Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Анасы коронавирустың кесірінен тынысы тарылып, тұншыққан баласының видеосын жариялады

244

Аурухана палатасында жасалған бұл жазбада оның Линкольн деген төрт жасар баласы дем алуды қиындататын құрғақ жөтелден тұншығып, қолымен көзінің жасын сүртіп жатқанын көруге болады. Видео ауруханада жатқан бесінші күні түсірілген.

Циммерманның айтуынша, отбасы мүшелерінің барлығы оқшауланып, сақтық шараларын орындаған.

«Мен бұл вирустың өте қауіпті екенін қоғам жаппай дүрлікпей тұрып түсінгенмін. Мен балаларыма жолдың ағы бетіндегі көршілес достарына баруға да рұқсат етпедім», — дейді ол.

Дегенмен, 21 наурызда Линкольнде жеңіл жөтел мен тұмау секілді COVID-19-дың алғашқы белгілері пайда бола бастады. Бір аптадан кейін оның температурасы көтерілді. 28 наурызда  баланы қараған дәрігер вирустық инфекцияның әсерінен дамыған пневмония деген диагноз қойды.

Оны үй жағдайында емделуге қалдырды, тек екі күннен кейін демалысы қиындағанда ауруханаға жатқызды. Ауруханада жатқан екінші күні Линкольнің COVID-19-ды жұқтырғанын анықтады. Емдеу өз нәтижесін көрсетіп, бала жазылып шықты.

Циммерман ауырып жатқан баласының видеосын жариялап, басқаларға SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтырудың қауіптілігін және аурудың салдарының қандай болатынын көрсеткісі келді.

«Өтінемін, өздеріңізді қауіпті індеттен қорғап қалыңыздар, дендеріңіз сау болсын, бұл вирустың қауіптілігін түсініңіздер! Бей-жай қарамаңыздар!», — дейді америкалық өз жазбасында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз