Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қытай өзінің коронавирусқа қарсы вакцинасын Біріккен Араб Әмірліктерінде сынақтан өткізеді

216
Вакцинаға клиникалық сынақ жүргізуді бастау туралы құжаттарға қол қою сәті. Сурет: weixin.qq.com

Біріккен Араб Әмірліктерінде коронавирустың вакцинасын тестілеуге мақұлдау алғаны туралы компания басшылығы WeChat ресми аккаунтында хабарлады. CNBG Абу-Дабиде орналасқан жасанды интеллект және G42 бұлтты есептеу компаниясымен ынтымақтасатынын мәлімдеді. Сынақ сәтті өткізілген жағдайда

G42 жергілікті вакцина өндірісін іске қосумен айналысады деп жоспарлануда

Хабарламада тестілеу уақыты мен тәжірибелік жұмыс істейтіндердің санына қатысты мәліметтер жарияланған жоқ.

Неліктен Араб Әмірліктері?

Вакцинаны тестілеудің алғашқы екі кезеңін компания Қытайда өткізді. Алайда, мыңдаған адам қажет болатын үшінші фазаға коронавирус кең тараған орын іздеуге тура келді. Қытайда вирус жұқтырғандар санының аз болуы сынақтарды жүргізуге кедергі келтірді.

Сондай-ақ, БАӘ-де әлі күнге дейін вирус жұқтырған жүзеген адам тіркелуде. Онда жалпы ауырғандардың саны 45 000-нан асып кетті.

Компания басшылығы індет өршіп тұрған бірнеше елге ұсыныс жасалғанын атап өтті. БАӘ билігі бәрінен бұрын шешім қабылдады. Арадағы «қарым-қатынастардың шиеленіскенін» ескеріп, Америка Құрама Штаттарына  ұсыныс жіберілмеді.

Айтпақшы, канадалық әскери қызметшілермен бірлескен тағы бір қытайлық Sinovac Biotech Ltd компаниясы жақында тестілеудің 3-кезеңіне өтуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Олар сынақты Бразилияда, 9 000 адамға  жүргізуді жоспарлап отыр. Алайда Бразилия билігі әзірге өз келісімін бермеді.

Вакцина шығарылуы керек!

Қытайдан басқа жердегі тиімді вакцинаға әзірлеуге үміткер компаниялар да 3 фазаны сынауға дайын. Оксфорд университеті мен AstraZeneca Plc-мен бірлесіп әзірлеген препарат шілде айының басында Бразилияда 2 000 адамға сыналады.

Кембридждік Moderna Inc компаниясы  шілде айының соңында АҚШ-та өз препаратын сынауды бастауды жоспарлап отыр. Олар 30 000 адамды қамтымақ.

CNBG вакциналарына келетін болсақ, олар екеу. Алғашқы екі фазаны сынау барысында препараттар Қытайда 2000 адамға сыналды.

Вакциналардың бірінің қауіпсіз екеніне көз жеткізілді, ал екіншісіне қатысты деректер 28 маусымда жарияланады

Айтпақшы, бұл сынақтарға жоғары басшылықты қоса алғанда, компанияның 1000-нан астам қызметкері қатысты.

Сондай-ақ, шетелге жұмыс істеуге бара жатқан немесе жақында жаңа вирус пайда болған Пекиннің  қауіпті аудандарында өмір сүретін қытайлық мемлекеттік компаниялардың қызметкерлеріне CNBG вакцинасын өз еркімен егу ұсынылады деп хабарланды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз