Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Карантин кезіндегі басшылардың рейтингі: Тоқаев ипен Масимов көш бастап тұр

324
Сурет: Ақорда

«Стратегия»  Қоғамдық Қоры басқарушылардың кезекті рейтингін жариялады.

Пандемия және төтенше жағдай кезінде бұрынғыдан басқа талаптар қойылатыны түсінікті

Нәтижесінде рейтингтік позициялар да өзгерді.

Рейтинг  сарапшылардың әлеуметтік сауалнамасы негізінде жасалды. Басқарушылардың жұмысы үш критериймен жеті балдық шкала бойынша бағаланды:

  • жеке тұлға ретінде беделдік/ықпалдылық,
  • менеджер ретіндегі тиімділік,
  • саясаткер ретіндегі болашағы.

Жаңа жағдайда жаңаша жұмыс істеу керек

Әлеуметтанушылар бұрынғы атқарған жұмыстарына қарағанда қазіргі жағдайда қабылдаған шешімдері маңыздырақ болып отырғанын атап өтті. Әрине бұған пандемия да «ықпал етті».

— Төтенше жағдай, идеяларды жүзеге асыруға септігін тигізуі мүмкін,

«әрбір министр мен әкімнің жұмысының нәтижелігінің негізгі көрсеткіштері болуы керек»,

ал мемлекеттік органдардың жұмысы жедел және нақты нәтиже көрсетуі қажет. Мемлекет басшысы 2019 жылдың қыркүйек айында жасаған Жолдауында бұл туралы айтты, — дейді рейтинг авторлары.

Дегенмен, беделділік көрсеткіші өзінің маңызын сақтап қалған.

Осы критерий бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев айқын көшбасшы болып тұр (5,81 балл)

«Менеджер ретіндегі тиімділігі» критерийі бойынша 32 қатысушының бағасы жақсарған. Рейтингтегі орындарынан негізінене осы көрсеткіш әсер еткен.

Сонымен қатар,  Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2019 жылдың 4-тоқсанымен салыстырғанда өзінің көрсеткішін жақсартқан (+0,38 балл). Нәтижесінде ол 40 орыннан 26 орынға көтерілді.

— Сарапшылардың ортасында төтенше жағдайдағы Денсаулық сақтау министрінің қызметіне қатысты кереғар пікірлер пайда болдын. Біреулері

«Денсаулық сақтау министрі коронавирусқа білім беру жүйесіне қарағанда жақсырақ жауап қатты»

десе, басқалары «дағдарыс олардың бұрынғы қабылдаған шешімдерінің біліксіздігін, қазіргі қабылдаған шешімдердің түсініксіздігін, оларды нақты негіздей алмайтынын анық көрсетті», — дейді әлеуметтанушылар.

Мамин үкіметті алға «сүйреп жүр»

Тиімділіктің өсуі бойынша екінші орында премьер-министр Асқар Мамин (+0,34 балл) жайғасты. Егер 2019 жылы рейтингтегі позицияларының төмендегені байқалса, 2020 жылы министрлер кабинетінің басшысының жағдайды түзетіп, 3-ші орын алды. Оның «саясаткер ретіндегі болашағы» көрсеткіші бойынша да бағасы жоғарылаған.

— Сарапшылар Маминнің «стратег емес, бірақ күшті шаруашылық жүргізуші» және өз қызметі шеңберінде қызметін жүзеге асырып, өз орнында тұрғанын, «барлығын дұрыс істемесе де, үкіметті де  ТЖМК-ні алға сүйреп жүргенін» атап өтті.

Ары қарай Қасым-Жомарт Тоқаев (+0,25 балл). Бірақ ол барлық үш критерий бойынша жоғары баға алды. «Менеджер ретіндегі тиімділік» көрсеткіші бойынша  бағалары айтарлықтай көтерілген (+0,64).

Президент Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов 0,25 балл қосып, 15-тен 10-орынға көтерілді. «Менеджер ретіндегі тиімділік» көрсеткіші бойынша  бағалары біршама көтерілген.

— Сараптамалық ортада ол туралы пікірлер біржақты емес. Кейбіреулері оның «үлкен істерді шешуге араласпай, өзінің айналасындағы жағдайды сауатты басқарып, беделі артты» деп санайды, ал басқалары саяси ықпалы болмағандықтан  оның отставкаға кетуін күтуде, — деп жазады рейтинг авторлары.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевта + 0,23 ұпай бар .

— Министрдің лауазымының өзгермегеніне қарамастан,

сарапшылар ол туралы тиімді және болашағы бар саясаткердеген пікір білдіруде

(«өзінің алдындағы адамдардың қолы тимеген істермен айналысуда»).

Бірден бірнеше «ауыр салмақтағылар» орындарынан айырылып қалды

Рейтингтің алғашқы ондығында елеулі өзгерістер болды. Бірнеше «саяси ауыр салмақтылардың» беделділік және перспективалылық көрсеткіштері төмендеді. Бірінші ондықтан Қырымбек Көшербаев (11 орын), Болат Өтемұратов (14) және Бақытжан Сағынтаев (16 орын) кетті.

Бірінші және екінші орындарды Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов өзара бөлісті. Үшінші орында премьер-министр Асқар Мамин, бұл оның үкіметке басшылық еткен барлық уақыттағы ең жақсы рейтингтік жетістігі.

Парламент спикерлері Нұрлан Нығматулин (4,35 ұпай) мен Дариға Назарбаева (4,15 ұпай) рейтингтегі орындарын ауыстырды. Нигматулиннің бағасына жұмысының тиімділігі әсер етті («Денсаулық сақтау туралы Кодекстің қабылдануын» қатаң және сауатты басқара білді).

— Ең үздік ондықтың фиаскосы ретінде  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтың рейтингісінің 5-тен 9-орынға төмендегенін атап өтуге болады. Ал ең үздік ондыққа Ерлан Қошановтың қосылуы күтпеген жағдай болды, — деп атап өтті әлеуметтанушылар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз