі топтарда таратқан Отырар ауданының 1973 жылы туған азаматшасы қазіргі таңда құзырлы органдармен анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген аталған хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз