Зерттеу барысында сұралғандардың басым көпшілігі өмір сүру деңгейіне риза емес екені анықталды, алайда олар шетелге емес, елдің басқа аймағына көшкісі келеді
Егер 2010 жылы сұралғандардың 72,2% ешқайда көшкісі келмейтінін айтса, 2020 жылы ондай адамдардың саны 10% азайған. Респонденттердің 62,7% тұрғылықты мекенжайын ауыстыруға дайын, олардың 10%-дан астамы Қазақстанның ішінде көшіп-қонуды қарастырады. Таяу және алыс шетелге шыққысы келетіндердің екеуі де 8%-дан келеді. Басым көпшілігі Ресей, Канада немесе АҚШ-ты таңдайды.
Көшу туралы шешім қабылдауға себеп болған мәселелер мынандай:
Салыстырмалы кеседен көріп отырғанымыздай, өмір сүру деңгейі төмен және болашағына алаңдайтын адамдар көшіп кетуге дайын.
Көбінесе жастар өзінің мүмкіндіктерін басқа жақта сынап көргісі келеді. Ал олар соңғы уақытта тұрғын үй мәселесіне қатты алайдайды
Бұған қатысты басқа бір зерттеудің деркетерін келтіре кетейік.
2020 жылы астаналық «Шаңырақ» тұрғын үй секторындағы қызмет көрсету және энергетикалық қызметтерді басқару субъектілерінің қауымдастығының тапсырысымен «Стратегия» қоры Қазақстан халқының арасында тұрғын үй саласына байланысты мәселелерді бағалау бойынша зерттеу жүргізді.
Кездейсоқ респонденттердан алынған сауалнама нәтижесі 2020 жылы олардың жартысы тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келетінін көрсеткен.
Бұл көрсеткіш 2010 жылғы мәліметтермен салыстырғанда өзгермеді десе де болады, сол уақытта жүргізілген зерттеу бойынша 55,3% болса, 2020 жылы 50,2%-ды құраған
Сауалнамаға қатысқандардың әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларына сүйеніп келесідей қорытынды жасауға болды:
Сұралғандардың үштен бірінің (37,7%) үйлері тар, тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келеді. Бұндай проблема облыстық маңызы бар қалаларда көбірек кездеседі. Сұранғандардың төрттен бірі 18 бен 34 жас аралығында, олар жақын туыстарымен бірге тұрады. Әр бесінші адам жалдамалы пәтерде тұрады. Респонденттердің 7,8%-ы өздері тұрып жатқан үйдің апатты жағдай екенін айтқан. Тұрғын үй қажеттілігі барлардың 4%-ы ведомствалық пәтерде тұрады.
Нәтижесінде сауалнамаға қатысқандардың 51%-ының басында үйі жоқ. 2010 жылы бұл көрсеткіш 46%-ды құраған еді.
Сарапшылар бұл көрсеткіштің өсуіне жастардың санының артуы себеп болған деп болжам жасады.
Алайда көрсеткіштер 10 жыл ішінде өзгермеген. Егер 2010 жылы үйдің апатты жағдайда тұрғанына респонденттердің 17,8%-ы шағымданса, қазір олар 10%-ға азайған. Бұл тұрғын үй қоры құрылымының жақсаруына байланысты деп отыр. 2020 жылы тұрғын үйді кеңейту проблемасы алға шыққан.