Медицина қызметкерлері Алматыдағы блок бекетте болған ЖКО-дан ауыр жарақат алған Еркебұлан Сейдазымның жағдайы туралы пікір білдірді.
— Қазіргі уақытта науқастың жағдайы клиникалық және невралогиялық тұрғыдан қалпына келді. Жағдайы тұрақталғаннан кейін емделуші бейінді нейрохирургиялық бөлімге ауыстырылды. Емдік шаралар ары қарай жалғасуда, ерте оңалу басталды, — деп алматылық №7 клиникалық аурухананың нейрохирургі Александр Романчик «Қазақпаратқа» хабарлады.
25 мамыр күні таңертең BMW жүргізушісі Алматыдағы Көксай ықшамауданындағы блок бекетін қағып, кейін патркльдік машинаны соқты. Онда екі полиция қызметкері болған еді, біреуі оқиға орнында қаза тапса, екіншісі ауруханада көз жұмды. Сейдазымға бетон тақтасының фрагменті тиген.