Бүгін таңертең қала әкімшілігінің жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету бойынша жедел штаб Алматы қаласының аумағында карантин режимі сақталады деген мәлімдеме жасады.
— мемлекеттік және құқық қорғау органдары;
— коммуналдық қызметтер;
— өнеркәсіп;
— құрылыс;
— жобалық ұйымдар;
— жылжымайтын мүлік агенттіктері;
— ХҚКО (заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін);
— нотариустар;
— адвокатура;
— азық-түлік дүкендері мен базарлар;
— кафелер мен мейрамханалар (өзімен алып кетуге ғана болады);
— медициналық клиникалар;
— стоматология;
— зертханалар;
— дәріхана;
— көлік және логистика;
— дистрибуция;
— ЖҚС;
— онлайн жеткізу;
— Екінші деңгейдегі банктер және басқа да қаржы ұйымдары (50%-ға дейін);
— сақтандыру;
— ломбардтар;
— бизнеске арналған кәсіби қызметтер (консалтинг, аудит және бухгалтерлік қызметтер);
— ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
— азық-түлік емес дүкендер, жалпы ауданы 500 м2 дейін;
— ТҚС, көлік жуу және шиномонтаждау;
— шаштараз;
— фотосалондар;
— гүл павильондары;
— химиялық тазарту (кір жуу орындары);
— техника және аяқ киім жөндеу орындары;
— баспа үйлері;
— айырбастау пункттері;
— ветеринарлық қызметтер.
Қоғамдық көліктің жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады (сағат 06.00-ден 19.00-ге дейін).
Осыған байланысты азаматтарға карантин мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау керектігін ескертіледі. Карантинді бұзу (қызметті рұқсатсыз жүзеге асыру, оның ішінде жұмысқа шығу) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дербес және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.