АҚШ президенті Дональт Трамп Ақ үйдің Күлгін бағындағы қоғам өкілдерімен болған кездесуден кейін «Лафайет-скверде» серуендеді. Журналистерге сұхбат берген соң бір ерекше орынға құрмет білдіруді жоспарлағанын атап өтті. Осы уақытта полиция өкілдері көшені наразылыққа шыққандардан тазартып жатты. Олар шулы түсті гранаттар, көзді жасаурататын газ бен резеңке оқтарды пайдаланды.
Ақ үйдің басшысы әкімшілік қызметкер және баспасөз өкілдерімен бірге резиденциядан шығып, сол уақытқа дейін тазартылып үлгерген бос алаңға қарай жол тартты.
31 мамыр күні наразылыққа шыққандар өртеген қасиетті Иоанның Епископальды шіркеуіне келген кезде Трамп қолына Библияны алып, АҚШ —«әлемдегі ең ұлы ел» деп мәлімдеді. Ол елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етемін деп уәде берді. Қасиетті Иоанның шіркеуін ел арасында президенттік шіркеу деп атайды, себебі бұнда 1815 жылы салынғаннан бері ел басқарып тұрған кезінде әр америкалық президент ең болмағанда бір рет осы шіркеуге келген.
Естеріңізге сала кетейік афроамерикалық Джордж Флойдты полицейлердің ұстауы, кейіннен оның ауруханада қаза болуы жаппай тәртіпсіздіктің себебі болды. Елде бірнеше күн бойы наразылық шеруі өтті, 40-тан астам қалаға коменданттық сағат енгізілді.