Алматыда 28 мамыр күні 84 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.
«Жүргізілген ПТР диагностикалық зерттеулерінің нәтижесі бойынша: профилактикалық тексеру жүргізу кезінде 25, байналыста болған 29, өзбетімен жүгінген 3, жұмыс барысында 27 адамға COVID-19 вирусын жұқтырған деген диагноз қойылды», — деп хабарлайды ведосмствааралық комиссия өкілдері.
Алматыда барлығы 2462 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, 1375 адам емделіп шықты.