Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Қазақстанда АҚШ-тағыдай бүлік болмау үшін не істеу керек — Сұлтанов

535
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Саясаттанушы Болат Сұлтановтың пікірінше,  АҚШ-тағы тәртіпсіздіктерге полицейдің басынуы және нәсілшілдіктің қатысы шамалы, нақты себептері одан да тереңде жатыр. Ең маңызды себептердің бірі —  барған сайын шиеленісіп бара жатқан әлеуметтік жіктелу.

Нәсілшілдік бұрын да болған, ал пандемия оны өршітіп жіберді

— Болат Қылышбайұлы, неліктен осындай өсіп-өркендеген елде (қалай болғанда да, солай деп айтады) үнемі қандай да бір бүлік шығып тұрады? Бұл тәртіпсіздіктерге деген махаббат па, әлде қандай да бір әдіспен өзіңнің құқығыңды қорғау ма?

— Америкалық тәртіпсіздіктердің өз себебі мен уәжі бар. Бәріміз білетіндей соңғы бүлікке 46 жасар, қара нәсілді Джорд Флойдтың өлімі себеп болды. Бұған америкалық қоғамдағы әлеуметтік жіктелу де өз әсерін тигізді. Мұндай себептер әр елде бар, ал Штаттарда нәсілдік қарама-қарсылықтармен бірге жүреді. Яғни тек «байлар/кедейлер» ғана емес, сондай-ақ «ақтар/қаралар/латынамерикалықтар» деп те бөлінеді. Нәсілдік кемсітушілік бұрыннан бар, тек қазір ол әлеуметтік желілердің арқасында қас қағымда таралып кетеді.

Бұның барлығы коронавирустың кесірінен ушығып кетті, себебі одан халықтың кедей бөлігі афро- және латынамерикалықтар  көбірек жапа шекті

Ақ нәсілді орта топ табысынан айырылған жоқ, олар тек хоум-офис режиміне көшті. Олардың сақтандыруы бар және тиісінше жақсы ем алады. Сондықтан көбінесе олар зардап шеккен жоқ.

Еуропалық қазақ: коронавируспен бірге нәсілшілдік те келді

Қызықты деректер де бар. Нью-Йоркте әлеуметтік қашықтық тәртібін бұзғаны үшін қамауға алынғандардың 92%-ы, сол үшін сотқа шақырту алғандардың 82%-ы қара нәсілділер мен латынамерикалықтар. Яғни полицейлердің басым көпшілігі  нәсілшілдер пен ксенофобияшылар.

Қазір сандық теңсіздік туралы айту сәнге айналды. Табыс деңгейі төмен ақ нәсілді америкалық отбасынан шыққан баланың осындай табыс тауып отырған қара нәсілді отбасыдан шыққан құрдасына қарағанда  интернетке қол жеткізу мүмкіндігі үш есе артық. Ал Интернетке қолжетімділік — дамыған қоғамның бірден бір көрсеткіші.

Яғни бүліктің негізгі уәжі (себебі емес) жіктелу мен кемсітушілікте. Олар пандемияның кесірінен тіптен шиеленісіп кетті.

Америкалық арман америкалық қорқынышты түске айналды

— Айтпақшы, тәртіпсіздіктердің қолдан жасалғаны туралы кейбір теориялар пайда болды? Оларды кім ойлап тапты және кімге керек?

— Конспирологиялық теориялар өте көп. Бүлікті Трампты тақтан тайдыру үшін демократтар ұйымдастырды, себебі олар басқа жолмен ойға алғандарын орындай алмайтын еді деген гипотезалар да пайда болды. Импичмент жариялағысы келген еді, одан түк шықпады. 

Менің ойымша бұл пікірлер шындыққа жанаспайды.  Демократтар бүлікті ұйымдастырмаса да, отқа май құю үшін пайдаланды. Олар Трамп әлеуметтік те, нәсілдік те мәселелерді шеше алмайды дейді.

АҚШ азаматтары көңілдері қалып, өздерін сенімсіз және дәрменсіз сезінеді. Қазіргі жағдайда коронавирустың алдында. Олардың америкалық өмір салты деген дәстүрлі символдан көңілі қалды.

Бірақ қазір бұл өмір салты шытынап тұр

Халықтың басым көпшілігі үшін америкалық өмір салты дегеніміз — өмір үшін күрес.

Қарапайым адамдар  пандемияның кесірінен жұмысқа шықпай, ақыр соңында одан айырыламыз ба (сондай-ақ күн көріске қажетті қаражаттан да), әлде жұмыс орнында ковидтен қайтыс боламыз ба деген таңдаудың алдында қалды.

Қазір 43 миллион америкалық отбасы үйлерін жалға алып отыр, бірақ

жалға алушылардың 31%-ы сәуір айында пәтер ақысын төлей алмай қалды

Яғни, 15 миллион адамды үйсіз-күйсіз қалды деуге болады. Америкалық сарапшылардың мәліметтерінше, жұмыссыз адамдардың саны 33 миллионға дейін жетуі мүмкін.

Жоғарыдағылар қолда бар құралдың барлығымен қорғанады

— Яғни АҚШ-тағы наразылықтардың басты себебі — экономикалық дағдарыс. Материалдық игілікті әділетсіз бөлудің салдары. Мемлекет бұл процесттердің тоқтата алмайды және тоқтатқысы келмейді де. Оның орнына Трамп бар кінәні сыртқы ойыншыларға арта салуға тырысуда. Коронавирусқа Қытайды кінәләса, бүлікке Ресей мен Иранды себепкер ретінде көрсеткіі келеді. 

Жақында АҚШ-тың әділет министрі тәртіпсіздіктер әлеуметтік желідегі ақпараттық соғыстың кесірінен пайда болды деп мәлімдеді. Бұл соғысты шетелдіктер жүргізіп отыр деді. Бұл америкалық элитаның саясатының мәнін көрсетіп отыр. Олар өздерінің өмір деңгейін қолда бар құралдың барлығымен қорғауға тырысады, тіпті қажет болса әскерлерді де кіргізеді.

Өз жағдайымызға да назар аударатын уақыт келді

— Адамдардың басым көпшілігі оларды табалауда.

— Табалаудың қажеті жоқ, жағдайды зерттеу керек.

АҚШ-тағы дағдарыстан басқа елдердің саяси элиталары, соның ішінде қазақстандықтар да сабақ алуы керек

Бізде де әлеуметтік теңсіздік бар. Біреулер шетелден қымбат жылжымайтын мүлік сатып алса, басқалары 42 500 теңге жәрдемақыны қалай аламыз деп жанталасуда.

Қазақстанда 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған. ал 42 500 теңге жәрдемақыны 4,6 млн адам алды. Яғни олардың жартысынан астамы, табысын жоғалтып, осындай мардымсыз сомаға өмір сүруге мәжбүр болды. Қазір қоғамда пайда болған түпсіз шыңырауды қалай жоямыз деген мәселе пайда болды. 

Әлеуемттік теңдікті сақтау мемлекеттің ең басты міндеті екенін түсіну керек. Мемлекет халықтың басым көпшілігінің мүддесіндегі мәселелерді шешуі керек.

Олай болмаса, бұл жағдайды деструктивті құрылымдар өз мақсаттарына пайдаланып кетуі мүмкін.

АҚШ-та қазір болып жатқан жағдайды табалаудың қажеті жоқ, керісінше еліміздегі жағдайға баса назар аударатын уақыт келді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз