Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Солтүстік теңіз жағалауындағы бельгиялық карантин

246

Дегенмен, Филипп карантиннен шаршағанын, бәрі тезірек аяқталса екен деп армандайтынан айтады. Бұл  lockdown тым ұзаққа созылып кетті.

Статистика

12 миллионға жуық халқы бар Бельгияда 28 мамырдағы ресми мәліметтерге сәйкес

коронавирустан 9 388 адам қайтыс болды

57 849 адамның вирус жұқтырған анықталса, оның 15 572-і емделіп шықты.

Бельгиядағы карантин

— Бізде 15 наурызда Бельгияда карантин жарияланды. Бастапқыда бәрі өте қатаң болды. Аса қажеттілік болмаса адамдарға пәтерлерінен шығуға  тыйым салды. Тек азық-түлік алу үшін дүкенге баруға рұқсат берілді.

Арақашықтықты сақтау, өзін-өзі оқшаулауды талап етті. Егер дәрігер қажет болса, медициналық көмек алу үшін  үйге жақын орналасқан клиникаларға жүгінуге болады.

Мен қоғамдық саябақтарға жақын тұрмын, сондықтан онда жалғыз серуендедім.

Филипптің айтуынша, Бельгияда кәсіпорындардың жұмысын тоқтатқан жоқ, бірақ компания қызметкерлері  әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндетті болды.

Егер бұл компания қызметі мүмкіндік берсе, қашықтықтан жұмыс істеуге басымдық берілді.

— Сондықтан, азық-түлік дүкендерінен басқаның барлығы: мейрамхана, мұражай, бар, шіркеулер және т.б. жабылды. Еуропалық Одақтың көптеген елінің шекаралары әлі күнге дейін жабық.

Ерекше жағдайларда, үйлену тойы мен жерлеу кезінде ғана жиналуға болады, бірақ 15 даманан артық болмауы керек.

Филиптің айтуынша, бельгиялықтардың басым көпшілігі барлық нұсқауды қатаң сақтайды және коронавирустан қорқады.

— Коронавирустың бар екеніне күмәнданған адамды байқамадым

Соңғы екі аптада санитарлық жағдай біршама жақсарды. Сондықтан, Бельгия билігі біртіндеп карантин шараларын жеңілдетіп, алып тастауда.

— Бірақ кейбір шектеу шаралары бар. Мысалы, қоғамдық көліктерде бетперде киіп жүру мәндеттелді. Адамдар арасында кем дегенде 1,5 метр әлеуметтік арақашықтық болуы керек. Сауық кештерін өткіщуге тыйым салынды.

Пандемияның экономикалық салдары

Филипп Бушенің айтуынша, Бельгия үшін пандемияның салдары айтарлықтай жоғары. Әсіресе қонақ үйлер, ресторандар, барлар мен экономиканың туристік секторы толығымен зардап шекті.

— Азық-түлік секторы мен ірі дүкендер азырақ зардап шекті деп ойлаймын, бірақ

Бельгияда жұмыссыздық күннен-күнге артуда, ал соңғы тоқтанда ЖІӨ төмендеп кетті

Біртіндеп қалыпты өмірге орала бастады

— Шектеулер толығымен алынып тасталмаса да, біртіндеп қалыпты өмірге орала бастадық.

Біз маусымның ортасында халықаралық сапарларға рұқсат беріледі деп үміттенеміз. Әрине, егер пандемияның екінші толқны болмаса

Алайда Бельгия түрлі санитарлық бақылау шаралары жүргізілуде: вирус жұқтырған адамдармен байланыста болғандарды, қауіп-қатер тобындағы қарттар мен созылмалы аурумен ауырған науқастарды тестілеуде.

Вакцинация: иә немесе жоқ

Қазақстанда жаңа вирусқа қарсы вакцина салуға қатысты пікірталас туындады. Бұл проблема Бельгияны да айналып өтпеген екен.

— Вакцинаға келер болсақ, жаңа емдеу құралын бүкіл әлемнің зертханаларында дайындап шығаруға тырысуда. Әзірше, вакцина қолымызда жоқ. Ал оны халыққа қолжетімді ету үшін біраз уақыт қажет  болары анық.

Дегенмен де, Бельгия халқының жартысынан астамы вакцинаға қарсы пікірде. Бірақ қарсы пікірлер лақап әңгімелерге құрылған. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін уақыт көрсетеді

Қалай болса да, қазіргі жағдайда жалған әңгімелер маңызды рөл атқарады. Көбі негізсіз болса да, олардың саяси салдары болуы мүмкін. Мәселен, АҚШ пен Қытайдың арасындағы вирустың таралуына қатысты пікірталас.

ЕО үкіметі экономикалық дағдарысты жеңілдету үшін түрлі ауқымды шаралар қолдана бастады. Жағдай біртіндеп дамып келеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз