Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қолдан жасалған антисептиктерді тендер арқылы сатып, ауруханалар мен әскери бөлімдерге жеткізген

206
«Альфапирокс» контрафактілік партиясы

Бұл оқиға туралы алғаш рет 2019 жылдың мамыр айында жазған болатынбыз. Аурухана қызметкерлері Мемлекеттік сатып алуда жеңіп шыққан «Дезэфект» ЖК-нің қоймаға медициналық қызметкерлер тапсырыс бергеннен мүлдем бөлек заттар жеткізгенін байқап қалған. Ауруханада «Альфапирокс» дезинфекциялық гелінің орнына  күмән туғызған сұйықтығы бар бөтелкелер табылды.

Қолдан жасау = алаяқтық?

Сол кезде гельдің бірегей өндірушісі «Аврора» холдингі оның өнімдерін қолдан жасау фактісі бойынша полицияға өтініш білдірді. Медеу аудандық  ПБ ҚР ҚК 190-бабы бойынша (алаяқтық) іс қозғады.

Жүргізілген сараптама нәтижесі  жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген орама да, бөтелкенің ішіндегі сұйықтық та  түпнұсқаға сәйкес келмейтінін көрсетті

Интернеттен осы ЖК-ні іздегенімізде, әлдебір «Гиппократ» ЖШС-ға шықтық. Олар журналистке «Дезэфект»  ЖК басшысы Дарья Бодрованың телефонын айтты. Бірақ ЖК басшысы түсініктеме беруден бас тартты. Оны «Гиппократ» ЖШС директоры Валентина қорғап, пікір білдірді. Оның да тегі Бодрова екен. Анықталғандай, бұл компанияларды анасы мен қызы басқарады. Валентина Ивановна редакцияға сайттан оның Дарьямен туыстығы туралы мәліметті алып тастауды талап етіп, наразылық білдірді. Авторға жеке өмірге араласқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартыласыңдар деп сес көрсетті.

Алайда  кіші Бодровоға қарсы қылмыстық тексеру жұмыстары басталғаннан кейін, бірнеше айдан соң оның анасына да қарсы іс қозғалды.

Іс  қозғалды, бірақ алға баспай тұр

«Гиппократ» ЖШС да мемлекеттік сатып алу арқылы Алматы облысындағы №64192 әскери бөліміне Solikloor атты басқа жасанды дезинфекциялаушы затттың ірі партиясын жеткізген екен. Баспаханада басылған этикеткаларды түсініксіз банкілерге жапсырып, бизнес жасаған. Жеткізудің жалпы құны шамамен 12 млн теңгені құрады. 2019 жылы Baltiachemi Эстондық өндірушісінің түпнұсқалық Solikloor түйіршігінің бағасы теңге бағамы бойынша бір килограммы 6 700 теңге. Жоғарыда көрсетілген сомаға бір тоннадан артық түйіршік сатып алынуы тиіс еді.

Бірақ сараптама банкілерге құрамында хлор бар, қолдан жасалған арзан сұйықтық құйылғанын анықтаған

«Дезэфект» ЖК мен «Гиппократ»ЖШС-ға қарсы істерді біріктірді. Алайда ол әлі күнге дейін өте нашар тексерілуде.«Аврора» Холдингінің заңды өкілі Әнел Шәкенова карантин кезінде де қол қусырып отырмады.

— Мен Медеу ауданының прокурорының атына Медеутаудандық ПБ-ның әрекетсіздігіне шағым жаздым, — дейді Әнел. — Сонымен қатар, біз бұл кәсіпорындардың іс-әрекеттерін алаяқтықтан да үлкен қылмыс деп есептейміз. Біз прокурордан ҚР ҚК 190-бабынан 222-бапқа (тауар таңбасын заңсыз пайдалану) ауыстыруды өтіндік.

Арызымыздің бір бөлігі 2020 жылдың сәуір айында қанағаттандырылды. Іс Алматы қалалық Экономикалық тексерулер департаментіне берілді

Уақыт болса өтіп жатыр. COVID-19 таралған кезде дезинфекциялау құралдарына сұраныс артты. Карантин кезінде осы ЖК мен ЖШС-ның жұмысын біреу бақылады ма, ол да белгісіз. Біздің холдингтің сарапшылары фальсификатты пайдаланудың  салдары туралы түсініктеме берді. Мұнда екі нәтиже болуы мүмкін: қол мен түрлі жанасатын жерлерді өңдеуден ешқандай әсер болмайды, немесе адамдарда ауыр, шокқа дейін апаратын аллергия туындайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз