Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Еуропалық қазақ: коронавируспен бірге нәсілшілдік те келді

177

Менің бала кезімдегі Фатима деген құрбым  22 жыл бойы Германияда тұрып келе жатыр. Неміске тұрмысқа шығып, бала туып, оларды тәрбиелеп, өсіріп отыр. Түрі қазақ болғанымен, сана-сезімімен немістеніп кеткен секілді. Ол бірінші күннен бастап Германиядағы коронавирусқа қатысты дүбелең туралы маған хабар беріп отыр. Халық супермаркеттерге жаппай ұмтылып, бірінші және екінші қажеттіліктегі тауарларды сатып алған сәттен бастап  еуропаның бай елдерінің біріндегі бос сөрелердің суретін бастапқыда фейк ретінде қабылдадым.

Кеше менің құрбым:

«…коронавируспен бірге азиаттардың өмірінде жаңа кезең басталды, нәсілшілдік етек жайды! Көшеде келе жатқанда алдыңнан шыққан бір-екі адам жаныңнан өтіп бара жатып, өздерінше сыбырласып, сыртыңнан күледі. Басқалары түріңе анықтап қарағаннан кейін сенен алысырық жүруге тырысады. Балалар «Корона!» деп айқайлап… кейіннен өтірік түшкіріп, жөтеле бастайды. Көзқарастары ашулы…. Дәрігерлер барлық азиаттар маска киіп жүру керек деп есептейді…»

Ол жағдайды осылай баяндады.

Қауіпсіздік шаралары

Фатиманың айтуынша, әр федералды жер (Германиядағы әкімшілік бірлік) коронавирусқа қарсы шешімді өздері қабылдайды, ортақ ұлттық бағдарлама жоқ.

Ол өмір сүретін Баден-Вюртемберг деген жер, 16 наурыздан 19 сәуірге дейін барлық мектептер мен дүкендерді (азық-түлік дүкендерінен басқа) жабу туралы шешім қабылдады. Ойын-сауық орталықтары, кафе, ресторандар жұмыс істемейді. Азық-түлік дүкендеріне адамдардың жиналуына тыйым салынған. Адамдар кезегін сыртта күтуі керек.

Оқушылар онлайн режимде оқиды: тапсырмаларды орындап, жоспарлы емтихандары мен тестіге дайындалады

Балабақшаларға келетін болсақ, 16 наруыздан бастап олар да жабылған. Бірақ бақша қызметкерлері жұмыс істейді. Мамандар үш санаттағы қызметкерлердің балаларын қабылдайды. Олар:

  • медициналық қызметкерлер, дәрігерлер,
  • тазалау жұмыстарымен айнлысатын жұмысшылар,
  • тасымалдау қызметін атқаратын жүргізушілер.

Басқа ата-аналар өз балаларына үйде қарап отырады.

Жұмыста және ауруханада

Үш адамнан артық жиналуға болмайды. Алайда араларында үш метр арақашықтық болуы керек.

Аурудың алғашқы белгілері — жоғары температурада, жөтел, ауа жетіспеуі байқалса — әрбір азамат денсаулық сақтау министрлігіне қоңырау шалуы керек. Сізді жүйеге қосады. Дәрігерге тек телефон арқылы хабарласуға болады. Барлық ауруханаларда сырқаттанғандар кіретін жеке есіктер қарастырылған.

Көршілердің жағдайы

Баден-Вюртемберг жері Швейцария және Франциямен шекараласады. Жергілікті билік барлық шекараны жауып, тұрғындарға үйден алыс кетпеу және әрдайым байланыста болуды ұсынды.

— Егер қажеттілік туындаса, біз басқаларға көмектесуге дайын болуымыз керек.

Айтпақшы, менің досым  өте қуанышты. Оның үлкен ұлы ұзақ саяхатқа баруды жоспарлап жүрген,  бірақ енді оны тіпті Берлинге жібермейді. Сондықтан анасы балам жанымда болады деп қуанып жүр.

Қытай, Жапония, Корея студенттері  жергілікті кемсітушілікпен күрес орталықтарына жиі жүгінетін болды. Олардың мәлімдемелері ресми құжаттарға айналады, оның негізінде неміс баспасөзінде нәсілшілдіктің артуы туралы пікірталастар жүріп жатыр.

Емханалардың тіркеу бөлімінде барлық азиатттар маскамен келуі керек деген хабарламалар ілінген.

— Тіркеу бөлімінде тек азиаттарға ғана маска беріледі. Менің қызымның сыныптасы қабылдау бөлімінде жалғыз өзі ғана маска киіп отыруға мәжбүр болған

Қысқаша айтқанда, коронавирустың алдындағы қорқыныш либералды еуропалық қоғамдағы әлеуметтік жағдайды шиеленістіріп жіберді

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз