50 жасарлық Чэнь Хайган күн сайын екі қолына сүйеніп, маймыл секілді жүреді. Оның айтуынша, мұнымен айналысқанына 30 жыл болды.
Қытайлықтың пікірінше, ол маймыл секілді жүру арқылы бұлшық еттерін жазып, оларды тынықтырады. Осы әдісті меңгергелі бері құлағының шуылдағаны қойып, тісінің ауырғаны басылған. Сонымен қатар, оған ешқашан салқын тимейді екен.
«20 жасымнан бері осылай жүріп, жаттығу жасай бастадым, — дейді ер адам. — Мен жануарлар бағындағы маймылдарды жиі бақылайтынмын. Олардың жүрісі маған қызықты болып көрінгендітен, еліктей басадым»
Жақында ер адам маймылдардың бір әрекетін үйреніп алды. Енді ол ағашқа шығып, бұтақтан-бұтаққа секіреді. «Ағаштарды көрсем, өрмелегім кеп тұрады», — деп түсіндірді ол.