Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

«Қысқа белдемше ұнамай ма? Психотерапевтке бар да, психологиялық ауытқуыңды емде!» — Аружан Джазильбекова

244
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Әртістің Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі оқырмандары қоғамда дау тудырған роликке қатысты пікірлерін білдіруде. Әртіс те шетте қалмай, әлеуметтік желіде бұған қатысты өзінің көзқарасын білдіріп, жазба жариялады.

«Өнегелі еркек пен қыз туралы жиіркенішті ролик туралы айтайын.
Менің ойымша,

бұндай адамдарға әр адамның өмірі мен ар намысына қол сұғуға болмайтынын түсіндіру мүмкін емес

Бірақ басқаны жеткізу  керек.

ЗАҢ бар.

Қызды машинаға қамап, оған тәрбие беру  — ЗАҢҒА ҚАЙШЫ

Бұл адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру. Бұл үшін адамдар түрмеге отырады.

Жезөкше деп айту  — ЗАҢҒА ҚАЙШЫ. Бұл моральдық зиян келтіру, бұл үшін айыппұл төлеу керек.

Еркектер, сіздерге дәстүрлер мен бұрынғы өмір салты ұнай ма? Жарайды. Онда уақыт машинасын ойлап табыңыздар

Біз барлығымыз сол уақытқа қайтып оралайық. Ал әлем алға жылжып, ғарышты бағындырсын. Әйелдерге сонша шүйілгенше, өзімізге үңілейік. Сен Илон Масксің бе және ракетаны ұшырдың ба? Жоқ па? Онда бар да жұмыс істе!

Қысқа белдемше саған кедергі келтіре ме? Кальяныңды шегіп бол да, психотерапевтке бар

Әйелдерді жайына қалдырып, жұмыс істеңдер.

Қыздар, ешкім сіздерге қандай киім киіп, қалай жүріп-тұру керегін айта алмайды», — деп жазды Аружан.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Естеріңізге сала кетейік, Желіде қысқа белдемше киген қыз такси тоқтатқан видеороликке қатысты түрлі пікірлер айтылған еді. Қазнет қолданушылары сырт келбеті мен киімі әркімнің өз ісі деп, автормен келіспейтінін айтты. Кейіннен Шымкенттегі жастар ресурстық орталығы «Жезөкше» ролигі келісілмегенін атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз