Қауіпті кездесу Италияның Тренто провинциясында болған. Отбасы Доломитті Альпінің сұлулығын тамашалауға барған, 12 жасар мектеп оқушысы өзінің жақындарынан бірнеше метрге алыстап, жан-жағын зерттей бастайды. Сол кезде күтпеген жерден аю шыға келді.
Жеткіншектің туыстарының айтуынша, олар өте қорқынышты жағдайға тап болған. Аю күтпеген қонақтың соңынан еру туралы шешім қабылдаған. Алайда кішкентай қаһарман ақырын және сабырлық танытып, аюдан біртіндеп алыстаған. Ол артық қимыл жасамай, абайлап таудан түскен. Бұдан кейін жануар оның соңынан жүруді қойып, оқиға орнынан кетіп қалады.