Пандемия халықтың билікке деген сеніміне селкеу түсірді деп мәлімдеді «Ресей және Орталық Азия: пандемиядан кейін күш жұмылдыру» атты онлайн-конференцияның сарапшысы Гүлмира Ілеуова. Ал бұл наразылық білдірушілер қатарын арттыруы мүмкін.
Ең алдымен, әлеуметтанушы «толық ойластырылған ақпараттық саясатты» жүргізу керегін атап өтті. Үрейге бой алдыратын және біліктілігі төмен отандастар дәрігерлер мен емдеу мекемелерінің күрделі жұмысына кедергі келтірмеуі үшін халықтың сауаттылығын арттыру керек. Сонымен қатар, бұл ақпараттық саясат Қазақстан мен Ресейде бірыңғай болуы тиіс, өйткені «ақпараттық алаңның қиылысатын тұстары көп.
Коронавирус пандемиясы жаһандық саясатқа үлкен өзгерістер енгізеді
«Ақпараттық пандемияны» ушықтырудағы масс-медианың ықпалы туралы да сөз қозғады.
— КВИ таралуына қатысты күнделікті шығып отырған ақпараттық толқынның қуаттылығы соншалықты, одан қорғану мүмкін болмады. Ал
берілген ақпаратқа сәйкес жаңа аурудың ақырғы нәтижесі біреу ғана – ол адамның өлімі, басқа нұсқа жоқ
Қазақстан үшін Қытайдың таңқаларлық ақпарат көзі болмағанына назар аударған жөн. Ресей де емес, өмір сүруге қолайлы, барлық салада алға дамып кеткен Еуропа болды. Егер Италияда бұлай болса, онда бізде не болуы мүмкін! — деп мәлімдеді Ілеуова.
Ол қазақстандық денсаулық сақтау саласының жағдайын да қозғады. Коронавирус тарағанға дейінгі жағдайды ол «шексіз реформа» кезеңі деп сипаттады. Бірессе міндетті медициналық сақтандыру енгізді, біресе медициналық кадрларды даярлау кезінде оңтайландыруды ұсынды және т.б. Бірақ, Ілеуованың пікірінше,
денсаулық сақтаудың нақты қандай моделін іске асырамыз деген түсінік пайда болған жоқ
Тиісінше, талқылау да болмады.
— Қазіргі таңда қалыпты медициналық кәсіби ортаның болмауы отандық мамандардың эпидемиологиялық жағдайдың дамуына қатысты сараптамалық көзқарасты әзірлеуге қабілетсіздігін көрсетіп отыр. Нәтижесінде,
медициналық шенеуніктер ДДҰ мен халықаралық сарапшылардың қандай алгоритм береді екен деп жай күтуден басқа амалы болмады,
— деп мәлімдеді сарапшы.
Рас, ол «әлемнің барлық елдері осындай жағдайға тап болды» деп атап өтті.
— Бірақ әр елдің бұл медициналық-саяси дағдарыстан өз бетімен шығуына тура келеді. Қазірдің өзінде қазақстандық денсаулық сақтау жүйесі, әсіресе кадрлық қамтамасыз етуде үлкен қиындықтарға тап болғаны көрініп тұр. Жүздеген дәрігер мен медицина қызметкерінің жұмыстан кеткені туралы айтпағанда, қаншама жұқпалы аурулар ауруханаларының бас дәрігерлері, өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері, облыстық және аудандық денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары отставкаға кетті немесе жұмыстан босатылды, — дейді Ілеуова.
Сарапшы атап өткендей, наурыз-мамыр айларында енгізілген қатаң карантиннің арқасында біз жаппай жұқтырудың алдын ала білдік. Бірақ қазір мемлекет бұдан ары халыққа көмек көрсете алмайтындай көрінеді.
— Бұл ретте
барлық жұмсалған қаражаттың тиімділігі мен нәтижелілігіне қатысты сұрақ туындайды,
өңірлер арасында қаншалықты әділетті бөлінді, сыбайлас жемқорлық рентасы қандай болды? Сондықтан алда әлі талай талқылаулар болады, — деді Ілеуова.
Әлеуметтанушы пандемия нәтижесінде халықтың билік әрекеттеріне деген сенімі төмендеді деп есептейді. Мемлекеттік органдар «ыңғайлы позицияны иеленіп», аурудың негізгі себебі — азаматтардың карантиндік шараларды бұзуы деуден жалығар емес.
Бірақ шенеуніктер, соның ішінде жоғары лауазымды адамдар арасында жұқтыру деңгейі өсуде
— Халықты вируспен күресте тек мемлекеттің рөліне үміттендіріп, ал қазір медициналық мекемелер мен диагностика пункттерінің толып кетуіне байланысты науқастанғандарға медициналық көмек көрсетуден, тестілеуден бас тартып, нәтижесінде тиімсіз және болжамдық функцияның әлсіздігін көрсеткен мемлекет әлеуметтік наразылықтың дәрежесін арттыруы мүмкін. Мен бұнда тіпті елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жалпы нашарлауын да назардан тыс қалдырып отырмын. Тек әлеуеметтік зерттеу барасында қойылған сұрақтың жауабын ғана мысалға келтіремін. Онда сіз қандай себеппен наразылық әрекеттеріне баруыңыз мүмкін деген сауалға
басты себептердің бірі — дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің салғырттығы мен жауапсыз әрекеттері
болуы мүмкін деген жауап берілген.
Сондықтан барлығына сақтықпен қарау керек, — деп ескертті Ілеуова.